«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет44/63
Дата05.03.2023
өлшемі465,86 Kb.
#71661
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
Байланысты:
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û

Жеке кәсіпкерлік – тіркеу және негізін қалау көзқарасы бойынша шағын бизнесті ұйымдастырудың ең жеңіл нысаны болып табылады. Себебі тіркеу үрдісі сертификатты кәсіпкердің атына толтыру мен тіркеу номерін алудан турады, бұл талаптар орыңдалғаннан кейін бизнес өзінің заңды түрдегі жұмыс істеу құқығын алады. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір артықшылығы бизнесті толығымен бақылау мүмкіндігі. Мұндай кәсіпорынды кез-келген уақытта бөліктеп, сондай-ақ бүтіндей сатуға болады. Сонымен бірге фирманың бағаланған құнына негізгі активтерден басқа фирманың имиджі, коммерциялық құпия объектілері және тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің (инвесторлардың) қалаулары сияқты сезілмейтін активтер де (Гудвилл) қосылады.
Кәсіпкердің өз қызметінің нәтижесіне деген шексіз жауапкершілігінің болуы жеке кәсіпкерлікте ең маңызды шарт болып табылады. Бұл тек кәсіпорынның тікелей қаржылық нәтижелеріне ғана емес, сондай-ақ өндірілетін өнім сапасына деген жауапкершілікті білдіреді. Жеке кәсіпкер кәсіпорынның берешектер үшін жеке активтерін қоса өзінің барлық мүлігімен жауап береді. Бұл фактордың қаншалықты сынды болуы бизнестің түріне және несие берушілер тарапынан жасалған қарсылықтардан өз меншігін қорғау мақсатындағы бизнесті тиімді сақтандыра алу мүмкіндігіне тәуелді. Егер кәсіпкер әлдеқашан фирмаға айтарлықтай қаржы салып қойған болса және өз меншігін несие берушілердің қарсылықтарынан қорғау жолын таба алса, онда ол кәсіпкерліктің осы түрін пайдалана алады. Бизнесті ұйымдастырудың бұл түрінің екінші кемшілігі жеке кәсіпкердің кәсіпорынның жұмыс істеуі мен өсуі үшін қажетті ресурстарының шектеулі болуы, себебі олардың тек өз қайнар көздеріне не қарыздарға сенім артуларына тура келеді. Жеке кәсіпорынға салық салынған кезде кәсіпкерлердің барлық кірісі, соның ішінде жеке кірістері салынатын салық сомасының құрамына кіреді. Кейде бизнестен түскен кірістер мен басқа көздерден түскен пайдаларды қосқан кезде кәсіпкер бизнестің басқа түрлеріне қарағанда салықты айтарлықтай көп мөлшерде төлеуі мүмкін. Көбінесе бұл кәсіпкерді өсу үстіндегі салық көлемін төлеу үшін өзінің жеке кірістерін пайдалануға не бизнестен айтарлықтай соманы шегеріп тастауға мәжбүр етеді. Екінші жағынан, егер бизнес алғашқы жылдары зиянға ұшырайды деп күтілсе, онда кәсіпкер бизнестің бұл түрін пайдалануда артықшылықтарға ие болуы мүмкін, себебі шығындар салық салынатын кірістің жиынтық көлемін азайтады.
Қазақстанда кәсіпкерліктің құқықтық түрлері проблемасы С.И.Климкинның еңбектерінде толығырақ талдап қорытылған. Заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ жеке кәсіпкерлік немесе азаматтардың (жеке тұлғалардың) кәсіпкерлік қызметтері шағын кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлерінің бірі болып табылады. Мұндай түрдегі кәсіпкерліктің ерекшелігі азаматтардың бастамалық қызметтерінің олардың жеке меншіктеріне негізделуінде және өз мағынасы бойынша коммерциялық болып табылады.
Алғашқы рет «Жеке еңбек қызметі туралы» КСРО Заңы жеке кәсіпкерлікке кен жол ашып берді, бірақ нарықтық механизмнің болмауы мен қоғамдық меншік жағдайында ол үлкен серпіліске ие бола алмады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету туралы» 1992 ж. 4 шітледегі Заңы, жеке кәсіпкерлікті реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады.
Бүгінде жеке кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың ең кең тараған түрі болып табылады. Бұл қызмет әсіресе заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ, сатып алынған патент негізінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Шет елдегідей біздің жеке кәсіпкеріміз де өз кәсіпорнының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз болып табылады. Заңды түрде бұл жеке кәсіпкердің тіркеуге алыну кезінде заңды тұлға ретінде саналуынан көрініс табады, яғни жеке меншік бизнеске тартылған меншіктен заңды түрде бөлектендірілмейді. Бұл өз кезегінде несие талаптары ұсынылған кезде кәсіпкердің барлық дүние-мүлкі, мүмкін болатын шығындардың астында қалатындығын білдіреді. Сондықтан кәсіпкерліктің мұндай түрі тек тәуекел деңгейі өте төмен болатын салаларда ғана ұсынылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет