Тауарлы өндірісі деп - өнімдер сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыстар рынок арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауарлы өндірісінің пайда болуының қажетті шарттары:
қоғамдық еңбек бөлінісі яғни, өндірушілердің белгілі-бір өнімдерді өндіруге мамандануы;
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі бар:
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды. Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды. Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оұшауланды және саудагер көпестер өмірге келді.
меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
Тауарлы өдіріс
Капиталистік тауарлы өндіріс
Жай тауарлы өндіріс
Тауарлы өдірісінің даму кезеңдері айырбастың, рыноктың дамуымен тығыз байланысты. Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше моделдері қалыптасады:
Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;
Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
Реттелетін нарыққа негізделетін тауар өндірісі;
Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.
1. Дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі (жай тауар өндірісі) – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншік болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негіделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан, жалпыға ортақ емес.
2. Еркін нарықтың тауарлы өндірісі (нарықтық экономика). Түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;
б) Қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды.
3. Реттелген нарықтың тауарлы өндірісі – экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болмауымен сипатталады.
Реттелген нарықтың тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:
а) Әлеметтік нарықтық шаруашылық
б) Аралас эконмика
в) Корпоративтік экономика.
4. Деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі – әміршіл-әкімшіл экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісінен дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білідіреді.
Бұл экономиканың екі ммоделі бар: жоспарлы дерективалық және нормативті.Нарықтық экономика моделін таңдау бұл ұлттық экономикаға мемлекеттің ықпал етуінің әдістер жүйесін таңдау.
Нарықтық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екені даусыз.