«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Нарықты экономикалық қызметіне байланысты-



бет24/63
Дата05.03.2023
өлшемі465,86 Kb.
#71661
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û

Нарықты экономикалық қызметіне байланысты- тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы, өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы, еңбек, инвестициялар, бағалы қағаздар, қаржы нарығы деп бөледі.

  • Географиялық жағдайына қарай-жергілікті, аймақтық, ұлттық нарығы деп бөледі.

  • Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты- жетілген бәсекелестік нарығы және жетілмеген бәсекелестік нарығы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық) деп бөледі.

  • Сала бойынша- автомобиль, астық, металл және т.б. нарыққа бөледі

  • Сатып өткізуге байланысты-көтерме және бөлшек сауда нарығы деп бөледі.

  • Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық және ресми емес нарық «Қара базар»



    Нарықтың субъектілері немесе онда әрекет ететін тұлғалар-үй шаруашылығы, фирма және мемлекет болып табылады.


    Нарықты шаруашылықтың объектілеріне жататындар: тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар, субсидиялар, әлеуметтік төлемдер және т.б.
    Әрбір экономикалық жүйеге тән: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Сұрақтарын нарықтық экономикада нарық төрт элементтің арақатынасымен шешеді.
    Нарықтық механизм дегеніміз-нарықтың негізгі элементтері:баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекетте болу механизмі.



    1. Нарық инфрақұрылымы. Қазіргі нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері

    Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады.
    Инфрақұрылым – бұл институттар(ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасынарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
    Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.
    Үш түрлі нарықтың инфрақұрылымының элементтері бар, олар: тауар, қаржы нарығы және еңбек нарығы.
    Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар- тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары т.б.
    Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
    Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер-еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары, жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер.
    Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық рыноктық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:
    - топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;
    - Бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;
    - өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;
    - акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер №қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;
    - коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акцианерлік негізде құрылуы керек;
    - коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық коньюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;
    - жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;
    - сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жүйесі жатады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет