«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағыЕi Сұраныстың табыстық икемділігі
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды. ∆ Q% ЕID = ────── ∆ J% Мұнда: ЕID - сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті. ∆Q % - сұраныстың өзгеруі, ∆J% - табыстың өзгеруі Егерде ЕID < О - бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды. ЕID >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар. Егерде О< ЕID < 1 – бірінші қажетті тауарлар ЕID > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары. Көптеген тауарларға ЕID – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаюы мүмкін. Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауарға деген бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және формула арқылы есептеледі: Мұнда: ЕхуD – қиылысқан икемдіділік коэффициенті; ∆ QX% – Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі, ∆ РУ%; – У тауар бағасының өзгеруі. Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуD > 0, онда Х және У – бірін-бірі алмастыратын тауарлар. Егер ЕхуD < 1, онда Х және У – біріне-бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады. Если ЕхуD <0, то товары Х и У –теріс сан болса, онда бірің-бірі толықтыратын тауарлар. жүктеу/скачать 465,86 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |