Өзіндік құн – ол өнімді өндірудегі және сатудағы шығынның барлық сомасының ақшалай көрінісі. Өзіндік құн – ол жеке өндіріс шығыны. Ескеретін мәселе, өзіндік құн тауар құнының нақты бөлігі емес, оның ерекшеленген бөлігі, Себебі құн мен өзіндік құнның арасында жеке шығын, жеке құн және баға бар. Сондықтын, өзіндік құн – жеке өндіріс шығынының және жеке құн бөлігінің ақшалай түрі.
Өзіндік құнның экономикалық категория ретіндегі мәні кәсіпорынның барлық шығындарын ақшалай түрінде жинақтап (аккумулировать) оны өтеу, ол жәй ұдайы өндірістің қайталануына қажет.
Шаруашылық тәжірибеде өзіндік құнның әртүрін пайдаланады. Олар: жеке және салалық, аймақтық (зона), өндірістік және коммерциялық (толық), жоспарлы және фактілік өзіндік құндар.
Жалпы өнімнің өзіндік құны шығын элементтерімен анықталады. Элементтері: шикізат, материал, отын, энергия, аммортизация, жалақы және т.б. ТМД және Батыс елдерінде өзіндік құнды есептегенде шығындарды тіке (тура) және қосалқы деп жіктейді. Тіке шығындарға өнім жасауға тікелей байланысты шығындарды жатқызады. Ал қосалқы шығындарға өнімнің бір түрін шығарғандағы кәсіпорынға қажет жалпы шығындарын жатқызады.
Өзіндік құнды бірлік өнімге есептегенді өзіндік құн калькуляциясы деп атайды. Шығындар калькуляциясын есептегенде элементтермен емес, шығын статьяларымен есептейді. Себебі, калькуляция статьясы жеке шығын элементтерін терең бөлікке бөледі. Мысалы: шикізат және материалдар әрі қарай жанар-жағар май, тыңайтқыш, ұрық, жем болып бөлінеді.
Өзіндік құн кәсіпорынның тиімділігін көрсететін қорытынды көрсеткіш. Кәсіпорын жұмысының нәтижесін жақсы немесе жаман деп сипаттау, ол өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, пайданы молайтуында немесе керісінше. Сондықтан өзіндік құнның деңгейін төмендету тікелей немесе қосалқы түрде өндірістің құндық көрсеткіштеріне әсер етеді. Ғылыми-техникалық прогрестің негізінде ол төмендейді, ресурстарды үнемдеу (шикізат пен материал шығындарының төмендеуі), өндірісті автоматтандыру және механикаландыру т.б. жағдайлар туғызады.
Жалпы қорыта айтқанда, өзіндік құнды бірқалыпты жүйелі түрде төмендету, кәсіпорын пайдасының жоғарылауының (көбеюінің) негізгі бағыты. Осыған байланысты дамыған елдердегі кәсіпорынның өндіріс шығындарын төмендету бағыттарын зерттеуі, экономикалық теорияның негізгі мәселесі болуы кездейсоқтық емес.
Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі: орташа тұрақты шығындар; орташа өзгермелі шығындар; орташа жалпы шығындар.
Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:
Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі. Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады. Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады. Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.) МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар, Q Q = өндірілген өнім саны. 3. АС = ТС , Q АС – орташа жалпы шығындар. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар. Q АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар. Q Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады: Жалпы табыс – ТR = PxQ Орташа табыс – АR = TR = P Q Шекті табыс – MR = ТR Q