Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері «Өндірістік және операциялық менеджмент» курсы өндіріс туралы, өндірістегі процестер мен олардың ұзақтығы туралы, өндірістің ерекшеліктері және олардың ел экономикасында алатын орны туралы түсінік береді.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты-студенттерді өндіріс жүйесін басқару саласындағы теориялық ж»не тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Пәнді оқу міндеттері:
Өндіріс процестерін ұйымдастырудың негізгі заңдарын оқып білу;
Негізгі және көмекші өндірісті басқару әдістері мен ұстанымдарын қарастыру;
Өндірістің техникалық дайындауын ұйымдастырумен танысу;
Пререквизиттер : Пәндi толық әрi жетiк игеру үшiн «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Микроэкономика», «Бизнесті ұйымдастыру» өндіріс теориясын, өндірістік жүйе түсінігін, өндрістегі процестер туралы түсінікті меңгеру қажет.
Постреквизиттер: Курста алынған бiлiмді болашақта үнемі жетілдіру мен өзін-өзі дамытуға, өзінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға ұмтылу; өзінің қадір-қасиеті мен кемшіліктерін сын тұрғысынан бағалауға, жолды белгілеуге және даму және кемшіліктерді жою құралдарын таңдауға дайын болуға дипломдық жұмысты қорғау. қолданады.
2.Оқытылатын пәннің 3 құзіреттілігі Оқыту нәтижелері:
Өндірістегі операциялық процестерін ұйымдастырудың негізгі заңдарын оқып білу;
Негізгі және көмекші өндірісті басқару әдістері мен ұстанымдарын қарастыру;
Өндірістің техникалық дайындауын ұйымдастырумен жасай алу.
Өндірістік процестерін ұйымдастыру кезеңдерін білу.