«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет3/5
Дата18.12.2023
өлшемі63,01 Kb.
#140473
1   2   3   4   5
Байланысты:
Вопросы ОЭП каз

Тауардың немесе қызметтің атауы 

+ Сіздің бәсекелестеріңізден артықшылығыңыз?

+ Неге?






6 тапсырма


Жобаның тиімділігін бағалау көрсеткіштерін есептеңіз:
А) өтелу мерзімі
Б) дисконтталған өтеу мерзімі;
B) рентабельділіктің орташа нормасы

I вариант

Инвестиция - 15 735 000 тг.

Жобаны жүзеге асыру кезеңі - 4 жыл

Таза ақша ағыны - 5 000 200 тг./ ай.

Ай сайынғы дисконттау мөлшерлемесі – 1,2%

7 тапсырма


Сіздің стартапыңыздың бөлігі ретінде өніміңіз үшін «4R» маркетинг моделін жасаңыз.

ӨНІМ («PRODUCT»)



ТАРАТУ («PLACE»)



БАҒАСЫ («PRICE»)



ЖЫЛЖЫТУ(«PROMOTION»

8 тапсырма


Жаңа өнім бірлігінің бағасы (Р) 450 теңге болса, жобаның залалсыздық нүктесін анықтаңыз. Жыл сайын жаңа өнімді шығаруға жұмсалатын ағымдағы шығындар (Z) -55 млн.теңге. жартылай тұрақты шығындар (Zc) -13 млн.теңге. Жылдық тапсырыс көлемі (V) -140 мың дана.

9 тапсырма


Өнімді сатудан түскен түсім - 1500 мың теңге; сатылған өнімнің өзіндік құны - 993 мың теңге; іске асырылмаған операциялардан түскен кірістер - 50 мың теңге, іске асырылмаған операциялардан түскен шығыстар - 74 мың теңге; материалдық құндылықтарды сатудан түскен пайда - 10 мың теңге. Баланстық пайданы анықтаңыз.

10 тапсырма


Келесі мәліметтер негізінде өнімнің рентабельділігін анықтаңдар: шығарылған бұйым саны 2000 дана, 1 бұйымның бағасы 6000 теңге, 1 бұйымның өзіндік құны 5000 теңге.
11 тапсырма
Келесі мәліметтер негізінде өнімнің рентабельділігін анықтаңыз:
Шығарылған бұйым саны -1800 дана
1 бұйымның бағасы – 60 мың тг
1 бұйымның өзіндік құны – 48 мың тг

12 тапсырма


Келесі мәліметтер негізінде өнімнің рентабельділігін анықтаңыз:
Шығарылған бұйым саны -1500 дана
1 бұйымның бағасы – 60 мың тг
1 бұйымның өзіндік құны – 48 мың тг

13 тапсырма


Инвестиция кірістілігін дисконттауды ескермей және ескере отырып келесі мәліметтер негізінде анықтау жолымен инвестициялық жобаға қаражат салудың өзіндік сипатын анықтаңыз: дисконттау коэффициенті – 0,15; жобаны жүзеге асырудың нольдік жылында инвестиция 600 мың теңге; жобаны жүзеге асырудан үш жылдағы нәтиже: 1 жылы – 210 мың теңге, 2 жылы – 220 мың теңге, 3 жылы – 400 мың теңге

14 тапсырма


Бір бұйымды дайындау уақытының нормасы 12 минут, еңбектің берілген күрделілігіне сағаттық тарифтік мөлшерлеме 500 теңге, бір айда – 24 жұмыс күні; ауысым ұзақтығы – 8 сағат, айына 1008 өнім шығарылды.
Анықтаңыз:

  1. айына өндіру нормасы (дана);

  2. бұйымға кесімді баға (теңге);

3) егер артығымен орындаудың әрбір пайызы үшін кесімді ставкалар бойынша кірістің 1,5 % төленсе, ай сайынғы кесімді еңбекақы мөлшері (теңге).

15 тапсырма


Жобаның тиімділігін бағалау көрсеткіштерін есептеңіз:
А) өтелу мерзімі
Б) дисконтталған өтеу мерзімі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет