«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Сұраныстың табыстық икемділігі



бет31/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
∆ Q%
ЕID = ──────
∆ J%
Мұнда: ЕID- сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті.
∆Q % - сұраныстың өзгеруі, ∆J% - табыстың өзгеруі
Егерде ЕID< О - бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.
ЕID>О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.
Егерде О<ЕID< 1 – бірінші қажетті тауарлар
ЕID> 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.
Көптеген тауарларға ЕID – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаюы мүмкін.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауарға деген бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және формула арқылы есептеледі:

Мұнда: ЕхуD – қиылысқан икемдіділік коэффициенті;
∆ QX% – Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі,
∆ РУ%; – У тауар бағасының өзгеруі.
Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуD> 0, онда Х және У – бірін-бірі алмастыратын тауарлар.
Егер ЕхуD< 1, онда Х және У – біріне-бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.
Если ЕхуD<0, то товары Х и У –теріс сан болса, онда бірің-бірі толықтыратын тауарлар.
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

Мұнда ЕPS- ұсыныс икемділігі; ∆Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі; ∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс;

  2. қысқа кезеңде – икемсіз ұсыныс

  3. ұзақ мерзімді кезенде- икемді ұсыныс)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет