«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет37/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның экономикасын реформалау мүмкін емес. Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992ж.), «Шағын кәсіпкерліктің даму белсенділігін және мемлекеттің қолдауын күшейту шаралары туралы» (1997ж.) «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997ж.), «2001-2002ж.ж. бағытталған мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті анықтайды.
Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі нарықтық экономикасы тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР-дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйесінің нарықтыққа қарай өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама- қайшылықтарға байланысты болды:

  1. Кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз қалыптасты.

  2. Жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені шаруашылық қызметтеріне, келісімшарттарға және бірлестіктерге бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін шешіммен тоқталып тастауға болмайтын, шаруашылық ұйымдастурыдың дәстүрлі әміршілік экономикалық монополиясы қарсы тұрды.

  3. Тауарлық-ақшалай айырбас қаржылық- кредиттік қатынастарының жетілмеуінен қатты қиындатылды (қолма- қол ақшаға айналдыру, проблемасы, төленбейтін төлемдер кризисі және т.б.), сондай- ақ, инфляцияның жоғары қарқыны.

Меншікті мемлекет тарапынан шығару және жекешелендіру елде кәсіпкерліктің әр түрлі мен нысандарының пайда болуына ықпал етті. ҚРның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанындағы шаруашылық серіктестігі, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив тәрізді кәсіпкерлік нысандары айқындалған. Республикада ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында негізі салынған жеке кәсіпкерліктің дамуы кең тарады. Шағын бизнесті дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде.
Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды.

Шығындардың құрылымы:



  1. Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.

  2. Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.

  3. Айналым шығындары– тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:





9.3. кесте.- Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.





Шығындар

Анықтамалары

Мысал

Тұрақты

Бұл өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар

1000 ақша бірлігі

Өзгермелі

Бұл өндіріс көлеміне байланысты шығындар

1400 ақша бірлігі, бір күнде 5 өнім шығарылды

Жалпы

Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы

1000+1400=2400 ақша бірлігі

Орташа

Әрбір өнім бірлігіне кеткен шығындар

2400/5=480 ақша бірлігі

Шекті

Әр жаңа өнім өндірілгенде жалпы шығынның өсуі

5өнім-2400, 6өнім-3000, мұнда қосымша 600ақша бірлігі





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет