Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді. Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті.
Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:
Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.
Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.
Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.
Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.
Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс-әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.
Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбек ақы алуы қажет.
Әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.