«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет43/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Акционерлік қоғам – акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық түрде болады.

Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,
Фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды.)

  • Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,

  • Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,

  • кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Серіктестіктің түрлері:

  • Толық серіктестік. Ол барлық мүшелердің толық мүліктік жауаптылығымен ерекшеленеді;

  • Шектеулі жауапкершілікті серіктестік (мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты, өздері қосқан салымдардың көлемінде тәуекел зияндарына жауап береді);

  • Аралас(командиттік) серіктестік (толық және шектелген жауапкершілігі бар, әріптестерді біріктіруші).

Акционерлік қоғамды ашық және жабық деп бөледі. Ашық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қоры нарықта акцияларын еркін сату жолымен қалыптасады. Жабық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қорын құрылтайшылардың акциясы есебімен қалыптастырады.
Осы көрсетілген кәсіпорындың негізгі формаларарымен қатар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындарда болады.
Акционерлік қоғамның оның жарғылық қоры мен бөлімшелерінің үлесіне тең көлеміне орай шығарылған және әр акционермен тең енгізілген қаржы көлеміне байланысты бөлінетін бағалы қағаздар акция деп аталады. Акцияға келетін табыс дивиденд аталады. Дивиденд мөлшері АҚ қызметі нәтижелеріне байланысты. Акцияның сату бағасы оның бағамы деп аталады.

9.2. кесте- Бөлу белгілері мен акциялар түрлері.





Бөлу белгілері мен акциялар түрлері

Нұскау сипаты бойынша

Шығарылым нысаны бойынша және айналым

Дауыс құқығын қамтамасыздандыру бойынша

Табыс мөлшері және алу сипаты бойынша

-атаулы
-ұсынушы

-Сертификаттық (материалдық ерекше құжат- сертификат ұсынылатын акциялар);
-Қолма- қол ақшасыз (қағаз нысанында АҚ есептік жазбаларында немесе компьютер жадында бар акциялар)

-Дауыс беретіндер;
-Дауыс бермейтіндер

-әдеттегі (дауыс құқығын беретін, алынған пайдаға сәйкес дивиденд әкелуі мүмкін дивидентердің иөлемінің мерзімін ұзарту мүмкіндігі)
- артықшылықты (дивиденттер уақытында төленеді,мөлшері бекітілген, дауыс беру құқығы жоқ)

Акционерлік қоғам акциялармен бірге облигациялар шығарады. Облигациялар– бұл қарыздық міндеттемелер. Облигациялардың акциялардан ерекшелігі– олар белгілі бір уақыттан кейін АҚ–ға қайтып оралады. Оған табыс белгіленген. Облигацияны сатып алушы оны алғаннан кейін кәсіпорынның бірге иеленушісі болмайды, тек оның кредит берушісі болады.


Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.


Бизнес –жоспардың негізгі бөлімдері:

  1. Мазмұны.

  2. Тауар.

  3. Нарық.

  4. Бәсеке.

  5. Маркетинг стратегиясы.

  6. Өндіріс жоспары.

  7. Ұйымдастыру жоспары.

  8. Нарықты бағалау және сақтандыру.

  9. Қаржылық жоспар.

Бизнес





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет