«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет36/58
Дата01.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#70959
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.

  • Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.

  • Айналым шығындары– тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

    Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:





    9.3. кесте.- Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.





    Шығындар

    Анықтамалары

    Мысал

    Тұрақты

    Бұл өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар

    1000 ақша бірлігі

    Өзгермелі

    Бұл өндіріс көлеміне байланысты шығындар

    1400 ақша бірлігі, бір күнде 5 өнім шығарылды

    Жалпы

    Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы

    1000+1400=2400 ақша бірлігі

    Орташа

    Әрбір өнім бірлігіне кеткен шығындар

    2400/5=480 ақша бірлігі

    Шекті

    Әр жаңа өнім өндірілгенде жалпы шығынның өсуі

    5 өнім- 2400, 6 өнім- 3000, мұнда қосымша 600 ақша бірлігі



    1. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

      1. Ө нім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелді:

    • орташа тұрақты шығындар АҒС;

    • орташа өзгермелі шығындар АVС;

    • орташа жалпы шығындар АТС =АҒС+АVС

    Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

    1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

    2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

    3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

      1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар

    МС есептеледі – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
    Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
    , TC– жалпы шығындар.
    2. – мұнда МС- шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.
    3. мұнда AТC– орташа жалпы шығындар.

    1. , мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.

    2. , мұнда: AVC – – орташа өзгермелі шығындар.

    3. , мұнда: АТС – орташа жалпы шығындар.

    9.4. кесте.- Тапсырма. Кестені толтырыңыз, қысқа мерзімдегі шығындарды есептеп шығару керек.





    Q

    FC

    VC

    TC

    MC

    AFC

    AVC

    ATC

    0

    50

    0

    50

    -

    -

    -

    -

    1

    50

    50

    100

    (100-50)/1-0=50

    50

    50

    100

    2

    50

    70

    120

    120-100/2-1=20

    25

    35

    60

    3

    50

    90
















    4

    50

    115
















    5

    50

    130
















    6

    50

    150
















    7

    50

    175
















    Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.




    Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және мөлшелрі (нормалды) пайда.
    Фирманың басты мақсаты- пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз- сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

    1. Жалпы табыс –

    2.Орташа табыс –
    3. Шекті табыс –
    Өз бизнесін жүргізуге мүдделі кәсіпкер одан ең аз дегенде белгілі бір табыс алуы қажет. Бұл қажетті ең аз табыс, қалыпты пайда болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерге өз ресурстарын баламалы пайдаланудан ала алатын, жіберіп алған табысының орнын толтыруы қажет. Қалыпты пайда өндіріс шығындарының элементтері болып табылады.
    Қалыпты пайданың үстінен алынған табыс, экономикалық немесе таза пайда ретінде көрінеді. Экономикалық пайда ретінде жалпы түсім мен толық шығын (сыртқылар және ішкілермен, анық және жүктелген) аралығындағы айырмашылық көрінеді.
    Бухгалтерлік пайда толық түсім мен фирманың сыртқы (бухгалтерлік) шығындары арасындағы әртүрлікті көрсетеді.
    Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.
    Жалпы өнім (Q)– өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.
    Орташа өнім (АР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады: , мұнда Ғ1-өзгермелі фактор.
    Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады: .


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет