«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет20/57
Дата01.11.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46756
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
ЭК-лекция

Құн заңы- бұл тауар өндірісінің дамуын басқаратын баға заңы. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі. Сонымен құн заңы дегеніміз баға заңы.
Экономикалық ғылымда XIX-шы ғасырдың екінші жартысында жаңа құн теориясы – шекті пайдалылық теориясы жасалынды. Оған ат салысқандар- ағылшын экономисі Уильям Джевонс (1835-1882жж), австрия экономистері Карл Менгер (1840-1921жж) және Ейген Бем-Баверк (1851-1914жж) болды.
Шекті пайдалылық теоиясы үшін құнды немесе «бағалылықты» субьективті қарастыру сипаты тән. Шекті пайдалылық теориясы австриялық мектептің негізін қалаушы Карл Менгер былай деген «бағалылық бұл пайымдау, ондағы шаруашылықтағы адамдар өзінің қаруындағы бар игіліктерге мән беріп, олардың өмірін және әл-ауқаттылығын қолдау үшін иеленеді, сондықтанда олардың ой-санасынан тыс өмір сүрмейді. Демек, «бағалылық»-бұл адамдардың субьективті пайымдауы және ол олардың сана-сезімінде ғана болады.
Ейген Бем-Баверг бағалылықты обьективті және субьективті мағанады айыра отырып, субьективті бағалылық «адам жағдайының дұрыс болуы көзқарасымен мәнді» екенін атаған, ол обьективті бағалылық – бұл «айырбасталу күшіне негізделген мәнділік». Бұл кезде субьективті бағалылық игіліктің сиректігімен, яғни қай бір игіліктердің қор мөлшерімен байланыстырылады. Е.Бем-Бавере былай жазған: «Бағалылық-заттың мөлшерінің шектілігінен байқатады, ол бағалылықтың болмауы – олардың артық екендігін көрсетеді» Е.Бем-Баверктің анықтауынша, заттың бағалылығы осы заттағы шекті пайдалылықтың мөлшерімен өлшенеді.
Бұл теорияның қолданылуының мәні мынады: қазіргі жағдайда шекті пайдалылық теориясы тұтынудың кейбір игілікті толықтыру дәрежесін анықтау үшін қолданылады. «Госсен заңына» сай қажеттілігі қанағаттандырылуына қарай толықтыру дәрежесі өседі., ал осы игіліктің пайдалылық мөлшері төмендейді.
Осы қажеттілікті қанағаттандыратын әрбір келесі игілік алдыңғыға қарағанда аз пайдалылыққа ие болады (Герман Госсен (1810-1859жж)- неміс ғалымы) .
Ағылшын экономисі Альфред Маршал (1842-1924жж) «экономикалық теорияның принциптері » кітабында «шекті пайдалылық теориясын» «сұраным мен ұсыным» және «өндіріс шығындары» теориясымен қосуға талпыныс жасады. Осының нәтижесінде ол экономикалық теориядағы құнның пайдалылыққа , сұраным-ұсынымға, шығындар мен бағаға өзара әсер етудің жалпы анықтамасына бұрылуды жүзеге асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет