Тақырып бойынша қосымша сұрақтар Меншікке деген құқықтарды атап олардың әрқайсысына сипаттама беріңдер.
Жеке және заңды тұлғалар арасында айырмашылық бар ма?
Мемлекетсіздендіру дегеніміз не?
Жекешелендірудің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңдар?
Қазақстан экономикасының дамуының болашағы?
Қоғамдық өндірістің нысандары. Ақша. Дәріс 4. Ақпараттық дәріс.
Натуралды шаруашылық: мәні және эволюциясы.
Тауарлы шаруашылығы: мәні және негізгі белгілері.
Тауар және оның қасиеттері. Құн теориялары.
Ақша. Ақшаның қызметтері. Ақшаның қасиетттері.
Дәрістің мақсаты: қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәнің ашу, тауар қасиеттерімен танысу, ақшаның айналым заңын ұғу.
Негізгі ақша жүйелері. Қазіргі заманғы ақша жүйесіндегі ақша эволюциясы. Баға құнның ақшалай көрінісі ретінде. Экономикадағы тенге: әлеуметтік-экономикалық салдары және болашағы.
Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды шаруашылық және тауарлы өндіріс.
Өндірісті ұйымдастырудың тарихи алғашқы экономикалық түрі – натуралды шаруашылықтан бастау алады. Адамдарды өнімдерді сатуға, нарыққа арнамай, оларды тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірумен байланысты натуралды шаруашылық деп аталады. Оның негізгі ерекшеліктері:
әмбебап қол еңбегіне негізделді, қоғамдық еңбек бөлнісін білмейтін және өз өнімдерін бір-біріне айыр бастамайтын алғашқы қауым халықтарында таза өмір сүрді.
өндіргіш күштері мен оларды ұйымдастыру дәрежесі қарапайым төмен болды;
өнімдер ғасырдан ғасырға бастапқы түрлерін өзгертпей, көлемдері ұлғаймай өндірілді.