«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет32/57
Дата01.11.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46756
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
ЭК-лекция

Жұмыс күші дегеніміз – адамның бойындағы белгілі бір тұтыну құндарын өндірерде оны өзі әрдайым іске қосып отыратын күш-қайрат және рухани қабілеттердің жиынтығы. Адамның еңбекке қабілеттілігі ретінде, жұмыс күші тарихи түріне байланыссыз қандай қоғамда болса да болады. Қай уақытта және қандай жағдайда жұмыс күші тауарға айналады?
Біріншіден, жұмыс кұші иесінің бас бостандығы болуы керек. Нарықта жұмыс күшінің иесі сатушы ретінде сатып алушы ретіндегі ақша иесіне қарама-қарсы тұрады. Жұмыс күшін сату-сатып алу қатынастарының сақталуы үшін, оның иесі өзінің еңбекке қабілеттілігін мәңгілікке емес, белгілі бір мезгілге ғана сатуы керек. Егер мәңгілікке сатса, ол ерікті адамнан құлға, тауар иесінен кәдімгі тауарға айналар еді.
Екіншіден, жұмыс күші, оның иесі өндіріс құрал-жабдықтарынан және күн көру қаражатынан айырылған күнде ғана тауарға айналады. Егер оның өндіріс құрал-жабдықтары болса, ол нарықта, өзінің жұмыс күшін емес, ұсақ тауар өндірушілер – шаруалар мен қолөнершілер сияқты өз еңбегімен өндірілген тауарларын сатқан болар еді.
Жұмыс күшінің – тауар ретінде екі қасиеті болады: жұмыс күшінің құны және тұтыну құны.
Жұмыс күшінің құны дегеніміз оны ұдайы өндіруге, оның үстіне қалыпты сапалы етіп, ұдайы өндіруге қажетті тіршілік заттарының құны болып табылады. Өндірістің дамуына, өндіріс құрал-жабдықтарының прогресіне байланысты жұмыс күші де өзгеріп отырады. Жұмысшының іскерлігі, шеберлігі, тәжірибесі күшейе тұседі. Адамның қажеттері де артады. Өндірістің әрбір даму сатысына өзіне тән жұмыс күшінің қоғамдық қалыпты сапасы сай келеді. Жұмыс күші құнының төменгі немесе минимальды шегі жұмысшының өмір сүруі үшін, оның еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті тіршілік заттарының құнынан құралады.
Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз – қосымша құн өндіру қабілеттілігі. Өндіріс иелерін қызықтыратыны да жұмыс күшінің дәл осы ерекше тұтыну құны.
Жұмыс күші тауардың тұтыну құны оны дәл пайдалануда, тұтыну процесінде көрінеді. Жұмыс күші тауарды тұтыну процесі дегеніміз – тауар өндіру, құн және қосымша құн өндіру процесі. Басқа тауарлардан өзгеше, жұмыс күші оны тұтыну процесінде құн өндіреді, өндіргенде, өз құнынан артық құн өндіреді. Жұмысшының, өзінің жұмыс күші құнынан артық өндірген құны қосымша құн болып табылады.
Сонымен, капиталдың әрбір бөлігі құн жасау процесіне әртүрлі қатысып, оның өсуіне (көбеюіне) әртүрлі үлес қосады. Осы сипатына байланысты К. Маркс капиталды екі түрге бөлді: тұрақты және өзгермелі.
Капиталдың, өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және еңбек процесінде өзінің құн мөлшерін өзгертпейтін бөлігін К. Маркс тұрақты капитал деп атады ( с-латын әрпімен белгіледі).
Капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін (өйткені жұмыс күші өз құнының эквивалентін өндіреді және оған қоса қосымша құн жасайды), бөлігін К. Маркс өзгермелі капитал деп атады (v-латын әрпімен белгіледі).
Тұрақты капиталдың құны, яғни пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарының құны, қайтадан тек даяр өнімде ғана бейнеленеді. Ал өзгермелі капиталдың құны сатып алған жұмысшы күшінің құнына тең құн, бастапқы алдын ала жұмсалған құнды өсіру мақсатына жұмсалады. Еңбек процесінде жұмысшы өзгермелі капиталдың мөлшеріне тең құн және қосымша құн жасайды. Қосымша құн, демек, өзгермелі капиталдың ғана қосқаны болып табылады.
Жаңадан өндірілген құн мөлшерін v+m формуласы арқылы көрсетуге болады, бұл жерде v – жұмыс күшінің қайта өндірілген құны да, m – қосымша құн.
Сөйтіп, кәсіпорындарда өндірілетін тауарлардың құны (w) мына төмендегі түрде болады: w=c+v+m.
Қосымша құн өндіруді нақты мысалмен қарастырайық.
Мысалы: тігін фабрикасы костюм тігеді делік. 1 костюмге кететін заттай шығын:
a) өндіріс үйлері мен ғимараттар (бір костюм тіккендегі) – 100 тенге;
б) машина және басқа еңбек құралдары (бір костюм тіккендегі) – 200 тенге;
в) шикізат (мата, жіп, электроэнергия және т.б) – 300 тенге.
Барлық заттай шығын – 600 тенге. Еңбек шығыны – жұмысшының (бір күндік) жалақысы – 200 тенге. Барлық заттай және еңбек шығыны = 800 тенге. 1 костюмді тігуге кеткен уақыт – 4 сағат. Жұмыс күні уақыты – 8 сағат. Демек, бір күнде екі костюм тігеді. Енді екінші костюмді тіккенде өндіріс иесі – 600 теңге заттай шығын жасайды. Себебі жұмысшыны жалдаған толық бір жұмыс күніне жалақы төлеген, екінші костюм тіккенде жұмысшыға жалақы төлемеуге құқылы. Бірақ жұмысшы (тігінші) екінші костюмді де тіккенде 200 теңгеге тең құн жасайды. Костюмнің бағасы 800 тенге – 600 тенге = 200 тенге (екінші костюмнен түскен пайда – қосымша құн). Екінші костюмді сатқандағы баға мен нақты шығынның айырмасы (200 тенге) қосымша құн болады (төленбеген еңбек).
Енді жұмыс күні екі бөлікке бөлінеді: қажетті және қосымша жұмыс уақыты. Біздің мысалымызда теңдей: 4 сағат қажетті жұмыс уақыт, 4 сағат қосымша жұмыс жұмсалады.
Қажетті жұмыс уақыты ішінде жұмысшы өзінің жұмыс күні құнының мөлшеріне тең (біздің мысалымызда 200 теңге) құн жасайды. Осы уақытта шығарылған өнімді қосымша өнім дейміз.
Қосымша жұмыс уақытта жұмысшы тегін еңбек етіп, қосымша (200 теңге) құн өндіреді. Осы уақытта шығарылған өнімді қосымша өнім дейміз.
Жұмысшының бір күн ішінде жұмсайтын еңбегі – қажетті және қосымша еңбек болып бөлінеді.
Қосымша құн өндірудің үш әдісі бар. Олар: абсолюттік, салыстырмалы және артық қосымша құн.
Абсолюттік қосымша құн – жұмыс күнінің ұзақтығын арттырып қажетті жұмыс уақытын өзгертпей бұрынғы қалпында қалдырады да, қосымша жұмыс уақтысын ұзартады. Жұмыс күнін шексіз ұзарту мүмкін емес, себебі тәулік 24 сағаттан тұрады, осыған байланысты жұмыс уақтысының екі шегі болады: төменгі және ең жоғарғы шегі.
Жұмыс уақытының төменгі шегі қажетті қосымша құн өндірудің көлемімен белгіленеді, яғни тарихи дамуға бағынышты өзгермелі шама.
Жұмыс уақытының ең жоғарғы шегі екі факторға байланысты:

  1. жұмысшыға жұмыс қабілетін қайта қалпына келтіру үшін демалуға, тамақ ішуге, ұйықтауға және табиғи қажеттіліктерін өтеуге уақыт қажет;

2) жұмысшыларға мәдени, рухани және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін уақыт қажет;

Салыстырмалы қосымша құн – қажетті жұмыс уақытын қысқарту және қосымша жұмыс уақытын соған сәйкес тиісінше арттыру арқылы алынатын қосымша құн. Қосымша құнның бұл түрі, тіпті жұмыс күні қысқарған жағдайда да орын алады. Алайда қажетті жұмыс күнінің қысқару мөлшері, жалпы жұмыс күнінің қысқару мөлшерінен көбірек болуы шартты жағдай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет