Экономика Жоғары Мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы Каталогының негізгі



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8284
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Экономика  Жоғары  Мектебінің  2016-2017  оқу  жылындағы  Каталогының  негізгі 

мақсаты  студенттерді,  оқытушыларды,  ЭЖМ-нің  әкімшілігін,  сондай-ақ  ЭЖМ 

ағымдық қызметі туралы ақпараттармен таныстыру болып табылады. Бұл каталог 

«бакалавр» академиялық дәрежесін және білім беру жүйесінің бағдарламалары 

туралы  ақпаратты  қамтиды.  Сонымен  қатар  2016-2017  оқу  жылының  оқу 

жоспарлары  мен ұйымдық құрылымдары туралы іс жүзіндегі  ақпарат беріледі. 

Университеттегі әр студент, оқытушы мен қызметкер каталогты мұқият меңгеріп, 

мұндағы берілген ережемен мен шарттарды мұқият сақтауы қажет. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

БӨЛІМ I – КІРІСПЕ 

 

Ұйымдастырушылық  құрылымы 

 

ЭЖМ Әкімшілігі 

 

 

БӨЛІМ II – АБИТУРИЕНТТЕРДІ ОҚУҒА 

ҚАБЫЛДАУДЫҢ  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕРІ 

МЕН ҚАБЫЛДАУ  РӘСІМІ 

 

Студенттерді  екінші курсқа ауыстыру 

ережесі 

 

Студенттерді  бір мамандықтан басқа 

мамандыққа ауыстыру ережесі

 

 

Халықаралық студенттерге  арналған 

оқуға түсу талаптары 

 

Жоғары экономика мектебінің 

ағылшын тілі  бойынша даярлық 

курстары 

 

Академиялық  күнтізбе 

 

 

БӨЛІМ III – ТҮЛЕКТЕР  КЛУБЫНЫҢ 

КОДЕКСІ 

 

 

БӨЛІМ IV – ЭЖМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 

 

Көшбасшылықты дамыту 

бағдарламасы қонақ дәріскерлері 

 

Өндірістік  тәжірибе  бағдарламасы 

 

A-Step to Graduate  бағдарламасы 

 

Маркетингтегі  қосымша мамандық 

бағдарламасы 

 

Бизнес және құқық сертификаттық 

бағдарлама   

 

Халықаралық қатынастар 

сертификаттық бағдарлама 

 

ЭЖМ-SolBridge қос диплом 

бағдарламасы (2+2)

 

 

 

БӨЛІМ V – БАКАЛАВРИАТ 

БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 

 

Экономика мамандығы бойынша 

Экономика және Бизнес Бакалавры 

 

Қаржымамандығы  бойынша 

Экономика және Бизнес Бакалавры

 

 

Есеп және Аудитмамандығы  бойынша 

Экономика және Бизнес Бакалавры

 

 

Менеджмент  мамандығы бойынша 

Экономика және Бизнес Бакалавры

 

 

Туризм Менеджменті   мамандығы 

бойынша экономика және бизнес 

бакалавры 

 

 

 

 

 

Психология  мамандығы бойынша 

Әлеуметтік  ғылым Бакалавры 

Аударма Ісі мамандығы бойынша 

Бакалавриат Бағдарламасы

 

 

Курс сипаттамасы

 

 

 

БӨЛІМ VI – СТУДЕНТТІК 

АССОЦИАЦИЯЛАР 

 

«NewArt»креативтік  тобы 

 

«ОРДА»пікірталас  клубы 

 

«Батыр Ұрпақ»жастар ұйымы 

 

«Жан шуақ»студенттік 

қайырымдылық ұйымы 

 

«ProEtContra»саяси пікірталас  клубы 

 

«КАЗГЮУ Times»студенттік  Баспасөз 

орталығы 

 

«КАЗГЮУ ВАА»вокалды-аспаптық 

ансамблі 

 

«КАЗГЮУ құрамасы»КТК командасы 

 

«Enactus KAZGUU»бизнес ұйымы 

 

«Билер Кеңесі»студенттік  өзін-өзі 

басқару жоғары кеңесі 

 

«КАЗГЮУ Ар Соты» 

 

 

БӨЛІМVII – ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 

 

Тіркеуші офисі 

 

Қоғаммен байланыс және 

маркетингілік  зерттеулер бөлімі 

 

Адам капиталын басқару және 

стратегиялық  даму басқармасы 

 

Құқықтық қамту басқармасы 

 

Қаржылық даму және бухгалтерлік 

есеп бөлімі 

 

КАЗГЮУ Университетінің  мұражайы 

 

Кітапхана 

 

Қауіпсіздік  қызметі 

 

Студенттердің  тұрғынжайы 

 

Медициналық  қызмет 

 

Студенттердің  тамақтануы 

 

Мүмкіндіктері  шектеулі  және 

айрықша қажеттіліктері  бар 

студенттерге  жасалған жағдайлар 

 

Білім  алушыларды  қолдау  

орталығы 

 

Контакты 

 

 

 

 

 

 

 



БӨЛІМ

 

I                                      К

 

І

 

Р

 

І

 

С

 

П

 

Е 

 

Экономика  Жоғары  Мектебінің  тарихыөз  бастауын  2004  жылдың  тамыз  айында  «Экономикалық 

пәндер»  кафедрасы  құрылғаннан  бастап  алады.  2005  жылдың  5  тамызында  «Экономика  және 

бизнес»  факультеті  құрылды,  оның  құрамына  «Экономика  және  менеджмент»  пен  «Қаржы  және 

статистика» кафедралары  енді. 

2012  жылдың  14  шілдесінде  «КАЗГЮУ  Университеті»  АҚ  басқарма  төрағасының  бұйрығымен 

Экономика,  бизнес  және  әлеуметтік  ғылымдар  Жоғары  мектебі  құрылған  болатын,оның  құрамы 

келесідей көрініс  тапты: 

1) «Қаржы  және есеп» кафедрасы; 

2) «Экономика, менеджмент  және туризм»кафедрасы; 

3) «Әлеуметтік-психологиялықпәндер»кафедрасы; 

4)  «Гуманитарлықжәне  жаратылыстану  ғылымдары»кафедрасы  (2013  жылдан  «Қазақстан  тарихы 

және жалпы білім  беру пәндері»). 

2014  жылдың  қыркүйегіндеЭкономика,  бизнес  және  әлеуметтік  ғылымдар  Жоғары  мектебі  была 

Экономика Жоғары Мектебі  болып қайта құрылды,  біріктірілді: 

1) «Қаржы,  есеп және аудит» кафедрасы; 

2) «Экономика, менеджмент  және туризм»кафедрасы; 

3) «Әлеуметтік-психологиялықпәндер»кафедрасы. 

4)2015-2016  оқу  жылдарының  басындаЭкономика  Жоғары  Мектебіне  «Аударма  ісі»  кафедрасы 

енді. 


 

Мектептің  миссиясы 

Экономика  Жоғары  Мектебі  экономика,  қаржы,  есеп  және  аудит,  менеджмент,  туризм, 

психология  және  аударма  ісі  саласында  сапалы  білім  беруді  ұсынады.  Біз  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  интеграция  арқылы  үнемісыни  ойлауды  игергенжәне  ақпараттар  легінде  бағытталуға 

қабілетті  мамандарды  даярлау  мақсатында  біздің  қызметкерлердің  кәсіби  дамуы  және  жұмыс 

берушілер  мен  басқа  да  стейхолдармен  тиімді  ықтымақтастық  арқылы  біздің  бағдарламалардың  

академиялық сапасын арттырып  отырамыз.  

 

Мектептің  пайымы 

2019  жылға  қарай  КАЗГЮУ  Университетінің  Экономика  Жоғары  Мектебіәлемдік  деңгейде  білім 

беруді  ұсынатын  және  Қазақстан  нарығында  100%талап  етілген  түлектерді  дайындайтын 

Қазақстанныңкөшбасшы бизнес-мектептерінің  бірі болу.  

 

Мектептің  мақсаттары 

1. Академиялық  сапаны арттыру. 

2. Халықаралық  аккредитацияға дайындық. 

3. ПОҚ ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  дамыту. 

4. Кадрлық потенциалды арттыру.   

5. Мектептің  академиялық беделін нығайту.  

6. Мектепті  брэндтеу. 

 

Мектептің  міндеттері 

— Жұмыс берушілердің  оқу бағдарламаларын тануы, халықаралық білім беру бағдарламаларына 

бағдарлау; 

— Оқу бағдарламаларыныңхалықаралық  стандарт талаптарына бағдарлануы

— Кейстік технологияларды оқу барысында қолдану; 

— Сабақ өткізуге  тәжірибеден  тұлғаларды шақыру; 

— Силлабустарға сәйкес оқуда қол жеткізген нәтижелерге  талдау; 

— Үш тілде сабақ беру; 

—Академиялық  еркіндік  қағидаларына біртіндеп  сатылы көшу; 

— ECTS технологияны ендіру; 



 

 



—Академиялық  бағдарламалардың тәжірибелік  бағдарларын нығайту; 

— Халықаралық  байланысты кеңейту:  халықаралық студенттер,  оқытушыларды  жұмылдыру,  қос 

диплом бағдарламасын дамыту,  кітапхана қорын кеңейту; 

— Студенттердің  қолданбалы және зерттеушілік  құзіреттерін  дамыту; 

— Шақырылған оқытушыларды,  практиктерді,  сарапшыларды  тарту; 

— Түлектермен  байланыс және жұмысқа  орналасу бағытында жұмыстарды  күшейту; 

— Жұмыс берушілермен  ынтымақтастық пен серіктестікті  нығайту;  

— Академиялық  үрдістің сапасына кепілдік  (Qualityassurance); 

— ПОҚ жетекші  шетелдік  ғылыми басылымдарда  және рейтингі жоғары журналдарда 

жариялымдар  дайындау бойынша қызметтерін  бағалау; 

— Ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру  және өткізу; 

— Студенттерді  зерттеу жобаларына тарту; 

— ПОҚтанымалхалықаралық  кәсіптік  сертификация алуға ынталандыру; 

—Оқу үрдісіне  жетекші  шетелдік  университеттердің  түлектерін,  сонымен 

қатарсертификацияланған мамандарды  тарту (АССА,  DipIFR,  CFA, PMI,  CIPD, CIL және басқалары); 

— ПОҚ халықаралық білім беру жобаларына, шәкіртақы  мен бағдарламаларға қатысуға 

ынталандыру; 

— Түлектер  Клубын дамыту; 

— Халықаралық  деңгейде іс-шаралар өткізу:Экономистер  Клубы, Түлектер  Клубы, 

Көшбасшылықты  Дамыту Бағдарламасы, A-SteptoGraduate  Бағдарламасы, Бүкіләлемдік 

Экономикалық Жастар Форумы. 

Кафедралар  тізімі: 

  - «Экономика, менеджмент  және туризм»  кафедрасы; 

  - «Қаржы,  есеп және аудит» кафедрасы; 

  - «Әлеуметтік-психологиялық  пәндер»  кафедрасы; 

  - «Аударма  ісі» кафедрасы. 



 

ЭКОНОМИКА  ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ  ӘКІМШІЛІГІ 

 

Гимранова Дильбар Досмаиловна, MBA, M.Phil.,  Экономи Жоғары Мектебінің  Директоры. 

Наметша  Асхат  Сержанұлы,  «Экономика,  Менеджмент  және  Туризм»  кафедрасының 

меңгерушісі. 



Токтабаева Айжан Муратовна, «Қаржы,  Есеп және Аудит»  кафедрасының  меңгерушісі. 

Тилеукулов  Мухтар  Сейдуалыевич,  «Әлеуметтік-психологиялық  ғылымдар»  кафедрасының 

меңгерушісі. 



Кашкенова Айжан Мейрамжановна, «Аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі. 

 

 



БӨЛІМ II         А

 

Б

 

И

 

Т

 

У

 

Р

 

И

 

Е

 

Н

 

Т

 

Т

 

Е

 

Р

 

Д

 

І

 

   О

 

Қ

 

У

 

Ғ

 

А  

                        

Қ

 

А

 

Б

 

Ы

 

Л

 

Д

 

А

 

У

 

Д

 

Ы

 

Ң

   

 Ж

 

А

 

Л

 

П

 

Ы

   

  

         

Е

 

Р

 

Е

 

Ж

 

Е

 

Л

 

Е

 

Р

 

І

  

 М

 

Е

 

Н

  

 Қ

 

А

 

Б

 

Ы

 

Л

 

Д

 

А

 

У

  

 Р

 

Ә

 

С

 

І

 

М

 

І

 

 

Экономика  жоғары  мектебі  (ЭЖМ)  болашақта  кәсіби  білім  аясында  биік  нәтижелерге  қол  жеткізе 

алатын  жоғары  академиялық  үлгерімді  абитуриенттер  қабылдауды  жөн  санайды.  Осыған 

байланысты  Экономика  Жоғары  мектебі  халықаралық  және  ҚР  Білім  және  Ғылым  Министрлігі 

стандарттары негізінде абитуриенттерді  оқуға қабылдаудың негізгі ережелерін  әзірледі. 

Абитуриенттің  жауапкершілігі 

Экономика  жоғары  мектебінің  абитуриенті  мектептің  ережелеріне  және  таңдалған  курс 

бағдарламаларының  талаптарына жауапкершілікпен  қарауға міндетті. 

 

Экономика  жоғары  мектебіне  абитуриенттерді  бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  қабылдау 



рәсімі төмендегідей: 

1.  Абитуриент  КАЗГЮУ  Университетінің  қабылдау  комиссиясына  қажетті  құжаттарды  тапсыруы 

қажет.  

2. Абитуриент ЭЖМ  білім беру бағдарламасының: 

- ағылшын тілінен оқуға түсу емтиханын 

-мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханын (Математика/Ағылшын  тілі) 

тапсыратын талаптарына сәйкес келуі  керек. 

Бакалавриаттың  барлық  бағдарламасы  бойынша  ЖООда  оқу  үшін  тапсырылатын 

құжаттар тізімін  ҚР Білім  және ғылым министрлігі  бекіткен 

Экономика жоғары мектебіне тіркелу  үшін абитуриент мына құжаттарды  тапсыруы  тиіс: 

- бекітілген үлгіде  толтырылған өтініш; 

- орта мектепті  бітіргені  туралы диплом (түпнұсқа); 

- 3х4 көлемдегі  6 фотосурет; 

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиялық  сурет қоса беріледі); 

- орта мектепті  бітіргені  туралы дипломның  қосымшасы (түпнұсқа); 

- ҰБТ (ЕНТ) (немесе КТ) сертификаты (50  баллдан төмен емес); 

-  университетке  түсу  мақсаты  туралы  эссе  (250-300  таңба,  тек  «Аударма  ісі»  мамандығына 

түсушілер  үшін); 

- сұхбат (тек «Аударма  ісі» мамандығына түсушілер  үшін); 

- білім гранты берілгені туралы  куәлік  (бар болса); 

- жеке куәліктің  көшірмесі  (өзімен бірге  құжаттардың  түпнұсқаларын алып жүруі  қажет); 

- тіркеу  куәлігінің  немесе әскери билеттің көшірмесі  (ер  балаларға). 

Барлық  қажетті  құжаттарды  уақытылы  тапсырмаған  студенттер  Университет  қабырғасына 

қабылдана  алмайды.  Сол  себепті,  ресми  қажет  етілген  құжаттар  уақыты  тапсырылған  жағдайда 

ғана  студенттер  Университетке  қабылданады.  Барлық  студенттерге  ЭЖМ  кіріспе  емтиханын 

тапсыру ұсынылады (1- кестені қараңыз). 



Экономика  жоғарғы  мектебі  білім  беру  сапасын  жақсарту  және    ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  стандарттарымен  сәйкестік  мақсатында  мектеп  мамандықтарына 

тіркелу  үшін өз талаптарын әзірледі:  

 

Кесте  №1a. ЭЖМ-ға оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін өтініштер  қабылдау мерзімі 

 

Оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін өтініштер 



қабылдау 

20 маусымы-24 тамызы 

Қабылдау емтиханы (Барлық мамандықтар үшін 

ағылшын тілінен Эссе және «Аударма  ісі» 

мамандығы үшін әңгімелесу) 

11 -16 шілдесі 

Жеделдетілген  курстаржәне  емтихан 

18 шілдесі-24 тамызы 

Бірінші курсқа  қабылдау 

28 тамызы 



 

 



Ағылшын тілі  бойынша қойылатын талаптар 

 

Экономика  жоғары  мектебіне  оқуға  түсу  үшін  қажетті  басты  талаптардың  бірі  -  ағылшын  тілін 



меңгерудің  қажетті  деңгейі.  Осыған  байланысты  барлық  абитуриенттер  2016  жылғы  11-16  шілде 

аралығында  ағылшын  тілінен  арнайы  емтихан  тапсыруы  қажет  немесе  3-бетте  көрсетілген  ЭЖМ-

ның талаптарына сәйкес келетін ағылшын тілін білетіні жөніндегі  құжаттарды  тапсыруы  керек.  

 

5В050600  Экономика,  5В050900  Қаржы,  5В050800  Есеп  және  аудит,  5В050700  Менеджмент, 



5В090200  Туризммамандықтары бойынша оқуға түсу үшін қойылатын талаптар 

 

Экономика  жоғары  мектебінің  5В050600  Экономика,  5В050900  Қаржы,  5В050800  Есеп  және  аудит, 



5В050700  Менеджмент,  5В090200  Туризм,    5В050300  Психология  мамандығына  тапсыратын 

абитуриенттер  ҰБТ/КТ  нәтижелері  бойынша  «Математика»  пәнінен  жинаған  ұпай  санын  ескеру 

керек: 

 

-  5В050600  -  Экономика,  5В050900  –  Қаржы,  5В050800  -  Есеп  және  аудит  мамандықтарына  12 



немесе одан да көп  балл жинаған жағдайда құжаттарды  өткізе  алады. 

 

-  баллдары  7-ден  12-ге  дейін  және  одан  жоғары  болса,  абитуриент  5В050700  –  «Менеджмент», 



5В090200  - Туризм бағдарламалары бойынша студент қатарына  қабылданады. 

 

Ескерту:  Егер  абитуриент  4  балл  мен  7  балл  арасында  жинайтын  болса,  онда  ол  5В020700-

Аударма  ісі  және  5В050300  -  Психология  мамандықтарына  қабылдануы  мүмкін  (мамандық 

пәндері бойынша жақсы көрсеткіштері  болған жағдайда ғана). 

 

Егер  абитуриент  ҰБТ/КТ  нәтижелері  бойынша  «Математика»  пәнінен  7-ден  12-ге  дейін  балл 

жинаған  болса  және  5В050600  –  Экономика,  5В050900  –  Қаржы,  5В050800  –  Есеп  және  аудит 

мамандықтарына түсуді жоспарлаған болса, онда ол: 

-

 

КАЗГЮУ  Университетінде  оқуға  дайындық  кезінде  ЭЖМ-ның  дайындық  орталығында  ақылы 



негізде  «Математика»  пәні  бойынша  6  апталық  жазғы  курстан өтіп, аталған пән  бойынша КАЗГЮУ 

Университетінде  1-курста  біліктілік  өткізілетін  емтиханға  қажетті  деңгейді  меңгеріп  алуына 

болады,  сонымен  қатар  КАЗГЮУ  Универсиеті  ЭЖМ-ның  дайындық  орталығында  ақылы  негізде 

«Математика»  пәні бойынша (60 сағат) 6 апталық қосымша курстан өтіп, осы пән бойынша қажетті 

деңгейді алуына болады. 

 

5В050600  Экономика,  5В050900  Қаржы,  5В050800  Есеп  және  аудит,  5В050700  Менеджмент, 



5В090200  Туризм,  5В050300 Психология мамандықтары бойынша ағылшын тілінде оқуға түсу 

емтихандары 

 

Абитуриенттер  Экономика  жоғары  мектебінің  5В050600  Экономика,  5В050900  Қаржы,  5В050800 

Есеп  және  аудит,  5В050700  Менеджмент,  5В090200  Туризм,  5В050300  Психология  мамандығына 

тапсыратын  болса,  міндетті  түрде  ағылшын  тілінен  емтихан  тапсыруы  тиіс    (№  1б-кестні  қараңыз) 

немесе КАЗГЮУ Университетіне 3,0 тең IELTS сертификатын  тапсырады. 

Ағылшын тілінен емтихан 2016  жылғы 24 тамызда өтеді  

Ағылшын  тілінен  емтихан  нәтижелері  бойынша  әрбір  бакалавриат  бағдарламасында  мынадай 

топтар құрылады   (№1б-кестені  қараңыз). 



- БІРТІЛДІ топтар (қазақ/орыс) – барлық сабақтар тек бір тілде жүргізіледі  (орыс немесе қазақ). 

-  КӨПТІЛДІ  топтар  –  пәндер  бойынша  сабақтар  пәндердің  ерекшелігіне қарай тек бір тілде (қазақ, 

орыс не ағылшын тілдерінде)  жүргізіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет