Экономикалық мазмұнды есептерді математикалық модельдеу в. А. Мамаева



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі54,24 Kb.
#47258
1   2   3
Байланысты:
annotation82114

Мысал. Қойма жасау үшін 80 метр тормен жердің ауданын барынша үлкен тіктөртбұрышты етіп қоршау керек. Қоршалатын жердің өлшемдерін табыңдар.
Шешуі:


I саты (қалыптастыру). Объектінің математикалық моделін құрамыз. Тіктөртбұрыштың ұзындығын метр деп белгілейміз де, (40-х) метр деп тіктөртбұрыштың енінің ұзындығын аламыз, сонда тіктөртбұрыш ауданы мына формуламен анықталады:

Есептің математикалық моделі алынды.
ІІ саты. (Есепті модель ішінде шешу). Алынған тәуелділіктің
графиктік сызбасын тікбұрышты координат жүйесінде (Х0S) саламыз. График тармақтары төмен бағытталған парабола, себебі ал параболаның төбесінің координатасы мына формуламен есептеледі

Бұдан болғанда, функциясының ең үлкен мәні 400-ге тең болатынын көруге болады.
ІІІ саты (түсінік беру). Нәтижені математикалық тілден есептің табиғи тіліне аударамыз. Қойманың бір кабырғасының ұзындығы 20 метр болса, онда екінші қабырғасының ұзындығы . Олай болса, қойма ауданының ең үлкен мәнін ол квадрат формалы болғанда ғана қабылдай алады.
Сонымен, математикалық модельдеу экономикалық мазмұндағы есептерді шешу құралы болады деген тұжырым жасауға болады.
- Математикалық біліктер мен дағдылар есептеумен тікелей болсын тікелей болмасын байланысқан оқу тапсырмаларын орындау процесінде қалыптасады. Мұндай есептер мәтінді есептер және экономикалық мазмұнды есептер болуы мүмкін. Экономикалық есептерді шешу процесіне жасалған талдау оны шешу жоспарын жүзеге асыру жолдарын іздестіру кезеңіне мектеп курсының мәтінді алгебралық есептерін шешу сатылары сәйкес келетінін көрсетті.
Экономикалық мазмұндағы есептерді шығару математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, алған білімдерді еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен қолдана білуге көмектеседі. Алуан түрлі экономикалық мазмұнды есептер шығару үстінде, қаржы, еңбек, пайда, рентабельдік, өзіндік құн, еңбек өнімділігі, рынок және т.б. ұғымдармен танысуға болады. Бірден бір маңызды экономикалық ұғым қатарына өндіріс тиімділігі деген түсінік жатады.
Өндіріс пайдалы өнім шығару процесі. Өндіріс тиімділігі – ол еңбектің ең жоғарғы нәтижесінде жоспарланған бағдарламалардың орындалуы арқылы жетуді түсіндіреді. Ауыл шаруашылығы өндірісін жолға қоюда жалпы табыс және тауар өнімі терминдер арқылы есептер құрастырылады.
Жер қаншалықты тиімді пайдаланылады, жердің шығымы қаншалықты өнім береді, еңбек етушілер қандай жолдармен ысырапсыз егінді жинап ала алады, осының барлығы құрастырылатын есеп мазмұнына ендірілуі арқылы экономикалық ұғымдарды терең түсінуге жол ашады.
Есептердің шартында теориялық немесе практикалық маңызы бар сұрақ туатын қандай бір болмасын ситуация баяндалады. Есептердің мақсаты алған білімдерді практикада қолдануға үйрету және әрі қарай дамыту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін экономикалық мазмұнды математикалық есептерді қарастыру, оларды шығарудың әдіс-тәсілдерін үйрету, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру қажет. Есеп шығару барысында экономикалық ұғымдардың мағынасы ашылып, нақтыланады.
Экономикалық мазмұнды математикалық есептердің шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім қабылдауға, еңбек өнімділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді іздеп табуға баулиды.
Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс орындарында ғана емес жеке отбасы өмірінде де түрлі киыншылыққа кездесуге болады. Осы жағдайлар оқушыларды бұйымдардың, ақшаның және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді.
Практикада жиі кездесетін жәй, әрі өзекті мәселелердің бірі – көлік тасымал мұқтаждығы. Көлік – қатынас құралдарын оңтайлы пайдалану, жүктің түрлерін дұрыс тандауға, көліктің жүкке лайықтығына тығыз байланысты. Жалпы жүк тасу жұмысы – негізгі өндіріс үрдісі. Олар еңбек пен құралдардың қатыстарымен бірге күш қажет етеді. Еңбек өнімділігін арттыру, тасымалдың өзіндік құнын төмендету, шаруашылықтағы жүк тасымалы жұмыстарының ғылыми ұйымдасуына, жалпы мекемедегі ішкі-сыртқы жағдайға тығыз байланысты.
Өнімділік – бұл еңбектің нәтижелілігі. Бұл уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігі тек еңбекке ғана емес, сондай-ақ техникалық прогреске байланысты.
Уақытты үнемдеу үшін өндіріс өнімділігін, техникалық прогрестің шапшаңдылығын арттыру, қорларды дұрыс пайдалану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру қажет. Еңбек өнімділігі артқан кезде өнім бірлігін шығаруга кеткен еңбек үлесі қысқарады да, еңбекпен салыстырғанда өндіріс құралдарының үлесі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет