Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.
Экономикалық өсудегеніміз- бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму- бұл көп өлшемді процесс, ол өз құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістерді қосады. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:
1. Экономиканың дамуының бастапқы деңгейi (мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін);
2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі;
3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;
4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюнктурасы.
Экономикалық даму оң және теріс экономикалық динамикалыболуы мүмкін. Ал, экономикалық өсу осы экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.
Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.
Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып), екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жаңарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін құрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу қайтадан дағдарысқа түсу процестері болады.
Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді.
Көтерілу ждеңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың жоғары мен сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен (перенасыщения), тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.
Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.
Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастар мен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру арасындағы тұрақты қарама – қайшылық ретінде негіздеген. Индустрия қоғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К. Маркс циклдер себептеріде жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп - жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарын-дағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты. Индустриялық қоғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты (антогонизмді), маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі - бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғаттын толық түсіндіре алмады К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган - Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк , Дж. Кейнс, М. Миллер, И. Шумпетер және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалық циклдерді зерттеуге арналған.
Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық процестер теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н. Кондратьевтің, К. Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған. Шумпетер экономикалық жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған.
П.Самуэльсон өзінің “Экономика” кітабында экономикалық өмірдің барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп - үйренуді ұсынады.
Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек “технологиялық” себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті – салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың “бейнесі” өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары “өркендеу” мен “тоқырау” шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын “буырқаныс”, “қысқару”, “құлдырау”, “көтерілу” циклы деп аталады.