Интерактивті оқыту технологиясының мақсаты мен міндеті,тиімді жағы мен ерекшелігі
Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен студент пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетіс- тіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары
Орта қалыптастыру
Өзінділікпен дербестікке баулу
Әрекет арқылы үйрету
Өмірмен байланыстыру
Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары:
Студенттер арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату;
Студентке білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу;
Студентке қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру;
Интерактивті әдіс кезінде:
- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым қатынас орнайды;
- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
Мұғалім-мен
өзге балалар-мен
шағын топтар-мен
белгілі бір топпен, аудиториямен
кейбір техника түрлерімен
Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:1) олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады; 2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады; 3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады; 4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:
фактілер-ді еске алу
ойлану
алған білімін жаңа жағдайға пайдалану
талдап, синтездеп үйрену
баға беру
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы: -тұлғаның қызығушылығын туғызады; -әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; -әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады; -оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; -тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; -тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; -мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады:
Кейс-стади
Іскерлік, рөлдік ойындар
Тестілеу
PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі
TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі
Топтық дискуссия әдісі
Миға шабуыл әдісі
Тренинг
Білім беру үрдісін ақпараттандыру
Қорытынды
Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу -тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты.Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды.Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Құлжанова Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушысы Аубакирова Толкын Утешовна