Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері Дайындаған СЭ-18-1 студенті:Тұрғанбай Қалтай Тексерген: Карашаев Досан Жоспар: - Экономикалық теория пәні.
- Экономиканың зерттеу әдістері.
- Экономикалық теорияның функциялары.
Экономикалық теория Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм
Физиократизм
Классикалық саяси экономия
Неоклассикалық теория
Институционализм
Кейнсиандық мектеп
Экономикалық қажеттілік
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады.
Экономикалық қажеттілік түрлері
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар.
Экономикалық игіліктер
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдістер
|
Жеке әдістер
| - Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.
- Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.
- Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.
- Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.
- Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.
Эксперимент, гипотеза және т.б.
|
Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.
| Экономикалық заңдылықтар
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.
3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
Макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |