Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері


Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы



бет73/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шараларджың аса маңызды мақсаты болып табылады. Төтенше жағдайларды ескерту және іс әрекеттер жөніндегі республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабылетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп – экологиялық апат қаупі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жоюлыда. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілерімен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуіндегі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайларды, сондай ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып халықты қорғаудың негізгі принціптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.


Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:
- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту; 
- гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;
- көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте ТЖ болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;
- қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;
- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;
- арнайы уәкілдік берілген органдардың міндетті күші бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар. 
Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтөнше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.
Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің күрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.
Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.
Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.
Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен. Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың сан апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ.
Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);
- жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).
Табиғи:
1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол).
2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термикалық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік, терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).
Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бұл төтенше жағдай.
Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Табиғаттағы тосын жағдай - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.
Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.
Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.
Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.
Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялык, жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.
Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құралдардың болуы) және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.
Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.
Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір~ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен құстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілім етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенін, тамақ пен тұрақ табу және адамдарға оралу керектігін ұғуына тиіс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.
Авария - орны (бақытсыздық болған климаттық-географиялық аймақ). Нақ осы фактор тірі қалудың бүкіл стратегиясы мен практикасын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет