Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: проблемалары және шешу жолдары


Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын 113 айнымалы көрсеткіш бар, солардың негізгі құраушы бөлігі 12 пункттен тұрады. Атап айтқанда



бет3/5
Дата19.06.2023
өлшемі102,32 Kb.
#102364
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын 113 айнымалы көрсеткіш бар, солардың негізгі құраушы бөлігі 12 пункттен тұрады. Атап айтқанда:

  1. Институттар сапасы.

  2. Инфрақұрылым.

  3. Макроэкономикалық тұрақтылық.

  4. Денсаулық және орта білім.

  5. Жоғары білім және кәсіби дайындық.

  6. Тауар және қызмет нарығының көрсеткіші.

  7. Еңбек нарығының көрсеткіші.

  8. Қаржы нарығының деңгейі.

  9. Технологиялық даму деңгейі.

  10. Ішкі нарық деңгейі.

  1. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.

  2. Инновациялық потенциал.

2014 ж. қыркүйекте (2013 ж. қорытындысы бойынша) шыққан, ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп нәтижесі бойынша Қазақстан, 2012 жылмен салыстырғанда 1 тармаққа (51 орын) жақсартып, орташа 4,42 балмен 50-ші орынды иеленген [4]. Бұл ретте, Қазақстан даму деңгейі едәуір жоғары елдер қатарына өтті, бұл елдердің дамуында тиімділік пен инновациялық даму факторлары маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша «Doing Business» (бизнесті жүргізу жеңілділігі) көрсеткіштері бойынша Қазақстан 2013 ж. ең дамыған 50 ел деңгейінен өтті. 2013 ж. есептеу әдістемесіне сәйкес Қазақстан 2012 ж. 53-шы орында болған.

Посткеңестік елдер арасында іскерлік ортаның жайлылығы бойынша Қазақстан көшбасшылардың бестігіне кірді. Ең жоғары позицияны, алдыңғы жылы секілді, 16-шы орыннан 9-шы орынға көтерілген Грузия алды. Одан кейін Эстония (21-шы орын), Латвия (25-ші орын), Армения (32-ші орын) және Қазақстан (49-шы орын) орналасқан.
Менеджментті дамытудың Халықаралық институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы баяндамасының бағалауы бойынша Қазақстан барынша дамыған 30 ел қатарына кіруге жақын. 2013 жылғы IMD рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 34 орынға ие. Қазақстан Чех Республикасы (35 орын), Үндістан (40 орын), Түркия (37 орын), Италия (44 орын) және Португалия (46 орын) секілді елдердің алдында орналасқан. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейді 8 тармақ бойынша (42 орын) және Украинаны 15 тармақ бойынша (49 орын) озып көшбасшы позицияны алды.
Қазіргі уақытта, Қазақстан экономиканың көптеген секторларында тұрақты позицияларға қол жеткізді. Мұндағы басты мәселе экономиканы модернизациялауға, ұлттық шаруашылықтың жаһандану үдерісіне және әлеуметтік бағытталған қоғамды дамытуға негізделген сапалы бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып отыр.
2012 ж. қаңтар айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2050 ж. қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша жаңа стратегиялық мақсат қойылған болатын [5].
Осында айта кететін жайт, 2015 ж. 1 қаңтарында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке кірмекші. Бұл одақты құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 ж. ММУ-де берген лекциясында айтқан болатын. Содан бері, міне, 20 жыл өткеннен кейін, бұл идея іске асырылып, 2014 ж. үш мемлекет: Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы
«Еуразиялық одақты құру жөніндегі» Келісімшартқа қол қойды. Бұл ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін нығайтудың тағы бір жолы ретінде қарастыруға әбден болады. Себебі, қазір заман талаптарына сәйкес, мемлекеттер белгілі бір интеграцияға ұшырамай тұрақты, әрі қарқынды экономикалық өсуге жетуі мүмкін емес.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халқына Жолдауында: «Біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігі энергиялық шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек» деп атап көрсеткен еді. Жаңа индустрияның үдемелі өсуі бойынша шаралар жүйесінде көрнекі орынды Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2007 жылдың 28 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» №1332 Қаулысы қабылданды. Қаулыда Қазақстан үшін түрлі халықаралық рейтингтерде жақсы позицияларға жету ғана емес, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрмыс жағдайының тұрақты өсуін қамтамасыз ету де маңызды екендігі атап көрсетілген [6].
Қазақстанның бәсекелік артықшылығы еңбек нарығы және макроэкономикалық ортанының тиімділігі болып табылады [7].
Сонымен қатар, Қазақстан денсаулық сақтау мен бастауыш білім, қаржылық нарық дамуы, компаниялар мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты факторларда әлсіз позицияларды иеленіп отыр.
Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі институттар, инфрақұрылым, жоғарғы білім мен кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.
Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне негізгі техникалық қорлардың, әсіресе ауылшаруашылығындағы қорлардың, моральды және физикалық тозуы теріс әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың жасы 25 жылдан асады. Өндірістік қорлардың тозуы 70%-ға, яғни өндірістік қуаттың физикалық құлдырауы басталатын нормаға жетіп отыр. Жоғары деңгейлі технологияларды қолдану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі дамыған елдерден 10 есеге артта қалуда. Бұдан басқа, Қазақстанның экономикалық өсуін шектейтін негізгі факторларға – әлсіз банктік жүйе, корпоративтік басқару саласындағы кемшіліктер, шикізаттық тауарларға деген бағаның өзгермелілігі және нашар менеджмент жатады. Жалпы экономиканың дамуын тежейтін факторлар ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • Негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моральды тозуының жоғарғы деңгейі.

  • Қалыптасқан өндірістік қуатты жеткілікті деңгейде қолданбау.

  • Өнеркәсіпте шикізаттық салалардың басым болуы.

  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі.

  • Арта қалған қалалар мен аудандардың көп болуы.

  • Өңдеуші салалардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі.

  • Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және халықтың көп бөлігінің өмір сүру жағдайының төмендігі.

  • Кадрлық және ғылыми-техникалық қуаттың әлсіздігі.

  • Ғылыми-техникалық прогрестің баяу дамуы. Қазіргі жаһандану жағдайында экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп тұрған бірқатар проблемалар бар. Оларды жалпылама атап өтетін болсақ: өндірісте әлі де болса шикізат бағыттылығының басымдығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің халықаралық сапалық стандартқа сай келмеуі, тауар өндіру мен қызмет көрсетуге кеткен шығындардың көп мөлшерде болуы.

Дегенмен де, әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындады. «Қазақстан-2030» – ұзақ мерзімді экономикалық қайта құрудың қазіргі заманғы стратегиясын жасау арқылы республика аумақтық лидер атанды, халықаралық еңбек бөлінісінде айтарлықтай рөл ойнады, энергетикалық, минералды-шикізаттық, тау-металлургиялық, азықтүліктік әлемдік және жергілікті нарықтарда нық позицияларды иеленді [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет