Эксперименттік лингвистиканың тіл біліміндегі басқа да пәндер қатарындағы орны туралы Лингвистика



Дата26.11.2022
өлшемі19,36 Kb.
#52883
Байланысты:
11..апта


Эксперименттік лингвистиканың тіл біліміндегі басқа да пәндер қатарындағы орны туралы
Лингвистика (тіл білімі; латынша lingua – тіл) — әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Адамзаттың сөйлеу тілі – тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі – тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы.
Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке Тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы Тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) Тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті Тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы Тіл білімі тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды.


Қазіргі лингвистика әлемнің әртүрлі ғылыми орталықтарында қарқынды дамып келеді. Қазақ тіл білімі әлемдік тіл білімінің бір бөлігі ретінде лингвисти­ка ғылымының қазіргі заманғы үрдістері­не сәйкес дамып, бірнеше кезеңінен өт­ті. Қазақстан лингвистикасы тіл туралы ғы­лымның барлық бағыттарын қам­тиды. Бұған соңғы жылдары отандық ға­лым­дардың еңбектері дәлел бола алады. Отандық тілтанушы ғалымдардың міндеті қазақ тіл білімін әлемдік лингвистика деңгейіне көтеру, оны серпінді, инновациялық зерттеулер есебінен бә­секеге қабілетті дамыту болып отыр. Синтездейтін күрделі ғылым бола оты­рып, лингвистика мәдениет, философия, психология, физиология, сон­дай-ақ логика, математика, информа­тика бірқатар нақты ғылымдармен үнемі сабақтастықта. Дыбыстық сигнал­дардың компьютерлік технологиялар арқылы зерттелуі тіл білімін нақты ғылым­дар­дың қатарына қосады. Мұндай зерттеу­лерде қойылатын сұраққа нақты жауап алуға болады. Компьютерлік төң­керіс сөз дыбыстарын зерттеуді жаңа деңгейге көтерді. Енді кез келген тіл маманы фо­нетикалық редактордың кө­­мегімен эк­раннан спектр, тон, ұзақ­тық және қар­қындылық сияқты ды­быс толқыны мен сиг­налдың акустикалық сипаттамасын бай­қай алады. Экс­пери­менттік фонетика зертха­насында нақ­ты нәтижелерге қол жет­кізу үшін тәжі­рибелік-компьютерлік зерттеу әдістері қолданылады.


Эксперименталды лингвистиканың бөлімдері


Cыртқы лингвистика - этникалық, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да факторларды тілді қалыптастыру мен дамытуды үзіліссіз байланыстыру ретінде жиынтықты зерттейтін тіл білімінің саласы. Ішкі лингвистикаға қарама-қарсы.



Ішкі лингвистика - сыртқы лингвистикалық факторға қатысы жоқ тілдік бірліктің қатынас жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.



Сөйлеу лингвистикасы - тіл құрылымы заңымен толық сәйкес келмейтін сөйлеудің ерекшелік құрылымын зерттейтін тіл білімнің бір бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет