Оқытудың тақырыбы: «Қой шаруашылығы (ұсақ мал өсіру және бордақылау)» Бағыты: «Қой шаруашылығын жүргізуге кәсіби көзқарас» Аймақтың климаттық ерекшеліктерді ескере отырып
қой тұқымын таңдау және тұқым алмастыру
Эксперт: Қайырлы Бейсенұлы Омашев Талдықорған қаласы, 24-26 тамыз 2023 жыл Қой тұқымдарының жіктелу Қой тұқымдары нақты міндетке байланысты екі түрлі жүйенің біреуіне ғана:
зоологиялық
өндірістік болып жіктеледі.
Зоологиялық жіктелу бойынша басқа ауылшаруашылық малдары сияқты бас қаңқасының әр түрлі белгілері бойынша емес, құйрық пішіні мен ұзындығы бойынша құрылған. Бұл жіктелу бас қаңқасынан қарағанда көп дәрежеде құйрық 19 пішіні мен көлеміне байланысты қой топтары арасында биологиялық ерекшеліктері кеш енінен көрініс тапты. Құйрық ұзындығы осы жіктелуге сәйкес абсолютті көлеміне байланысты 5 топқа:
қысқа құйыршықты,
ұзын құйрышықты,
құйыршықты,
май құйыршықты
африкандық иректелген деп бөлуді ұсынды.
Кейінен бұл жіктелу Г. Натузиус, Н.П. Чарвинский, М.Ф. Ивановтардың енгізген өзгерістері мен толықтырулары мен бекітілді. Нақтырақ айтқанда зоологиялық жіктелу бойынша барлық қой тұқымдары құйыршық пішіні мен ұзындығына байланысты:
қысқа майсыз құйыршықты,
ұзын масызқұйыршықты,
қысқа май құйыршықты,
ұзын майқұйыршықты
құйрықты деп бес топқа бөлінеді.
АҚШ-та (Оңтүстік Дакота штаты) бұл жіктеуге жатпайтын құыршықсыз қой тұқымы шығарылған. Сондықтан, осы жіктелуге алтыншы топқа қйыршықсыз қойларды қосуды талап етеді.
Қой топтары
Құйыршық пішіні мен ұзындығы
Аталас топқа жататын тұқымдар және тұқымдық қой топтары
Қысқа майсыз құйыршықты
Құйыршығы қысқа, құйыршықтың ұшы тілерсекке жітпейді. Омыртқа саны 10-12. Сырт көзге мал жиналуы байқалмайды.
Роман, солтүстік қысқа құйрықты
Ұзын майсыз құйыршықты
Құйыршығы ұзын, тілерсектен төмен түскен, жіңішке, май жиналуы байқалмадйы. Омыртқа саны 22-24.
Барлық биязы жүнді қой тұқымдары, тез жетілетін етті (ағылшын) қой тұқымдары
Қысқа май құйыршықты
Құйыршығы қысқа, тілерсекке ұзындығы табиғи жағдайда жетпейді. Құйршық түбінде май жиналуы кішкене жастықша тәрізді. Омыртқа саны 10-12.
Бурят, Тувин, Абасси.
Ұзын май құйыршықты
Құйыршығы ұзын, май жиналуы жақсы көрінеді. Табиғи жағдайда ұзындығы кейде тілерсекке жетпейді, көбінесе осы қалпын сақтайды немесе одан біраз төмен болады. Май жиналуы дөңгелек тәрізді (жастықша, кейде екі жастықша) немесе қысыңқы клин тәрізді пішінде болады. Құйыршықтың төменгі жағына май жиналмайды, тік немесе иілген, көбінесе S әрпі тәрізді. Мысалы, қаракөл қой тұқымы. Омыртқа саны 22-24.
Қаракөл, Кучугуров
Құйрықты
Құйыршық түбінде жастық тәрізді май жиналған. Ол тілерсекке қарай бағытталған, салбыраңқы болып келетін – құйрық. Құйыршығы өте қысқа және дұрыс жетілмеген, құйрықпен жабылған, құйыршығы көрінбеді. Құйыршық омыртқасының саны 5-6.
Еділбай, гиссар қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, сарыарқа, қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы, биязылау кросбредті етті- жүнді дегерес тұқымы, елтірі - құйрықты атырау тұқымы
Құйыршықсыз
Құйыршығы жоқ.
Бұл қой тобы оңтүстік дакота штатында (АҚШта) өсіріледі
М.Ф.Иванов ұсынған өндірістік жіктелу қой малдарының өнімділік бағытын сипаттайды. Бұл жіктелу өндіріс үшін неғұрлым тиімді, Көптеген тұқымдардың негізгі өнімділік бағыты нақты көрініс табады. Сондықтан өндірістік жіктелу қазіргі уақытта сәтті қолданылуда. Және қой шаруашылығында жаңа тұқым шығару мен қолда, бар тұқымдарды дамыту оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес келеді.