Экзаменационные тесты по дисциплине «детские болезни» для студентов 6 курса 2010-2011 уч



бет2/9
Дата26.10.2022
өлшемі2,24 Mb.
#45566
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Нефрология» (доп)

  1. Зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуымен шынайы бактериурияны санайды (1мл зәрде микроб денешіктері):

  1. 1000

  2. 5.000

  3. 10.000

  4. 100.000

  5. 1000.000


  1. Зәрді бактериологиялық егіге жинау келесі әдіспен жүргізіледі:

а) тәуліктік зәр көлемінен
б) несептің кез келген порциясынан
в) қуық пункциясы арқылы
г) қуық катетеризациясы арқылы
д) ортаңғы порциясын стерилді ыдысқа жинау арқылы



  1. Келтірілген қоздырғыштардың ішінде геморрагиялық циститтің ең жиі себебіне жататыны:

  1. протей

  2. клебсиелла

  3. аденовирус

  4. ішек таяқшасы

  5. көк ірің таяқшасы




  1. Зәр жүйесінің инфекциясын емдеуде антибактериялық дәрілік затты таңдау тәуелді:

  1. бактериурия дәрежесіне

  2. лейкоцитурия дәрежесіне

  3. микроорганизм сезімталдығына

  4. несеп жолдарының обструкциясы бар болуына

  5. несеп жолдарының обструкциясы жоқ болуына




  1. цилиндрурия




  1. Сәбилерде пиелонефриттің кеш диагностикасы мен сәйкес емес емінің алып келетіні:

  1. цистит

  2. уретрит

  3. остеопороз

  4. созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

  5. жедел бүйрек жетіспеушіліг




  1. 11 айлық қыз балада алғаш рет зәр шығару жолдарының инфекциясы мен қуық-несепағар рефлюксінің ІІ дәрежесі анықталды.

Негізгі антибиотикалық ем курсынан кейін төменде келтірілген терапевттік тактиканың қайсысын өткізу дұрыс деп санайсыз:

  1. қуық цистоскописын

  2. антирефлюксті операцияны

  3. қуық инстилляциясын

  4. негізгі емдеу курсын өткізу жеткілікті

  5. ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде антибиотикпен алдын алу


  1. 1,5 жасар балада – қалтырау, интокискация белгілері анықталады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар.

Төменде келтірілген зерттеулердің ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

  1. бүйрек УДЗ

  2. зәр тадллдауы

  3. анамнез жинау

  4. Зимницкий сынамасы

  5. тез арада зәрді бак. себу








  1. Жаңа туған нәресте, өмірінің 15 тәулігі, пнемония дамуына байланысты қарқынды емдеу бөлімшесінде бақыланды. Бақыланудың 5-ші күні нашарлай түсті: интоксикация синдромы өршіп, дене қызуы көтерілді, зәрі лайланды. Несеп талдауында – лейкоциттер барлық көру алаңында анықтала бастады. үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тулігіне, патологиялық қоспасыз.

Болжам диагнозыңыз:

    1. энтероколит

    2. дисбактериоз

    3. нейротоксикоз

    4. зәр шығару жүйесінің инфекциясы

    5. тубулоинтерстициалды нефрит




  1. Өмірінің 5-ші күнінен бастап жасанды сүтпен қоректенетін нәресте ер бала. Әкесінде – таға тәрізді бүйрек, гипертония; анасында пиелонефрит. Өмірінің 15-ші күнінен бастап - тамақтан бас тартады, салмақ қосуы нашар, фебрилді қызба, аздаған диарея. Бүйрек УДЗ- оң жақты пиелоэктазия. Пневмония жоққа шығарылды. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Болжам диагнозыңыз?

  1. дизентерия

  2. сальмонеллез

  3. дисбактериоз

  4. жедел пиелонефрит

  5. ротавирусты гастроэнтерит




  1. Зәр шығару жолдарының инфекциясы бар балаларда УДЗ зерттеуден кейін төменде келтірілгендердің ішінде екінші кезекте өткізілетін зерттеу әдісі:

  1. цистоскопия

  2. цистография

  3. экскреторлы урография

  4. компьютерлік томография

  5. магнитті-ядролық резонанс




  1. Жаңа туған нәрестеде зәр шығару жолдары инфекциясының ең жиі таралу жолы қандай?

      1. өрлемелі

      2. лимфогенді

      3. гематогенді

      4. құрсақ ішілік

      5. трансплацентарлы


  1. 8 жасар науқас ер бала ісінулерге, бас ауруына, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып түседі. Қараған кезде: бет аймағы, табандары ісінген, АҚҚ - 140/90 мм с.б. Зәр талдауында: белок: 2,5 г/л, эритроциттер – барлық көру аймағын қамтиды.

Болжам диагнозыңыз:

    1. пиелонефрит

    2. бүйрек туберкулезі

    3. гломерулонефрит

    4. несеп-тас ауруы

    5. интерстициальды нефрит


  1. 9 жасар ұл бала айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырғанАҚҚ 110/70 мм с.б.б., бүкіл денесіне жайылған ісінулер анықталады. зәрі ақшыл-сары,.ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ҚТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л.

Болжам диагнозыңыз:

  1. жедел цистит

  2. жедел пиелонефрит

  3. нефротикалық синдром

  4. нефритикалық синдром

  5. зәр жолдарының инфекциясы


  1. Жүре пайда болған гломерулонефриттің негізгі патогенетикалық факторына жататыны :

  1. токсикалық

  2. генетикалық фактор

  3. инфекциялық

  4. метаболиттік

  5. иммунологиялық реакциялар




  1. Гломерулонефриттің жедел кезеңінде тырысу ұстамасының дамуымен сипатталатын асқыну:

  1. өкпе ісінуі

  2. ҚІҰ - синдромы

  3. гипертензиялық энцефалопатия

  4. Жедел жүрек жетіспеушілігі

  5. Жедел жүрек жетіспеуілігі




  1. Жедел гломерулонефриттің емдәмінде шектелетіне жатпайды:

  1. тұз

  2. белок

  3. майлар

  4. сұйықтық

  5. көмірсулар




  1. Нeфротикалық синдромда тәуліктік зәрдегі протеинурия мөлшері (г/л):

  1. 0,5

  2. 1,0

  3. 1,5

  4. 2,0

  5. 3,5


  1. Жедел гломерулонефриттің төменде келтірілген микроорганизмдер арасында негізгі этиологиялық факторына жатады:

  1. микоплазма

  2. стафилококк

  3. ішек таяқшасы

  4. көкірің таяқшасы

  5. -гемолитикалық стрептококк


  1. Гломерулонефритке нақты диагноз қою үшін төменде келтірілгеннің ішінде қажет зерттеу әдісі:

  1. биопсия

  2. урография

  3. цистоскопия

  4. цистография

  5. компьютерлік томография


  1. Нефритикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі:

  1. катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

  2. нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

  3. антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

  4. ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

  5. жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі




  1. 12 жастағы қыз балада шамалы ісінуі бар, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б. Қан атлдауларында: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. ЖЗА: протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия.

Болжам диагнозыңыз:

      1. пиелонефрит

      2. нефротикалық синдром

      3. нефритикалық синдром

      4. жекеленген зәрлік синдром

      5. тез үдемелі гломерулонефрит




  1. Зәр тұнбасында дисморфты эритроциттердің гломерулярлы гематурияны дәлелдейтін пайызы:

  1. >5%

  2. >10%

  3. >20%

  4. >30%

  5. >40%




  1. Жекелеген зәр синдромына төменде келтірілгеннің ішіндегі тән белгіні көрсетіңіз:

  1. лейкоцитурия және дизурия

  2. протеинурия мен гематурия

  3. жайылған ісінулер және азотемия

  4. артериялық гипертензия және гематурия

  5. протеинурия мен бүйрек жетіспеушілігі




  1. Тез үдемелі гломерулонефритке төменде келтірілгеннің ішінде тән морфологиялық көріністі таңдаңыз:

  1. экстракапиллярлы

  2. минималды өзгерістер

  3. мембранозды нефропатия

  4. мезангиопролифеоативті

  5. мембранопролиферативті




  1. Тез үдемелі гломерулонефритке тән симптомды көрсетіңіз:

  1. протеинурия

  2. лейкоцитурия

  3. жайылған ісінулер

  4. артериялық гипертензия

  5. бүйрек жетіспеуішілігі




  1. Төменде келтірілген келесі бүйрек ауруларының ішінде рентгенурологиялық зерттеулер аса маңызды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. бүйрек шаншуы

  2. гломерулонефрит

  3. обструктивті уропатия

  4. бүйрек дамуының ақаулары

  5. қуық-несепағар рефлюксінде




  1. Жекелеген зәр синдромымен көрінетін гломерулярлық ауруды көрсетіңіз:

    1. тұқым қуатын нефрит

    2. мембранозды нефропатия

    3. минимальды өзгерістер ауруы

    4. фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

    5. мембрано-пролиферативті гломерулонефрит




  1. Балаларда бүйректің созылмалы жетіспеушілігі дамуына алып келетін себептердің ішіндегі ең жиісін таңдаңыз:

  1. қант диабеті

  2. балалар инфекциялары

  3. артериялық гипертония

  4. жүйелі қызыл жегі

  5. зәр жығару жүйесінің туа біткен даму ақаулары




  1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін төменде келтірілгеннің ішінде радикальды емдеу әдісін атаңыз:

  1. гемодиализ

  2. плазмаферез

  3. гемофильтрация

  4. бүйрек трансплантациясы

  5. перитонеальды диализ




  1. Бүйректің созылмалы ауруының кезең саны:

    1. 3

    2. 4

    3. 5

    4. 6

    5. 7




  1. Балаларда шумақтық фильтрация жылдамдығын есептеу формуласын атаңыз:

  1. Шварц

  2. Реберг-Тареев

  3. Кокрофт-Голт

  4. Дене салмағының индексі

  5. Салмақ-жасының көрсеткіші




  1. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде бүйректің қандай қасиетінің төмендеуі анемия дамуына әкеледі?

  1. секреция

  2. фильтрация

  3. аммониогенез

  4. эритропоэтин синтезі

  5. Д3 дәрумені гидроксилденуі




  1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде жоспарлы гемодиализдік емді қабылдау ұзақтығы қанша?

  1. 1 ай

  2. 3 жыл

  3. 5 жыл

  4. 10 жыл

  5. трансплантация өткізгенге дейін


  1. Балаларда созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің белгілеріне жататыны,БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. анемия

  2. азотемия

  3. остеопатия

  4. лейкоцитурия

  5. физикалық дамудың кешігуі




  1. IgA-нефропатияның төменде келтірілгеннің ішіндегі ең жиі белгісін атаңыз:

  1. нефротикалық синдром

  2. жедел нефритикалық синдром

  3. жедел бүйрек жетіспеушілігі

  4. жекелеген рецидивті гематурия

  5. үдемелі бүйрек жетіспеушілігі




  1. Тез үдемелі гломерулонефритке тән басты белгі:

  1. гематурия

  2. протеинурия

  3. айқын интоксикация

  4. жоғары артериальды қысым

  5. қанда креатинин деңгейінің тез артуы




  1. Сау баланың қалыпты шумақтық фильтрация жылдамдығы, мл/мин:

  1. 10 - 20

  2. 40 - 50

  3. 90 - 130

  4. 150 - 200

  5. 300 – 400


  1. 4 тип коллагеннің туа біткен ақауымен жүретін ауруды атаңыз:

  1. Альпорт синдромы

  2. Гудпасчер синдромы

  3. мембранозды нефропатия

  4. тез үдемелі гломерулонефрит

  5. жедел инфекциядан кейінгі гломерулонефритпен




  1. Бүйрек биопсиясын өткізуге төменде келтірілгеннің арасында қарсы көрсеткіш:

  1. артериялық гипертензия

  2. белгісіз этиологияда гематурия

  3. айқын қан аққыштық

  4. нефропатияның торпидті ағымы

  5. белгісіз этиологияда протеинурия




  1. 5 жасар бала, бірінші рет ауырды: анасаркаға дейін жайылған ісінулер, АҚҚ 90/55 мм.с.б.б., қан талдауында креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, протеинурия 6,6 г/тәу, эритроцит 2 к/а.

Болжам диагнозыңыз:

  1. мембранозды нефропатия

  2. экстракапиллярлы гломерулонефрит

  3. фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

  4. мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

  5. нефротикалық синдром минимальды өзгерістермен




  1. Жедел стрептококкты инфекциядан кейінгі гломерулонефриттке тән клиникалық көрінісі:

    1. нефротикалық синдром

    2. жедел нефритикалық синдром

    3. жекелеген зәр синдромы

    4. созылмалы нефритикалық синдром

    5. тез үдемелі гломерулонефрит




  1. 15 жасар бозбала 12 жылдан бері нефротикалық синдром + гематурия түрінде созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан талдауында::қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин 370 мкмоль/л, несеп нәрі 17,9 ммоль/л. Зәр талдауында. – белок 0,99 г/л, қанда – анемия. Науқаста төменде келтірілгеннің ішінде ең сәйкес жағдай:

  1. транзиторлы азотемия

  2. созылмалы бүйрек ауруы

  3. жедел бүйрек жетіспеушілігі

  4. созылмалы пиелонефрит өршуі

  5. интерстициалді нефрит өршуі




  1. Бүйректің азотшығару қызметін көрсететін параметрлер:

    1. Зәрде белок деңгейі

    2. қанда белок деңгейі

    3. қанда калий және кальций деңгейі

    4. зәрде креатинин және мочевина деңгейі

    5. қанда креатинин және мочевина деңгейі арқылы




  1. Бүйректің концентрациялау қызметін көрсететін әдіс:

    1. Амбуpже сынамасы

    2. Кокрофт-Голт формуласы

    3. Зимницкий сынамасы

    4. Нечипоpенко сынамасы

    5. Адис-Каковский сынамасы


  1. Бүйрек паренхимасында торсылдақты анықтауға мүмкіндік беретін тәсілі:

  1. цистоуpетpогpафия

  2. көктмаырлық уpогpафия

  3. pетpогpадты пиелогpафия

  4. ультpадыбыстық зерттеу

  5. іш құрсақ шолу рентгенографиясы


  1. Нефpотикалық синдpомда ісіну дамуының негізгі механизмін көрсетіңіз:

    1. айқын гипoпpотеинемия

    2. альдостеpон деңгейінің жоғарылауы

    3. шумақтар арқылы фильтpация болмауы

    4. шумақтар арқылы фильтpация жоғарылауы

    5. антидиуpетикалық гоpмон белсенділігінң жоғарылауы




  1. Полиуpия мен полидипсия келесі бүйрек ауруына тән:

      1. цистит

      2. пиелонефрит

      3. гломеpулонефpит

      4. бүйректік тубулярлы ацидоз

      5. бүйректік қантсыз диабет




  1. Балаларда пpеpeнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің ЕҢ жиі себебі:

      1. шок

      2. гломерулонефрит

      3. уретра стриктурасы

      4. сусызданумен жүретін диарея

      5. зәр шығару жүйесінің инфекциясы




  1. Балаларда жедел бүйрек жетіспеушілігінің peналды себептерін атаңыз:

    1. шок

    2. гломеpулопатиялар

    3. уретра стриктурасы

    4. обструктивті уропатиялар

    5. жедел ішек инфекциясыі




  1. Балаларда жедел бүйрек жетіспеушілігінің постpeналды себептерін көрсетіңіз:

  1. шок

  2. пиелонефрит

  3. гломерулонефрит

  4. интеpстициальды нефpит

  5. обстpуктивті уpопатиялар




  1. Антибиотикотерапия төменде келтірілген гломерулонефриттің қай синдромында тағайындаған жөн:

  1. аралас

  2. нефротикалық

  3. постстpептококкты

  4. жекелеген зәр синдромында

  5. тез үдемелі гломерулонефритте




  1. Балаларда пpеднизолонды төменде келтірілгеннің арасында келесі ауруда тағайындайды:

    1. нефритикалық

    2. нефpотикалық

    3. интерстициальды нефрит

    4. жекелеген зәр синдромында

    5. жедел бүйрек жетіспеушілігінде




  1. Бүйректің және жоғарғы несеп жолдарының жағдайын бақылайтын бірінші кезектегі зерттеу әдісі:

    1. бүйрек УДЗ

    2. цистография

    3. цистоскопия

    4. сцинтиграфия

    5. экскреторлық урография




  1. Никтурия - бұл:

    1. кіші дәрет сындырғанда ашу сезімінің болуы

    2. күндіз кіші дәретті ұстай алмау

    3. зәрдің меншікті салмағының азаюы

    4. түнгі диурездің күндізгіден басым болуы

    5. аз порциямен ауру сезімді зәр сындыру




  1. Бүйректің азот шығару қызметін келесі көрсеткіш нақты сипаттайды:

    1. креатинин

    2. қалдық азот

    3. тимол сынамасы

    4. С-реактивті белок

    5. белок және белок фракциялары




  1. Ерте жастағы балаларда созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себебін атаңыз:

  1. гломерулонефрит

  2. созылмалы пиелонефрит

  3. интерстициальды нефрит

  4. дисметаболикалық нефропатия

  5. туа біткен және тұқым қуалайтын бүйрек зақымдануы




  1. Тұқым қуалайтын нефриті бар науқас балаларды диспансерлік бақылауда қай маман кеңесі қажет?

  1. Уролог

  2. Педиатр

  3. Сурдолог

  4. Кардиолог

  5. Гастроэнтеролог


  1. 10 айлық балада қалтыраумен өтетін қызба анықаталады. Зерттегенде талдауларында С-реактивті белок жоғарылауы, лейкоцитурия, бактериурия, бүйректің концентрлеу қызметінің төмендеуі анықталады.

Осы жағдайда ең тиімді дәрілік зат:

  1. Бисептол 5 күн ауыз арқылы

  2. Гентамицин 5 күн б/е

  3. Фурагин 14күн ауыз арқылы

  4. Офлоксацин 5 күн ауыз арқылы

  5. Амоксициллин 7күн б/е және 7 күн ауыз арқылы




  1. 5 жасар баланы амбулаторлық зерттегенде СБЖ белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Зәр талдауында протеинурия, гематурия, анамнезде атасының бүйрек ауруынан қайтыс болуы, 12 жасар әпкесінде микрогематурия анықталды.

Еең болжам диагнозыңыз:

  1. Берже ауруы

  2. Альпорт синдромы

  3. жанұялық гематурия

  4. нефронофтиз Фанкони

  5. жіңішке мембраналар ауруы




  1. Бүйректің созылмалы ауруының барлық түрлеріне тән универсалды үдеу механизмін көрсетіңіз:

  1. пиелонефритпен асқынуы

  2. шумақішілік гипотензияның болуы

  3. жүйелі гипертензияның болуы

  4. иммунды механизмнің қосылуы

  5. шумақ ішілік гипертензия және гиперфильтрация




  1. Пререналды және реналды жедел бүйрек жетіспеушілігінің негізгі патогенетикалық механизмін көрсетіңіз:

  1. ТШҚҰ-синдром

  2. метаболикалық ацидоз

  3. антифосфолипидтік синдром

  4. проксимальды реабсорбция бұзылуы

  5. бүйрек гипоперфузиясынан фильтрацияның төмендеуі




  1. Ауруханаға түскен 14 жасар бойжеткен бас ауруына, қан қысымының жоғарылауына шағыданып түсті. Қарағанда науқаста АҚҚ 170/100мм.с.б.б., қан талдауында: гемоглобин 100г/л, ЭТЖ 26мм/сағ; биохимиялық қан талдауында: креатинин 0,2 ммоль/л, ШФЖ 50мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10-15 к/а, эритроцит 10-20 к/а; УДЗ: табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

  1. Бүйректің созылмалы ауруы, 1 сатысы

  2. Бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы

  3. Бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы

  4. Созылмалы пиелонефрит, бүйрек қызметі қалыпты

  5. Созылмалы гломерулонерит, бүйрек қызметі қалыпты




  1. Гиперкалиемия төменде келтірілгеннің арасында қауіптісін көрсетіңіз:

    1. өкпе ісінуі

    2. терінің қышуы

    3. тыныс тоқтауы

    4. жүрек қызметінің тоқтауы

    5. жайылған шеткері ісінулер дамуы




  1. Ерте жастағы балаларда бүйрек алмастырушы терапияның ең тиімді түрі:

  1. гемодиализ

  2. гемосорбция

  3. плазмаферез

  4. гемофильтрация

  5. перитонеальды диализ




  1. ШФЖ қандай деңгейі диализдік емге көрсеткіш болып табылады?

  1. 60 мл/мин төмен

  2. 50 мл/мин төмен

  3. 50 мл/мин жоғары

  4. 15 мл/мин төмен

  5. 15 мл/мин жоғары


  1. Балаларда созылмалы бүйрек ауруының белгілеріне төменде келтірілгеннің арасында тән емесі:

  1. анемия

  2. гипогликемия

  3. гипокальциемя

  4. гиперфосфатемия

  5. гиперкреатининемия


  1. Пререналды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебін атаңыз:

  1. шок

  2. гломерулонефрит

  3. жедел тубулонекроз

  4. кристаллдармен өзекшелер обструкциясы

  5. басты бүйрек артерияларының окклюзиясы


  1. Шок кезінде жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуының себебі:

  1. вегетативті бұзылыстар

  2. инфекция қосарлануы

  3. АГ-АД кешендерінің түзілуі

  4. артериялық қан қысымының төмендеуі

  5. Зақымдалған тіндерден токсикалық заттардың әсер етуі


  1. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің диурез төмендеуі сатысында төменде келтірілгеннің арасында науқасқа төнетін қауіпті атаңыз:

  1. өкпе ісінуі

  2. дегидратация

  3. гипокалиемия

  4. артериялық гипотензия

  5. жүрек қызметінің тоқтауы




  1. Жедел бүйрек жетіспеушілігінде науқас бала өміріне қауіп төндіретін, шұғыл реттеуді қажет ететін асқыну:

  1. азотемия

  2. гиперурикемия

  3. гипокальциемия

  4. гиперкалиемия

  5. гипопротеинемия




  1. 5 жасар балада бой дамуы кешігуде. Антидиуретикалық гормон енгізуіне резистентті полиурия анықталады.

Болжам диагнозыңыз:

  1. фосфат-диабет

  2. аминоацидурия

  3. қант диабеті

  4. бүйректік қанты диабет

  5. бүйректік қантсыз диабет


  1. Ауруханаішілік жағдайда дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында төменде келтірілгеннің арасында емдеуге резистентті ЕҢ жиі қандай қоздырғыш анықталады?

  1. клебсиелла

  2. стрептококк

  3. ішек таяқшасы

  4. көкірің таяқшасы

  5.  - гемолитикалық стрептококк




  1. Ауруханадан тыс дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі анықталатын флораны атаңыз:

  1. протей

  2. ішек таяқшасы

  3. Көкіріңді таяқша

  4.  - гемолитикалық стрептококк А тобы

  5.  - гемолитикалық стрептококк В тобы




  1. Емнің нәтижелігіне байланысты балаларда нефротикалық синдромның клиникалық жіктелуін көрсетіңіз:

  1. жедел және ұзақ ағымды

  2. латентті және белсенді

  3. жедел және созылмалы

  4. циклді және рецидивті

  5. стероидсезімтал және стероидрезистентті




  1. Стероидрезистенті нефротикалық синдромды емдеу тактикасы:

  1. бірден цитостатиктер тағайындау

  2. ұзақ уақыт бойы преднизолонотерапия

  3. +биопсия қорытындысына сәйкес емдеу

  4. метилпреднизолонмен пульс-терапия

  5. тек симптоматикалық ем тағайыындау




  1. Нефротикалық синдромы бар балаларда биопсия өткізуге көрсеткіш:

  1. бірінші көрінісінде

  2. гормоналды емге жауап берсе

  3. стероидрезистентті вариантта

  4. стероидсезімтал вариантта

  5. нефротикалық синдромға тән асқынуларда




  1. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы қыздарда төменде келтірілген себептердің арасында жиі кездесу себебін атаңыз:

  1. обструктивті уропатия болуы

  2. қысқа уретра және анус жақындғы

  3. бүйректің даму ақаулары жиірек кездеседі

  4. қуық қызметінің дисфункциясы болуы

  5. қуық-несепағар рефлюксінің болуы




  1. Несеп-тас ауруы бар 8 жасар қыз балада Шварц бойынша есептелген шумақтық фильтрация жылдамдығы 35мл/мин тең.

Бүйректің созылмалы ауруының қай сатысын ойлауға болады?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5




  1. 14 жасар бозбала диагнозы: нефротикалық синдром және гематуриясы бар созылмалы гломерулонефрит. Шварц сбойынша шумақтық фильтрация жылдмадығы – 64 мл/мин.

Бүйректің созылмалы ауруының қай сатысын ойлауға болады?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5




  1. Бүйректің созылмалы ауруында гиперфильтрация маңызы қандай?

  1. бүйрек қызметін жақсартады

  2. бүйрек қызметіне әсер етпейді

  3. склероз үдеуінің универсалды механизмі

  4. тек пиелонефритте склероздану ағымына бейім

  5. тек гломерулонефриттерде склероздану ағымына бейім




  1. Бүйректің созылмалы ауруын емдеуде нефропротективті емнің «алтын стандарты» болып табылатын дәрілік заттарды атаңыз:

  1. витаминдер

  2. ферменттер

  3. антибиотиктер

  4. глюкокортикосстероидтар

  5. ангиотензинайналдырушы ферменттің тежегіштері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет