Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Синтаксистік сөз тіркесінің қандай түрлері бар?



бет37/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

37. Синтаксистік сөз тіркесінің қандай түрлері бар?

Синтаксистің негізгі қарастыратын мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
Сөйтіп сөз тіркесі - кемінде екі не одан да көп дербес сөздің бағыныңқы - басыңқы байланыстың негізінде жасалған синтаксистік бірлік екен. Синтаксистік сөз тіркесінің күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де сырттай ұқсастығы болғанымен, олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар.
Енді синтаксистік сөз тіркестерінің түрлеріне келелік. Құрамына қарай сөз тіркестері: 1) жалаң сөз тіркесі, 2) күрделі сөз тіркесі және 3) аралас сөз тіркесі - болып үшке бөлінеді. Бұлай бөлуде сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстардың (айталық, қабысу, матасу т.б.) негізінде жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң сөз тіркесі - сөйлемдегі сөздердің саны қанша екендігіне қарамастан олардың бәрі бір сөз тіркесінің бір-ақ түрімен (айталық, меңгеру немесе қабысу) байланысуын айтамыз. Мысалы: сөзді тыңдау - екі мүшелі, шөпті қораға тасу (шөпті тасу, қораға тасу) - үш мүшелі, шығарманы орысшадан қазақшаға аудару, (шығарманы аудару, орысшадан аудару, қазақшаға аудару) - төрт мүшелі тіркес. Бұлардың құрамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Күрделі сөз тіркесі - бір ғана ұйтқы (басыңқы) сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыс түрлерінің (мәселен, меңгеру мен жанасудың) жиынтығын айтамыз. Мысалы: Шығарманы қызығып оқу. Бұл - күрделі сөз тіркесі. Ол шығарманы оқу, қызығып оқу деген екі жалаң сөз тіркесінен құралған. Біріншісі - меңгеру, екіншісі - жанасу. Бірақ екеуі де бір ғана оқу деген ұйтқы сөзге келіп байланысқан.
Ал аралас сөз тіркесі деп - әр басқа ұйтқы сөзге тірелетін әртүрлі байланыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы: Мазмұнды шығарманы қызығып оқу. Мұңда үш түрлі сөз тіркесі бар. Олар: 1) мазмұнды шығарма - қабысу; ұйтқы сөзі - «шығарма», 2) шығарманы оқу - меңгеру; ұйтқы сөзі – «оқу», 3) қызығып оқу - жанасу; ұйтқы сөзі – «оқу». Бұл үш түрлі байланыс екі ұйтқы сөзге тіреліп, бір күрделі тіркестің құрамында түйісіп тұр. Мұндайларды аралас сөз тіркестері дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет