Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Таңбалар жүйесінің қандай түрін білесің?



бет15/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

14. Таңбалар жүйесінің қандай түрін білесің?

Тілімізде таңбалар жүйесін қарастыратын саланы «семиотика» деп атаймыз. Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) - таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әртүрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым. Семиотика ғылымының негізін американың философтары Чарльз Сэндерс Пирс пен Чарльз Моррис және швейсарлық лингвист Фердинанд де Соссюр қалаған. Чарльз Пирстің семиотика туралы еңбегі 1930 жылдары шыға бастады. Пирс семиотикалық түсініктерге (таңба, белгі) сипаттама берген. Ол семиотика ғылымы еркеше ғылым саласы екенін дәлелдеуге тырысқан және семиотикадағы таңба мен белгілерді жіктеп үш топқа бөлген.
Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.
Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңбамен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».
Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады.

Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет