30. Қандай грамматикалық тәсілдер бар? Олардың айырмашылықтары неде?
. Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі. Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады. Мысалы, -шік, -ғыш, -дыр жұрнақтары қосылып, үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөздерде лексикалық (деривациялық) мағынаны білдірсе, үйлерімізде деген сөзде -лер, -і, -міз, -де жалғаулары грамматикалық (реляциялық) мағынаны білдіреді. Аффиксация тәсілі, түркі тілдерінен басқа, үнді еуропа тілдерінде де бар. Бірақ оларда сөз басқашалау. Айталық, славян, оның ішінде орыс тілінде сөз септелгенде немесе жіктелгенде көп жағдайда түбірдің фонемалық кұрамы өзгеріп кетеді .;Мысалы: сон - сна, ходить - хожу т.б. Ал түркі тілдерінде олай емес. Түркі тілдерінде сөздердің септелуі немесе жіктелуі түбірдің фонемалық құрамын өзгертпейді. Мысалы: ұйқы-ұйқыға -ұйқыны -ұйқыдан; жүр - жүрмін - жүріңдер т.б.
2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу.
Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).
Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, университетке оқу үшін келдім дегендегі көмекші сөз - үшін.
Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі - грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. Мысалы: the Fathers loves son - әке сүй бала (әке баласын сүйеді). Мұндағы сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырсақ, сөйлем мүлде басқаша мағынаға ие болады. Мәселен, сөз баяндауыштың алдында тұрса - бастауыш, баяндауыштан соң тұрса - толықтауыш деген сияқты.
Екпін тәсілі. Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Екпін бір басқа буынға жылжыса, әртүрлі грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: окна - жекеше, ілік септік (им.пад.), көпше, атау тұлғада; руки, ноги - руки, ноги дегендер де сондай.
Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация - фразаға, сөйлемге қатысты болады. Интонациясына қарап, фраза сөйлем сұрау мәнінде ме, жоқ, байымдау, хабарлау немесе көтеріңкі (лепті) мәнінде ме? - дегенді білуге болады. Мысалы: (зачет) тапсырдың ғой (байымдау, тұжырымдау). Сынақты тапсырдың ғой (сұрау)? Кейде сөз тіркесі мен сөйлем де осылай ажыратылады. Мысалы: Ол студент (сөз тіркесі). Ол - студент (сөйлем).