Ел ертеңіне көз тіккен Елбасы



Pdf көрінісі
Дата19.01.2017
өлшемі226,56 Kb.
#2218

Ел

 ертеңіне көз тіккен Елбасы 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы  қарсаңында 1 желтоқсанды 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 

ретінде атап өту туралы Заң  қабылданды. Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті күні -  Қазақстан 

халқының, ата-бабамыздың егемен ел болудағы ғасырлар 

бойы аңсаған асқақ армандарын жүзеге асырған Тұңғыш 

Президентімізбен, Ұлт көшбасшысымен бірге жасаған 

ерліктерін жадымызға  қайта оралтуға  қызмет ететін сәт 

Қазақстан Республикасының даму тарихы Тұңғыш Пре-

зидент және Тәуелсіз  Қазақстанның негізін салушы,  ұлт 

көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байла-

нысты. 

Облыстың Н.В.Гоголь атындағы 



әмбебап ғылыми кітапханасы 18-25 

қараша аралығында Қазақстан Рес-

публикасының Тұңғыш Президенті 

күніне арналған «Тәуелсіз Қазақс-

тан және Ұлт Көшбасшысы» атты 

ақпараттық апталық жариялады. 

Соған орай апталық шеңберінде «1 

желтоқсан - Қазақстан Республи-

касының Тұңғыш Президенті күні» 

атты кітап көрмесі салтанатты 

түрде ашылды. 

«Тәуелсіз елдің көшбасшысы», 

«Елбасы кітаптары», «Жаңа дәуір-

дегі Қазақстан», «Арман қала - Ас-

тана» бөлімдерінен тұратын кітап 

көрмесі бойынша «Тәуелсіз 

Қазақстан» және «Первый 

Президент в объективе ис-

тории» тақырыбында әңгіме 

жүргізіліп, www.аkоrda.kz 

веб-сайтының таныстыры-

лымы өтті. Шараға Халықа-

ралық бизнес академиясы 

колледжінің студенттері 

мен Қарағанды қаласындағы 

№ 92 гимназия оқушылары 

тартылды. «Тәуелсіз Қазақ-

стан»тақырыбьндағы әңгіме-

де Елбасының саяси портреті 

мен Тәуелсіз Қазақстанның 

қалыптасу жолы баяндалып, 

көрмеге жинақгалған кітап-

тарға шолужасалды. Жастар 

Тұңғыш Президенттің өмір-

баянына арналған «Нұрсұлтан 

Назарбаев.Биография» атты 

ең алғашқы ресми тарихи-

өмірбаяндық зерттеуге ерек-

ше қызығушылық танытты. 

Мұрағат материалдарының 

негізінде жазылған өмірбаян-

да дәйекті материалдармен 

қоса, Елбасының жеке өмірі-

не  қатысты  құжаттардың 

көшірмесі берілуі кітаптың 

құндылығын арттыра түсті. Ұлт 

Көшбасшысының еңбектері мен 

жыл сайынғы халыққа арналған 

жолдаулары, «Қазақстан 2050. Қа-

лыптасқан мемлекеттің саяси ба-

ғыты» ұзақ мерзімді стратегиясы 

қамтылған «Елбасы еңбектері» 

бөлімі Қазақстанның ең қиын және 

ең жарқын кезеңдерін баяндайтын 

«Қазақстан жолы» кітабы жайлы 

әңгімеден басталды. Халықаралық 

аренада айтулы белестерді бағын-

дырған Қазақстан елінің 2010 жылы 

Еуропадағы  Қауіпсіздік және ын-

тымақтастық ұйымына төрағалық 

етуінің өзі Қазақстанның тәуелсіздік 

алғаннан бергі жылдарда жеткен 

жетістіктерін паш ете отырып, ха-

лықаралық беделін айтарлықтай 

өсірген ірі дипломатиялық жеңіс 

болды. «Жаңа дәуірдегі Қазақстан» 

бөлімінде еліміздің ішкі, сыртқы 

саясаты бойынша баспа беттеріңде 

жарық көрген кітаптары бойынша 

өрбіген әңгіме өрісі жастардың 

Еліміздің бас қаласы, Елбасының 

қажырлы күш-жігерінің ар-

қасында  қанатын кеңге 

жайып бара жатқан Елор-

даның кешегісі мен бүгінгісі 

жайлы өз білгендерін орта-

ға салған сұхбатқа ұласты. 

Сарыарқаның төріңде, күн 

сайын өсіп келе жатқан Ас-

тана жайлы кітаптар мен 

фотоальбамдар «Астана 

- арман  қала» бөлімінде 

ұсынылды. 

Сөзді кие тұтқан, бір 

ауыз сөзге тоқтаған, «Ай-

тылмаса сөздің атасы өледі» 

деп  қарайтын дана хал-

қымыз үшін Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың аузы-

нан айтылып, қаламынан 

туындаған  қадау-қадау 

пікірлердің қадір-қасиеті 

өзгеше. Тағылымы терең 

толғамдар «Первый Пре-

зидент в объективе ис-

тории» тақырыбындағы 

әдеби әңгіменің арқауы 

болды. Елбасьшың екі тілде 

шыққан «Ой бөлістім хал-

қыммен»,«Жан жадыратар 

жасын сөз», «Өзек жарды 

ойлар», «Туған елім - тірегім» кі-

таптары сөз бен ойдың мән-мағы-

насын білетін оқырманға ғибраты 

мол дүниелер. Шара барысында 

Рүстем Әбдраштың Елбасы шы-

ғармаларының желісі бойынша 

түсірген «Балалық шақтың аспаны» 

фильмінің үзіндісін тамашалаған 

қатысушылар аkordа порталына 

виртуалды саяхаттап, Елбасының 

ресми сайтымен танысты. Шара 

соңы Елбасы жайлы оnlіnе викто-

ринамен  қорытындыланды. 



Взгляд на события. - 2013. - 29 қараша (№ 149). - 18 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет