Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент


Мектептің білім сапасы- бәсекелестік негізі Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті



бет24/32
Дата03.04.2023
өлшемі142,35 Kb.
#78588
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
treatise206008

3.3. Мектептің білім сапасы- бәсекелестік негізі Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті
Мақсаты:
Негізгі ұғымдар: менеджер, көшбасшылық, басқарушылық қабілет.


Жоспар:

  1. Бacқaрудaғы көшбасшылық.

  2. Білім беру менеджерінің көшбасшылық қабілеті

Тұлғаның дамуының негізгі параметрлері оның жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділігі, ой-пікірдегі сындарлы ойлауы болып табылады. Осы бағытта, педагогикалық менеджментте көшбасшы басшы мектеп ұжымының нəтижеге бағытталған жүйелі жоспарын тиімді жүзеге асыру үшін мектептің стратегиялық міндеттері мен даму бағдарламасын нақтылайды.
Сондай-ақ, оқыту мазмұны мен білім беруді ұйымдастырудың жаңа ізденістерін қалыптастыру көзделеді; Білім беру сапасының жоғарылауының тиімділігі әлемдегі экономикалық және саяси даму жағынан алдыңғы орыннан түспей келе жатқан мемлекеттердің жетістігі дәлел болады. Білім беру жүйесінің сапасы туралы жүргізілген тәуелсіз зерттеулер шындығында да білім сапасын жоғары бағалаған. Атап айтқанда, PISA-ның (Programme for International Student Assessment-Оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламалар ) көшбасшы мемлекеттердің білім сапасының жоғары болуын көрсетеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, сапалы білім бүгінгі жаһандану дәуіріндегі бәсекелестіктің негізіне айналып отыр. Мемлекетіміз білім деңгейінің өрке­­ниет талаптарына сай болуы үшін бар­лық өзгерісті талап етеді. Сондықтан да, білім беруді дамыту стратегиясындағы ең басты бағыт - білім беру сапасын арттыру. Білім сапасын арттыруда ұжымда қандай мақсат қою қажет және нақты істе дұрыс басқарушылық шешімді қабылдау қажеттігі туындайды. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін, оқу әдістемелік тәсілдің ең тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Білім беру мекемелеріндегі білім сапасын басқарудың тиімділігін арттырудың әр түрлі бағыттары бар: (білім беру мекемесін аккредитациялау, білім сапасын бағалаудың мектептік жүйесі, білім беру үдерісінің мониторингі, мектепішілік бақылау және т.б.). Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – тұлғаның сапалы білім алуы мен дұрыс тәрбие алуына жағдай жасау. «Сапа» – бұл нысандар мен үрдістердің тиімділігі, құндылығы, олардың нақты мақсаттарды, нормаларды қанағаттандыруға жарамдылығы немесе бейімділігі, яғни талаптарға, қажеттіліктерге және нормаға сәйкес немесе дәл болуы [30]
Көшбасшы- (ағылшынның LEAD (лидер) – артынан ерту, іліктіру) – болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының идеясы бар жаңашыл адам. Қазіргі кезеңде мекеме басшысы көшбасшылықты бірге алып жүргенде ғана ұзақ уақыт мекеме басқара алады. бұл адамдар арасындағы екіжақты процесс. Көшбасшының кәсіби өзін-өзі жетілдіру мотивациясына психологиялық талдау инновациялық іс-әрекетке талдау жасаудан бастау алады. Көшбасшының кәсіби өзін-өзі дамытуында мұғалімнің шығармашылығы, қызығушылығы, әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады. Креативті көшбасшыға тән қасиеттер : жауапкершілікті сезіну, еңбекқор, жұмысқа деген жоғары қабілеттілік, бәсекеге қабілеттілік., т.б.
Білім сапасы туралы зерттеулерде: «Мектептің білім сапасын бағалау жүйесінің моделі бірнеше компоненттен тұруы мүмкін: 1. Мазмұнды компонент, мынадай кезеңдерден тұрады: - білім сапасы жайлы ұсыныстар қалыптастыру; - сапа бағаларының әдістемелік тәсілдері; - білім сапасын сараптау; - мектептік білім сапасын бағалау жүйесінің бағдарламаларын әзірлеу. 2. Басқарушылық компонент келесі жүйелерге бөлінеді: - қоғамдық-басқарушылық жүйесі; - әдістемелік қызмет жүйесі; - әлеуметтік-психологиялық, тәрбиелік қызмет жүйесі; - бағалау-бақылау, сараптамалық қызмет жүйесі. 3. Технологиялық компонент инварианттық (аймақтық, муниципалдық) және вариативтік (мектептік) бағалау технологиясынан тұрады және келесідей технологиялары болуы мүмкін: − арнайы басқарушылық ақпараттарды жеткізу және өндеу технологиялары (бақылау-тексеру технологиялары). − білім сапасының әлеуметтік-экономикалық мониторингі технологиялары (мониторингтік технолгиялар). − білім сапасының әлеуметтік-педагогикалық мониторингі технологиялары»,- деген тұжырым жасалады.[31]
Білім сапасын арттыруда ынталандыру ұғымының да мәні зор. Ынталандыру адамды қызығушылықпен жұмыс істеуге адамдарға тəртіп пен қызмет етуге ықпал ету жүйесі. Ынталандыру ұғымының категориялары: құлшыныс, уəж, ықпал етуші күш. Ынталандыру арқылы ұжымдағы адамдар да : қайсарлық, қажырлылық, күш-жігер механизмі, жауапкершілік, іске берілгендік, адалдық, қуаныш т.б. пайда болады. Нəтижелі жұмыс барысында -Еңбек етуге ыңғайлы орта қалыптасады. Жұмыс нəтижелері бойынша - ұжымда шығармашылық өсу; ұйымның мақсаты, жоспары, болашақ бастамалардың тууы, ұжымда бірге шешім қабылдау, өз жұмысының пайдасын сезіну; жауапкершілікті сезіну, бəсекелестікке дайын болу, кəсіби құзыреттілігін жетілдіру байқалады. Дидактиканың негізгі категориясы , яғни, білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсат, міндет, мазмұны негізінде қалай оқытамыз? Кімді оқытамыз? Оқу прцесін қалай ұйымдастыруға болады? Нәтижені қалай бағалаймыз? Не үшін оқимыз? деген мәселе бүгін де өзекті болып табылады. Сол себепті мұғалімнің кəсіби дамуы оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерімен қатар оның өз білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруы тиіс. Бүгінгі педагогты кəсіби біліктіліктің, өз-өзін дамытудың жаңа сатысына жеткізу үшін оларды дамыту жолдары да түбегейлі өзгеруі тиіс. Ол өзгерістер :
Мектептің білім беру іс-әрекеттері сапасын бағалау өлшемдері:
1) басқару сапасы;
2) ресурстық қамтамасыз ету;
3) оқу бағдарламалары мен оқу жоспарының сапасы;
4) оқушылардың жетістіктері;
5) педагогикалық ұжымның ынтымақтастығы;
6) мектептің психологиялық ахуал, т.б Сондықтан да заман талабына сай ұйымдастырудың даму стратегиясының мүмкіндігін арттыратын басқаруға қабілетті көшбасшы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет