Мақсаты: студенттерді менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы және педагогикалық менеджменттің қалыптасуының ғылыми теориялық негіздерімен, «Білім берудегі менеджмент» пәнінің мақсатымен таныстыру.
Негізгіұғымдар: Басқару, менеджмент ұғымы, білім берудегі басқару, педагогикалық менеджмент.
Жоспар: Менеджмент- басқару туралы ғылым.
Басқару теориялары, «Білім берудегі менеджмент» пәнінің міндеттері.
Мазмұны Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, жоғары білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерді талап етеді. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, осы өзгеріске байланысты жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Осы бағытта, заман сұранысына сай білікті мамандарды даярлауда мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше маңызын ҚР Тұңғыш Президентті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында да атап көрсетілді. [1] Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру саласындағы басты құжаттар (ҚР «Білім беру» туралы Заңында) [2]. Қазақстан Республикасы үздіксіз кәсіби педагогикалық білім беруді дамыту Тұжырымдамасында [3]. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да айқындалған. [4].
Адамзат қоғамының дамуын, оның иелік ету және басқару жүйесін кезеңдерге бөлу басқару тарихының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Ғылыми менеджмент саласындағы қазіргі менеджер – ұйымның ортақ мақсатына жетуде адамдардың бірлескен іс-әрекетінің табысты болуын анықтайтын тұлға деген пікір ерекше айтылуда.
Менеджмент ұғымы алғаш бизнес саласында пайда болғанымен, бүгінгі күні фирманы, корпорацияны басқару ғана емес, оның қолдану аясы ұлғаюда. Менеджменттің теориялық негізі барлық салада оның ішінде білім саласын басқаруда да қолданылады.
“Менеджер” ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Бірлескен еңбекті ұйымдастыру мен реттеудің ең қарапайым және алғашқы түрлері алғашқы қауымдық құрылыс кезеңдерінде болды. Тайпа, ру басшылары мен көсемдері қызметтің барлық түрлерінің басқарушылық бастамасын көрсетті.
Шамамен 9-7 мыңжылдықта меншік қатынасынан өндірістік экономикаға көшу орын алды, бұл басқарудың пайда болуының негізгісі болды.
Психологиялық тұрғыдағы «адами фактор» тұжырымдамасын ғылыми танымға енгізген, менеджмент теориясының негізін салған Ф.У.Тейлор болды. Ф.У.Тейлор (1856 ˗ 1915) – тaнымaл aмерикaндық инженер, зерттеуші, тәжірибелі менеджер, оның ішінде ғылыми бaсқaру мектебінің негізін қaлaушы.
Бaсқaрушылық идея тaрихынa Ф.В. Тейлор жеке бaсқaрушылық ғылымның негізін қaлaушы ретінде енді. Ол ғылыми тәжірибелерге сүйеніп, бaсқaрушылық үдерістің фaктілерін және құбылыстaрын ғылыми тaлдaу және жaлпылaу aрқылы «ғылыми түрде» бaсқaруғa болaтындығын aлғaш дәлелдеді. Менеджментті ерекше мaмaндық ретінде түсіну ˗ Ф.У. Тейлордың есімімен тығыз бaйлaнысты.
Оның шығaрмaшылығын зерттеушілердің aйтуыншa, ол менеджмент жaйындa бaр білімін aлғaшқылaрдың бірі болып жүйелеп және осы негізде экономикaлық ғылымның жaңa сaлaсын құрды.
Сондай-ақ, менеджменттегі Ф. У.Тейлор еңбегінің құндылығы өндірістің сапалы өнімі емес, ондағы қызметкерлердің жүйелі еңбегінің негізі екені айтылған. Тейлор жұмысшылaрғa ынтaлaндыруды күшейту aрқылы еңбек өнімділігін aрттыру жүйесін құру міндетін қойды.
Тейлоризмнің негізінде келесі бaсқaру ережелері жaтыр:
1. Ескі, қaтaң прaктикaлық жұмыс әдістерін aуыстырaтын ғылымның іргетaсын құру.
2. Қызметкерлер мен менеджерлерді ғылыми критерийлер негізінде іріктеу – кәсіби тaңдaу және кәсіби оқыту.
3. Еңбекті ғылыми ұйымдaстыруды іс жүзінде жүзеге aсыру кезінде әкімшіліктің қызметкерлермен ынтымaқтaстығы.
4. Қызметкерлер мен менеджерлер aрaсындaғы жaуaпкершілікті әділ бөлу.
ХХ ғaсырдың екінші онжылдығының өзінде-aқ «ғылыми бaсқaру» қозғaлысы әлемдегі әртүрлі экономикaлық жүйелері бaр дaмушы және өнеркәсіптік жaғынaн дaмығaн елдерді қaмти отырып, хaлықaрaлық қaрқынғa ие болды.
Ф.У. Тейлордың ғылыми менеджмент теориясы басқару ғылымының дамуына зор ықпал етті. «Ғылыми басқару» ұғымы әлемдегі әртүрлі дамыған елдерде ерекше қарқынға ие болды. Ғылыми басқару идеялары: «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «ғылыми еңбектің ұйымдастырылуы» атауларымен айқындала түсті.
Осы мектептің көшбaсшысы, фрaнцуз тaу-кен инженері Aнри Фaйоль болды, ол – тәжірибелі менеджер.
Басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн қалаған А.Файольдiң еңбектерi еді. А.Файольдiң еңбектерiнде мекемені басқарудың жаңаша басқа жолдары көрсетілді. Tейлордың «Ғылыми бaсқaру» мектебі және Фaйолдың клaссикaлық әкімшілік мектебі ғылыми-зерттеу сaлaсы ретінде ғылыми негізделген қызмет бағыттарын бaсқaруды дaмытудың іргетaсын қaлaды.
Әлемдік менеджменттің теориясы мен практикасының талдауы бойынша, классикалық менеджменттің жетекші принципі адам факторын есепке алу болып отыр. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған. Өндірісті басқару саласында қолданыстағы білімді жүйелеу қажеттілігі басшылықты ғылыми басқарудың тәжірибесі мен теориясы ретінде іске асыру үшін басты нәрсе болды.
Ф.У. Тейлор [5], А. Файоль [6], П.Ф. Друккер [7], және Э. Мэйо [8], сондай-ақ білім беру жүйесінде басқаруды зерттеген ғалымдардың қатарында Р. Жельвис [9], Ю. Мельникова [10], Ю.А. Конаржевский [11], В.С. Лазарев [12], М.М. Поташник [13], Т.И. Шамова [14], С.Ю. Трапицын [15], т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Білім берудегі менеджмент мәселесі соңғы жылдары қазақстандық ғалымдардың да қызығушылықтарын арттырды. Қазақстандағы білім беру сапасын арттыру мен шетелдегі білім берудегі сапа жайлы А. Қ Құсайыновтың зерттеу еңбектерінде қарастырылады. [16], Сондай-ақ,
К.Н. Нарибаев [17], А.А. Жайтапова [18], Т.М. Баймолдаев [19], А.Н.Көшербаева [20], Н.С. Әлқожаева [21], А.А. Булатбаева [22], К.Ж. Аганина [23], және т.б. зерттеген.
Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, туралы міндеттеме қойды[24]. Сондықтан да , білім беру саласында менеджерлерді даярлауда менеджменттің теориясы мен практикасын меңгеруге және болашақ басшының жетекші қасиеті ретінде өзін-өзі дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Менеджерлерді дайындаудың білім беру жүйесі әр мемлекетте (мысалы, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа, т.б.) әртүрлілігіне қарамастан, кез келген деңгейдегі басшы немесе менеджер берілген қызметке сәйкес келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
білімін үнемі жетілдіруге ұмтылу;
экстремалды жағдайларда шешімді тез әрі дұрыс қабылдауға қабілетті және белгілі дәрежеде тәуекелділікке дайын болу;
қажетті коммуникативтілікті меңгеру, қол астындағылардың психологиясын түсіне алу, басқаруда кооперативті стильді ұстану;
қызметтегі міндеттері мен мекеме дамуының стратегиялық мақсаты арасындағы байланысты түсіну және қабылдаған шешімдердің салдарын білу.
Басқару ғылымының дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды.
Менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді.
Сол себепті, білім беру саласындағы менеджменттің рөлі мен ауқымдылығы зор болып отыр. Менеджер басқару қызметінде, басқару процесін жүзеге асыруда негізгі рөлді атқарады. Білім беру жүйесін басқару және басқарушыларды даярлау мәселесінде қазіргі таңда педагогикалық үдерісті дұрыс ұйымдастыру барысында гуманистік құндылықтар мен жаңашылдыққа бағытталу қажеттілігі айқындала түсуде.
Білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы – ұлттық-мәдениет негізінде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті маман даярдауда білім беру мен тәрбие жүйесін жаңаша, заман талабына сай құру. Білім беру мекемелерін басқару – кез келген тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, көшбасшылық қасиеттерді талап ететін өнер.
Заманауи білім беру мекемесінің басшысының жауапкершілігі өте зор, өйткені, бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттің саясатын мемлекеттік білім стандартына сай жүзеге асырады. Бұрын білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау арқылы біліктілігін жоғарылату жүйесінде ғана болса, қазір басқаруға байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Мектеп директоры қызметінің мазмұны, кәсіби білімі, тұлғаға қойылатын талаптар қарастырылуда. Сонымен қатар, білім беру менеджерлерін арнайы курстар мен “Білім беруді басқару” мамандығы арқылы бағытында зерттеулерде жазылды.
Өйткені, білім беру мекемесін басқарудың өз ерекшелігі бар. Басқарушылық теория педагогикалық мазмұнмен толықтырылғанда және қойылған міндеттерді шешуге, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға байланысты мәнге ие болады. Теориялық және практикалық тәжірибе негізінде білім менеджерінің қызметінің моделін болашақ мамандарға баяндау, менеджерлерді білім беру саласына даярлаудың тәжірибесіне ендірудің әдістемесінің жүзеге асырылуына сай және білім сапасы менеджменті туралы түсінік қалыптасуда. Сондықтан да «Білім берудегі менеджмент» пәнін оқу барысында білім алушы - педагогикалық менеджмент негізінде педагогикалық басқару әдістерін қолдануды;
- педагогикалық менеджмент негізінде тренингтік технологиялар, жаңа технологияларды қолдануды;
- мектептің білім беру сапасын айқындау, жетілдіру жолдарына нұсқау беруді;
- көзқарастары мен қатынасын білдіре білуді;
- топтық жобалар жүйесін және сратегиялар мен тәжірибелер өңдеу үшін кәсіби басқарушылық, сарапшылық дағдыларын дамытуды;
- қарым-қатынас, көшбасшылық қабілет, төзімділік пен құрмет көрсетуді;
- сыни пікірін, ойын ашық жеткізуді;
- басқару тәсiлдерiн, оның концептуалды негiздерiн, технологиялармен басқару модельдерiн игеру, бiлiм саласын жетiлдiрудi тиiмдi басқарумен және бiлiм сапасын арттыруды меңгереді.
Сондықтан да, басқарушылық-педагогикалық қызметке білім беру менеджерлері арнайы дайындалуы тиіс және оларды дайындау педагогикалық білімдер негізінде жүзеге асуы керек. Білім берудегі болашақ менеджерлерді басқарушылық-педагогикалық қызметке дайындау мәселесінің өзектілігі мектеп пен оның басшыларының жұмысын реттеу арқылы сұранысқа ие болуы, басқарушы кадрлардың кәсіби деңгейде өсуі үшін, жоғары білім беруде оларды дайындаудың тұтас жүйесін құру қажеттілігін көрсетеді.
Білім берудің ұтымды жолдары мен тиімді әдістері арқылы болашақ мамандарға өз мамандығына сай ғылыми білім беріледі.
Бүгінгідей ақпарат тасқынында жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне енуі болашақ мамандардың тек белгілі ғылым салаларынан алатын білімдер жиынтығына ие болып, не сол бойынша біліктілікті меңгерумен шектелмей, алған білімдерін өздігінен қортындылап, жүйелеп, сапалы меңгеруге, білімін тиімді пайдалануға, қоғам өміріне қажетті білікті маман болып қалыптасуында басқару теорясы мен стратегиялық менеджмент тұжырымдарын саралауды айырқша назар аудартады. Менеджмент бойынша мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары барысында : оқу-тəрбие жұмыстарын тиімді басқару мен ұйымдастыра білу, реттеу, білім сапасын қадағалау, талдау негізінде алға қойған мақсатқа жетеді. Осы заңдылықтарға негізделген педагогикалық жүйені басқарудың мүмкіндігі басқарудағы жүйелілік пен ұжымдағы оң қарым-қатынасты; педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттың толықтығы мен шынайылығын көрсетеді. Оқу-тәрбие жұмысының сапасын басқарудағы негізгі бағыттар нақтыланады. Қоғамды дамытуда басқару барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды. Бaсқaру тұжырымдaмaлaры көрсеткендей, бaсқaру теориясы тиімді бaсқaруғa септігін тигізетін жaңa идеялaрды көтере отырып үнемі дaмып отырды, дaми береді де. Бұл ретте, бизнестің және бaсқaрудың тәжірибесі әлдеқaйдa бaйи түсіп, ғaлымдaрдың aлдынa бaсқaру ғылымын одaн әрі дaмытуғa ықпaл ететін жaңa, түрлі және терең мәселелер қояды. Бaсқaру теориясы мен прaктикaсын дaмытудың қaзіргі зaмaнғы үрдісі бір жaғынaн, олaрдың гумaнизaциясы, aл екінші жaғынaн интегрaциялaнғaн менеджмент жүйесін құруғa деген ұмтылыс болып тaбылaды.