Әл-фараби атындағы



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі128,17 Kb.
#17175
1   2   3   4   5
Тіршілік үшін күрес
Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер:


  1. Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі;

  2. Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.

«Күрес» ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес. Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн.

Тіршілік үшін күрестің формалары






Түраралық күрес

Түрішілік күрес

Қолайсыз орта жағдайларымен күрес




Түраралық күрес. Әртүрлі түрге жататын даралар арасында жүреді. Мысалы: түлкілердің қояндарға шабуылы (жыртқыштық), қасқыр мен түлкі жемтігі үшін таласады (конкуренция-бәсекелестік), діңқұлақ пен ағаш (паразитизм).





Түрішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасындағы күрес. Мысалы: екі ақ аюдың өз тамағы үшін күрес (конкуренция).


Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес. Құрғақшылықпен, суықпен, нөсермен т. б. күрес. Мысалы: көптеген өсімдіктер қары аз, аязды суықтарда қырылып қалады, сонымен қатар аяз кезінде топырақта тіршілік ететін көп ағзалар қырылады.



Табиғи сұрыпталу
Табиғи сұрыпталу - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. Эволюция теориясы 1858 жылы Чарльз Дарвин және Альфред Рассел Уоллеспен ұсынылды.


  1. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді

  2. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді.

  3. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады.

  4. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ.

  5. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.

  6. Қоршаған орта мен популяцияда тепе - теңдік сақталады.

  7. Жаңа түрлер пайда болады.


Табиғи сұрыпталудың формалары


  • Қозғаушы сұрыпталу залалсызданған рецессивті мутациядан тұратын моболизденген резервін ашады. Залалсызданған мутация және оның сәйкес келуін сұрыпталуды іске асырады. Жаңа фенотиппен генотип пайда болады. Осы сұрыпталу нәтижесінде фенотипі мен генотипі бойынша айырмашылықтары бар, жаңа орта формадағы, өзгерген жағдайға неғұрлым сәйкес келетін популяциядағы дарақтар пайда болады. Жәндіктер улы химикаттарға тұрақты келеді.

  • Дизруптивті сұрыпталу. Бұл жерде қозғаушы сұрыпталу кезінде қандай процесс болды, сондай болады. Бұл сұрыпталу ағзаның орта норма реакциясының ауытқуынан екінші бір ағзаға қысым көрсетіледі.

  • Жыныстық сұрыпталу - Түрдің көбеюі, ұрпақтарының ары қарай өсіп-өніп тіршілігін қамтамасыз ететін, тіршілік үшін күресте реңдерінің әдемілігімен , әрекеттерінің белсенділігімен , тіршілікке икемділігімен күштілерді жеңеді. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зиянды жері де бар. Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауыл аталықтарының әдемі ұзын қауырсындары ұшуына кедергі жасайды, әрі оларды жаулары тез байқайды. Бұғы аталығының үлкен мүйізі қатты жүгіруіне кедергі келтіреді. Жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде жетілген мүйіздері, ит тістері, иісті бездері, жарық шығаратын мүшелері жыныстық айырмашылықтарын көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет