әЛ-ФАРАБИ атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Түр және оның критерийлері. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрестің формалары. Табиғи сұрыпталу формалары. Мысалдар келтіру.
Орындаған: Жангелдінқызы А
Топ: ББП 18-02
Қабылдаған:Исаева Н.Б
Түр және оның критерийлері. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі болып табылады. Кезінде К. Линней (1735) негізін қалайтын еңбек жасағанымен күні бүгінге дейін бұл ұғымға жалпы мақұлданған ғылымда анықтама жоқ.
Қазіргі замандағы көбірек қолданылатын түсінік мынау: түр- бұл сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас, біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып - популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен бұдан түзбейтін дарақтардың тобы.
Түрлер бір-бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |