Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауидің саяси көзқарастары



Дата01.10.2022
өлшемі3,88 Mb.
#41036
Байланысты:
саясаттану


Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауидің саяси көзқарастары
Дайындаған:Дүйсен Әсем
Жұмабаева Айым
Тоқтарова Сабина
Әбу Насыр Әл-Фараби
Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар.
Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс.
Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Жүсіп Баласағұни
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын , философ, қоғам қайраткері болған. Ол туралы мағлұматтарды біз оның өзінің
негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік) дастанынан білеміз. “Құтадғу білікте мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген.
Махмуд Қашғари “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады.
Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді.
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап)” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Яссауи ілімі осы саяси- әлеуметтік, тарихи шарттарға байлынысты қалыптасты.
Назарларыңызға рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет