Оператормен келісе отырып, тәлімгерлер мен көшбасшыларды іріктеу және оларды тағайындау;
Қатысушылардың деңгейлердің талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру;
растау құжаттарын қоса бере отырып, таңдалған деңгейлердің шарттарын табысты орындаған қатысушылардың тізімін шығару және оны операторға жіберу.
Жеткізушінің функциялары
қызмет бағыттары бойынша қатысушыларға қызметтерді жеткізу.
Оператор ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарау;
үміткерлердің нәтижелерін бағалау;
Қатысушыларды тиісті дәрежедегі «Елбасы медалі» үздік белгісімен марапаттау үшін, ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдау;
Тәлімгердің функциялары
Тәлімгер Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің түйіндемесін толтырып, оны Бағдарлама орталығының қарауына қалдырады;
Тәлімгер қатысушы аккаунтында көрсетілген деректерге ашық қол жеткізе алады;
Тәлімгер қатысушының өзімен және оның заңды өкілдерімен де, сондай-ақ, қатысушының тұратын жерінің жағдайымен, оның дене және менталдық денсаулығымен алғашқы болып тікелей танысуды жүргізуге міндетті;
Тәлімгер қатысушыға Бағдарламаға қатысу тәртібі, бағыттар, есеп беру формасы, көтермелеу және басқа да жағдайлар бойынша талаптар туралы жеке нұсқаулық жүргізеді;
Тәлімгер Бағдарламаға қатысушының спорттық секцияларға, үйірмелерге, еріктілер іс-шараларына қатысу мониторингін айына кемінде бір рет жүргізеді, бұл ретте 18 жасқа толмаған қатысушы өзінің спорттық секцияларға, үйірмелерге, еріктілер іс-шараларына қатысуын ата-аналарымен (қамқоршыларымен) келісуі тиіс;
Тәлімгер қатысушымен бірге жеке қатысу кестесін жасайды, онда сабақтардың түрлері, ұзақтығы, сондай-ақ, Бағдарламаның әрбір бағыты бойынша нормативтер анықталады;
Тәлімгер өз аккаунты арқылы әр қатысушымен байланыс жасап, әдістемелік қолдау көрсете алады;
Тәлімгер қатысушының жеке кестесіне сәйкес оның есептерін тексереді, сондай-ақ, оны растайды немесе тапсырманы қайта орындауды талап ете алады;
Тәлімгер өз аккаунты арқылы өзіне бекітілген қатысушылардың ілгерілеуін қадағалайды және олардың әрқайсысына журнал толтырады;
Тәлімгер қатысушының күнделігін толтыру барысын тексеріп, қажет болған жағдайда қатысушыға көмек көрсетуі керек;
Тәлімгер күнделік толтырмаған, Бағдарлама шарттарын орындамаған, байланысқа шықпаған қатысушымен өзі байланысқа шығуы тиіс;
Тәлімгер Бағдарлама деңгейі аяқталғаннан кейін талдау жазбаларын, сондай-ақ, оған бекітілген барлық қатысушыларға қатысты ұсынымдарды жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |