Мәселелік жағдай: Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі негізгі орынды бюджет –салық саясаты алады. Ол үкімет арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджет деп мемлекеттің аппаратын, қорғаныс күштерін қаржыландыру және әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешу үшін мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын айтамыз.
Іскерлік ойын мақсаты – бюджет –салық саясаты арқылы бюджет тапшылығы деңгейін мен инфляция қарқынын төмендету және тұрақты экономикалық өсуге жету.
Тапсырмалар: 1. Шағын және орта бизнеті дамытудағы үкіметтің фискалды саясатының ролі;
2.Үкіметтің әлеуметтік саясатты жүргізуді жетілдіру жолдары мен кедейшілікпен күрес.
Тақырыпты ашу және өткізу әдістемесі топтық сипатқа негізделген. Іскерлік ойынды орындау үшін топ студенттері екі командаға бөлінеді. Әрбір команда үш-төрт адамнан құралуы тиіс. Олар кейс бойынша дайындалған тапсырмалар мен таратылатын көрнекілік материалдарды алады. Материалдармен танысқаннан кейін әр команда өз ұстанымын таңдайды: I команда– Оппозиция, II- команда– Үкімет, ал қалғаны- халық немесе бағалаушы көрермендер болады. Бір адам спикер, яғни пікір- таласты жүргізуші болуы қажет.
Әрбір команда ең алдымен, өздерінің таңдаған ұстанымы (оппозиция немесе үкімет) бойынша баяндама жасауы тиіс (оған 3-5 минут беріледі). Тапсырмаларды орындау кезінде әрбір командадан өз командасының шешімін ортаға салып, түсіндіру үшін бір студент сайланады. Оның жауабы жазбаша түрде көрсетілуі тиіс және де талдау кезіндегі студенттің ауызша жауаптары нақтылы, үйлесімді және жинақы болуы тиіс. Әр команданың баяндамасы тыңдалынып болған соң, ондағы келісетін және келіспейтін жақтарына тоқталуы тиіс. Тапсырманы орындау кезінде екі команда да қойылған сұрақтарға жеке- дара, өздерінің таңдаған ұстанымы (оппозиция немесе үкімет) бойынша пікір-талас жүргізіп, кезек – кезек жауап береді. Әр сұраққа жауап беру үшін командаларға 5-10 минуттан беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін әр команда өздерінің тұжырымдамаларын ортаға салып, талдауға салады. Әр команда өз пікірінің дұрыстығына айғақтар келтірулері керек және де оларды дәлелдеулері тиіс. Соңында пікір- таласқа қатыспаған студенттер тақырып бойынша және қатысушылардың пікірі бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір- таласты бағалайды. Тапсырманы орындауда белсенділік көрсеткен, берген жауаптары нақтылы әрі айқын және дұрыс болған студенттерге 2-3 баллдан беріледі.