Елек өзенi мен оның салаларының су қорғау
аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы
Ақтөбе облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 20 сәуiрдегi № 127
қаулысы. Ақтөбе облысының Әдiлет департаментiнде 2009
жылғы 18 мамырда № 3294 тiркелдi
"Ақтөбе" 02.06.2009 ж., № 67 (19.129); "Актюбинский
вестник" от 02.06.2009 г., № 66 (18.881)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi
Су кодексiнiң 39, 116-баптарына, Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және
өзiн- өзi басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18
мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен
белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы"
нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу
Тiзiлiмiнде № 11838 тiркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе
облысы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда – Ақтөбе
облысының әкiмдiгiнiң 20.12.2016 № 536 қаулысымен
(алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. 1 қосымшаға сәйкес, бекiтiлген жобалық
құжаттамасы негiзiнде Елек өзенi мен оның салаларына
(Жарықтың, Көктөбенiң, Тамдының, Табанталдың, Есеттiң,
Жақсықарғалының, Тәнiрбергеннiң, Жамансуды, Ақсуды) су
қорғау аймақтары мен белдеулердiң бекiтiлген жобасы
белгiленсiн.
2. 2 қосымшаға сәйкес, Елек өзенi мен оның
салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде
шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға жол берiлмейтiн
шарттар тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкiмдерi:
су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шекараларын
нақтылы түрде көшiрудi, жердi есепке алу құжаттамасына
өзгерiстер енгiзудi және осы жұмыстардың жүргiзiлуiне
тұрақты бақылауды қамтамасыз етудi жүзеге асырсын;
су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шегiнде
құрылыс және басқа арнайы қажеттер үшiн аумақты бөлу
мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 тармақтарының
талаптарын қатан сәйкесте жүргiзсiн.
4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың, ауылдық
(селолық) округтердiң әкiмдерi, су қорғау аймақтары мен
белдеулерiнiң шегiнде орналасқан пайдаланылуында жер
учаскелерi бар, ведомстволық тиесiлiлiгi мен меншiк
нысанына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, басқа
да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшыларына,
олардың санитарлық жай-күйiн тиiстi дәрежеде күтiлуiн
және шаруашылық жүргiзу режимiнiң сақталуын қамтамасыз
ету ұсынылсын.
5. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ
(Ж.И.Иманқұлов) жобалық құжаттарды Елек өзенi және оның
салаларының ластануына, қоқысталуына жол бермеу және су
қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң аумағын пайдалану
режимiн сақтауды қамтамасыз ету iс-шараларын әзiрлеу
үшiн Ақтөбе қаласының, Алға, Қарғалы, Мәртөк және
Мұғалжар аудандарының әкiмдiктерiне, мемлекеттiк
уәкiлеттi органдарға тапсырсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң
бiрiншi орынбасары I.Қ. Өмiрзақовқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланғаннан 10
күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi
Е.
Сағындықов
Ақтөбе облысы
әкiмдiгiнiң
2009 ж. 20
сәуiрдегi
№ қаулысына 1
қосымша
Елек өзенi мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен
белдеулерi
"Елек өзенi мен оның салаларының су қорғау
аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу" бекiтiлген жобалық
құжаттамасына сәйкес бекiтiледi:
Елек өзенi мен оның Жарық, Көктөбе, Тамды,
Табантал, Есет, Жақсы Қарғалы, Тәңiрберген, Жамансу,
Ақсу сияқты салаларының су қорғау аймағының енi
көпжылдық орташа межелiк деңгей кезiндегi деңгейден
тасқын су кезеңiндегi көпжылдық орташа су деңгейiне
дейiн және қашықтықты қосқанда 500 метр;
Елек өзенi мен оның салаларының бастаулары,
сондай-ақ бұлақтар үшiн су қорғау аймақтарының енi 50
метр;
Ақтөбе салалық су қоймасының су қорғау аймағының
енi, көп жылдық орташа межелiк деңгей кезiндегi
деңгейден тасқын су кезеңiндегi көп жылдық орташа су
деңгейiне дейiн және қашықтықты қосқанда 1000 метр. Су
қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты толық деңгей
кезiндегi су деңгейiнен өтедi.
Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшiн су
қорғау аймағының енi акваториясы 2 ш.м. дейiн болса 300
метр және акваториясы 2 ш.м. астам болса 500 метр;
Батпақтардың су қорғау аймақтарының енi 300 метр;
Бағалы өндiрiстiк балықтардың уылдырық шашу
орындарын қорғайтын ормандардың тыйым салынған
белдеулерi орналасқан Елек өзенi бассейнiнiң
учаскелерiнде су қорғау аймақтарының енi осы
белдеулердiң енiне тең, бiрақ белгiленген су қорғау
аймақтарының енiнен кем емес;
Қалалар мен елдi мекендер аумақтарындағы су
қорғау аймақтарының мөлшерi мен шекаралары бекiтiлген
бас жоспарға сәйкес және ағынды канализациялар мен
жағалаулықтар болуына қарай жобалау мен құрылыс салудың
нақты шарттарын негiзге ала отырып;
Орталықтандырылған шаруашылық - ауыз сумен
қамтамасыз ету көздерi үшiн санитарлық қорғау аймақтары
орналастырылған учаскелерде су қорғау аймақтарының
мөлшерi мен шаруашылық жүргiзу режимi санитарлық
қағидалармен және нормалармен;
Жоғары жақтан ағатын су бетi сулары (өзен
аңғарларының бұрмалары, жол-көлiк желiсi, бөгеттер,
орман алқаптарының шетi) Елек өзенi бассейнiнiң су
нысандарына келу мүмкiндiгiнен айыратын табиғи және
жасанды шептер мен кедергiлер су қорғау аймақтарының
шекараларымен Елек өзенi мен оның Жарық, Көктөбе,
Тамды, Табантал, Есет, Жақсы Қарғалы, Тәңiрберген,
Жамансу, Ақсу сияқты салаларының, Ақтөбе салалық су
қоймасының су қорғау белдеулерiнiң енi – 50 метр, (одан
бетер - аумақтың су нысанына iргелес жатқан жердiң
түрiне және баурайларының тiктiгi жобаның 6.1-1 кесте).
Су қорғау белдеулерiнiң шекаралары онжылдық кезеңдегi
жағалауларды болжамдық өңдеу енiне ұлғаяды.
Жағалауды бойлай ағаш-бұта белдеулерi немесе
қорғаныс және жағалауды бекiтетiн құрылыстар болған
кезде бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау
белдеулерiнiң енiн 10 метрге азайтылуына рұқсат
етiледi.
Аса бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Елек
өзенi бассейнi су айдыны учаскелерi үшiн су қорғау
белдеулерiнiң енi (уылдырық шашатын орындар, қыстау
шұңқырлары, шырланатын учаскелер) iргелес жатқан жердiң
еңiстiгiне және сипатына қарамастан кемiнде 100 метр
қабылданады.
Қалалар мен елдi мекендер аумақтарының шегiндегi
су қорғау белдеулерiнiң шекарасы оларды су нысанының
ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын жағалау
аймақтарын мiндеттi түрде инженерлiк немесе орман
мелиорациялық (жақтаулар, опырылған ағаш-бұта
аймақтары) жайластырған кезде жобалау мен құрылыс
салудың нақты шарттарын негiзге ала отырып белгiленедi.
Табиғи
ресурстарды қорғау және
ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар
бөлiм бастығы
Қ.Аязов
Ақтөбе облысы
әкiмдiгiнiң
2009 ж. 20
сәуiрдегi
№ 127
қаулысына 2
қосымша
Елек өзенi мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен
белдеулерi шегiнде шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға
жол берiлмейтiн шарттар тiзбесi
1. Су қорғау аймақтары шегiнде мыналарға жол
берiлмейдi;
1) авиациялық- химиялық жұмыстар жүргiзуге;
2) зиянкестермен, өсiмдiктер ауруларымен және
арам шөптермен күреске химиялық құралдарды қолдануға;
3) топырақты тыңайту үшiн көң-қи ағындарын
пайдалануға;
4) улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар және
жанар-жағар май материалдарының қоймаларын, мал
шаруашылығы кешендерiн және фермаларды, өнеркәсiптiк,
тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын жинап қою
және көму орындарын, зираттар және мал қорымдарын,
ағынды су жиналғыштарды жайластыруға;
5) көң мен қоқысты жинауға;
6) автокөлiктердi, тракторларды және басқа
механизмдердi жөндеуге және жууға, май құюға;
7) 3 градустан жоғары құламалы күз жанындағы
аумақты және 100 метрден кем емес судан қорғау
аумағының көлемiнде жаңа саяжай және бау-бақша
учаскелер орналастыруға;
8) көлiк құралдарының тоқтайтын орындарын, соның
iшiнде саяжайлық және бау-бақшалық учаскелердiң
аумақтарында жайғастыруға;
9) басты мақсатта пайдаланымдағы ағаштарды кесудi
жүргiзуге;
10) су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған
ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен
жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласында жергiлiктi атқарушы органдармен
және уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, ғимараттарды,
имараттарды, коммуникациалар мен басқа да объектiлердi
жүргiзу, қайта құрылымдауға, сондай-ақ пайдалы
қазбаларды өндiру жөнiндегi жұмыстарын, жер қазу және
басқа да жұмыстарына.
2. Су қорғау белдеуi шегiнде су қорғау белдеулерi
үшiн белгiленген шектеулерден басқа мыналарға жол
берiлмейдi:
1) жерлердi жүйелi жыртуға;
2) тыңайтқыштарды пайдалануға;
3) шайылған топырақтардың орнына топырақ
үйiндiлерiн жинақтауға;
4) мал жаюға, малға арналған жазғы лагерьлердi
салуға (дәстүрлi суаттарды пайдаланудан басқа) малды
тоғытуға арналған астаулар орнатуға;
5) маусымдық стационарлық шатырлар қалашығын
орнатуға;
6) саяжай және бау-бақша телiмдерiн
орналастыруға;
7) жеке тұрғын үй, саяжай және басқа құрылыстар
үшiн телiмдер бөлуге;
8) өткелдер мен жолдар салуға;
9) арнайы мақсаттағы техникадан басқа,
автомобилдердiң, тракторлар мен механизмдердiң
қозғалысына жол берiлмейдi.
10) арнайы мақсаттағы, су жинау, суды реттеу,
қорғау ғимараттары мен имараттарының және басқа да
имараттарының құрылысын салуға;
11) су өткiзбейтiн сырып тастаушы құралдармен
жабдықталмаған аула iшiлiк құрылыстарды қалалар мен
елдi мекендерде пайдалануға;
12) су қоймалары мен олардың су қорғау
белдеулерiнiң ластануының алдын алатын имараттармен
және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген нысандарды
пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Су нысандарының жағаларына тығыз қабысып
жатқан жеке және заңды тұлғалардың қызмет етiп тұрған
саябақтық және үй жанындағы учаскелерi, бау-бақшалары
жер учаскелерiн пайдалануға құқы бар деген мемлекеттiк
актiсi болған кезде және олар бұл аймақта шаруашылық
қызметтi қатаң түрде шектеу режимiн сақтаған жағдайда
су қорғау белдеулерiнiң шегiнде қалады.
4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнен жер
учаскелерiн жаңадан берудi жергiлiктi атқарушы органдар
су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау
және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында
арнайы уәкiлеттiк берiлген органдармен келiсiле отырып
жүргiзiледi.
Табиғи
ресурстарды қорғау және
ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар
бөлiм бастығы
Қ.Аязов
Достарыңызбен бөлісу: |