Электр энергетика


Су электр станциясының ерекшеліктері



бет2/7
Дата19.12.2023
өлшемі9,62 Mb.
#140901
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
станция под станция

1. Су электр станциясының ерекшеліктері:
1. Су қоры бар жəне құрлысқа қолайлы жерде салынады. Əдетте, СЭС-ның салынған жері тұтынушылардың орналасқан жеріне сəйкес келмейді.
2. Өндірілген электр энергиясының айтарлықтай бөлігіне жоғары кернеулі (110- 500 кВ) электер желісіне береді.
3. Ерікті графикпен жұмыс істейді.
4. Жоғары маневрлі станцияға жатады. Себебі, гидротрубинаны жұмысқа қосу жəне электр жүктемесін алу небəрі 3-5 минутқа созылады.
5. Пайдалы əсер коэффициенті жоғары (η = 0,85).

Сурет -1. Деривациалық су электр станциясының жалпы сұлбасы


1– канал. 2 – қысым туғызатын бассейн. 3 – турбинаға су жеткізетін құбыр. 4 – СЭС үйі. 5 – өзен арнасы. 6 – бөгет.

Сурет -2. Су қысымын жасау сұлбасы а) бөгет арқылы; б) деривациялық канал арқылы.





б) су торабының сұлбалық жоспары. 1 – судың жоғарғы деңгейі. 2 – судың төменгі деңгейі. 3 – бөгет. 4 – бетоннан жасалған біртұтас плотина. 5 – станция үйі. 6 – су турбиналары. 7 – турбиналарға су жеткізетін тесіктер. 8 – турбинадан шығатын суларды қашықтыққа жеткізетін трубалар. 9 – бір камералы шлюз. 10 – кеме жүретін жоғарғы канал. 11 – кеме жүретін төменгі канал.

Сурет – 3. Өзеннің арнасына салынатын су электр станциясының сұлбасы а) қысым тудыратын сұлба.


2. Су электр станциялары. Технологиялық процесiнің сұлбасы

Су электр станциясы судың механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендiретiн қондырғылар болып табылады.


Гидротурбиналар су электр станцияларында электр генераторларының бастапқы қозғалтқыштары болып саналады, онда судың потенциалды жəне кинетикалық энергиялары генераторларды айналдыруға қолданылатын механикалық энергия ретiнде қолданылады.


Сурет – 4.1– бөгет. 2 – су турбинасы. СЖД – судың жоғары деңгейi; СТД – судың төменгi деңгейi; Н – су қысымының биiктiгi


Су электр станциясында электр энергиясын өндiрудiң технологиялық сұлбасы


Гидротурбинаның қуаты (оның бiлiгiндегi пайдалы қуаттылық) гидротурбина арқылы өтетiн су мөлшерi мен қысым шамасына байланысты
РГ =1000 · Q · H · ηC · ηT кгм/с
мұнда, Q – турбина арқылы өтетiн су мөлшерi, м3 /с;
Н – су қысымының шамасы (құлдырай ағу биiктiгi), м;
ηC – су берiп тұратын құрылғылардың пайдалы əсер коэффициентi;
ηT – гидротурбинаның пайдалы əсер коэффициентi (0,88-0,94 орта жəне үлкен қуатты гидротурбиналарға арналған)

Су электр станцияларының халық шаруашылығындағы мəнi мынада:


1. Су электр станциялары мəңгi жəне үздiксiз жаңаланып отыратын су ағыстарының энергетикалық ресурстарын пайдаланып, халық шаруашылығының басқа да мұқтаждарын өтеу мақсатында отынды үнемдейдi.
2. Су электр станциялары еңбектiң жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
3. Су электр станциялары арзан электр энергиясын бередi, бұл əрине олардың жоғары экономикалық нəтижелiгiн көрсетедi.
4. Су электр станциялары энергожүйелердiң сенiмдiлiгi мен жылдамдығын арттырады.
5. Су электр станцияларының су қоймалары су ресурстарын комплекстi түрде пайдалануға мүмкiндiк бередi

Қазақстанның ең iрi гидроэнергетикалық объектiлерi:


1. Жоғары Ертiс өзенiндегi Өскемен су электр станциясы – 332 МВт (4 агрегат).
2. Жоғары Ертiс өзенiндегi Бұқтарма су электр станциясы – 675 Мвт (9 агрегат).
3. Iле өзенiндегi Қапшағай су электр станциясы – 434 МВт (4 агрегат).
4. Сырдария өзенiндегi Шардара су электр станцияы – 100 МВт.
5. Ульба өзенiндегi Ульба су электр станциясы (1937 ж. салынды) – 27,6 МВт.
6. Алматы каскадты су электр станциясы – 47 МВт (10 ГЭС iшiндегi).
7. Лениногор каскадты су электр станциясы (Ульба, Хориузов, Тишинск).
8. Шульба су электр станциясы – 702 МВт (6 агрегат×117 МВт).
9. Шарын өзеніндегі Мойнақ су электр станциясы (2 агрегат 150 МВт).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет