Электр энергетикалық жүйе



бет1/4
Дата04.09.2023
өлшемі1,2 Mb.
#106044
  1   2   3   4
Байланысты:
1 тарау лекция


Электр энергетикалық жүйе.

Қалалармен ауылдық жерлердегі, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығы мен әскери объектілердегі тұтынушыларды (электр энергиясын қабылдағыштарды) электр энергиясымен коректендіру үшін қуатты электр энергиясының көзі - электр станциялары,сол сияқты энергия көзінен тұтынушыға дейін, электр энергиясын жеткізетін электр желісі болу керек.


Энергетикалық жүйе (энергожүйе) деп, электростанциялар, электр және жылу тораптарының жиынтығын айтады.
Энергожүйелердің электрлік бөлігін және одан қоректенетін электр энергиясының қабылдағыштарымен қоса алғанда, оларды электр энергетикалық жүйе (ЭЭЖ) деп атайды.
ЭЭЖ жеке электр станцияларына қарағанда, өзінің тораптарымен бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда, олар:

  • Тұтынушыларды электрмен қамтамасы етудегі сенімділігінің айтарлықтай жоғары болуы;

  • Жөндеу және апат жағдайында жұмыс жүргізудің жеңілдігі;

  • Жекеленген электр станцияларының агрегаттарының қуаттарын пайдаланудың жақсаруы және олардың үнемділігінің артуы;

ЭЭЖ – сі негізінде күш элементтері, өлшеу элементтеріжәне басқару ұралдары деп аталатын үш топтан тұрады.
ЭЭЖ –інің негізгі күш элементтері:

  • Электр станцияларының электр энергиясын генерациялайтын агрегаттар

  • Токтар мен кернеулерді түрлендіретін элементтер – трансформаторлар, түзеткіштер

  • Электр энергиясын алыс қашықтықтарға беру элементтері – электр беру желісі

ЭЭЖ – інің өлшеу элементтері - өлшеу құралдарын қосу үшін арналған ток және кернеу трансформаторлары, басқару және реттеу құралдары.
ЭЭЖ - інің басқару құралдары – ЭЭЖ – інің жұмысы мен схемасын бсқаруды жүзеге асыратын автоматикалар, реттегіштер, релелік қорғағыштар және байланыстар.
ЭЭЖ – інің негізгі элементтері мен олардың жүктемелерінің қосылған құрамы, әрбір уақыт мезетіндегі. ЭЭЖ – інің жұмыс істеу режімін сипаттайтындығымен түсіндіріледі. Режім, өз кезегінде, режімнің параметрлерімен, атап айтқанда, олар: электр энергиясын өзгерту, беру, тарату және тұтыну процестерін анықтайтын кернеулердің, токтарының қуаттардың, жиіліктердің мәндерімен анықталады. Егер, бұл параметрлер уақыттың қандай да бір интервалында өзгермесе, онда ЭЭЖ – інің режімі қалыптасқан, ал егер олар өзгерсе, онда - өтпелі деп атайды. ЭЭЖ – інің режімін басқару апатқа қарсы автоматикалық құрылғы және автоматтық реттегішпен жүзге асырылады, алада, ең бастыс оны арнайы құрылған қызметтің қызметкерлері – диспетчерлік басқарма атқарады.
Энергетика өндірістің элементі ретінд ЭЭЖ – інің үш арнайы ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  1. ЭЭЖ – інде электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну іс жүзінде бір уақыт мезетінде іске асырылады (энергияны жинап аккумуляциялауға болмайды);

  2. ЭЭЖ – інде электромагниттік процесстер өте үлкен жылдамдықпен өтеді: қосу, ажырату, қысқаша тұйқтау және т.б. секундтың ішінде, тіпті секундтың үлесіндегі уақытта өтеді;

  3. ЭЭЖ – і қалалардың, елді мекендердің тіршілігін қмтамасыз етуде, өндіріс пен көліктің ойдағыдай жұмыс істеуіне терең байланста болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет