Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата14.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#107768
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm

Кернеуі 1 кВ дейінгі тарату құрылғыары
ережеге сай бір жақты қызмет 
жасайтын қалқанмен Щ070 жинақталады. Олардың номенклатурасында 
сызықтық, ендірме, секциялық, арнайы және аралас панельдер бар [14]. 
Щ070 панелінен басқа өзіндік қажеттілік панельдері ПСН, 
сақтандырғыштары бар күштік пункттер СП және СПУ, ПР-21 және ПР-9000 
сериялы автоматты ажыратқыштары бар тарату құрылғысы, «Электрон» 
автоматы бар шкафтар, ЩС күштік шкафтар, ШР релелік шкафтары 
пайдаланылады. Жарықтандыру құрылғылары үшін ШВ ендіру шкафы бар, 
панельдердің аппаратары мен шкафтары әртүрлі және толтыру сұлбасының 
стандарттарында көрсетілген. 
Кернеуі 1 кВ дейінгі тарату құрылғысын қарау кем дегенде 3 айда 1 рет 
жасалады. Техникалық қызмет барысында тарату құрылғысын шаң тозаңнан 
тазалайды. Аппараттарды шаң тозаңнан тазалау қақпақтарды немесе 
қаптамаларды алып тастап сығылған ауамен үрлеу арқылы жасалады. 


22 
Аппараттардың металл корпустары немесе қаптамаларында жерлендіру 
орындарын қарайды және бұрандалардың тартылып тұрғанын тексереді. 
Аппараттардағы контактілі қосылудың бектілгенін тексереді. Контактілер 
қарайған, еріген біркелкі емес болса, ашып металл жылтырағанша тазалап 
қайтадан жинайды. 
ПУЭ сай құрылғысынан электр қабылдағышқа дейінгі, кернеуі 1 кВ 
дейінгі электр сымдары бекітілген мерзімде және ақау болғанда жоспардан тыс 
оқшауламаның кедергісін өлшеу арқылы сыналады. Электр сымдарының 
оқшауламасының рұқсат етілген ең төменгі кедергісі 0,5 МОм. Өлшеу 
мегаомметрмен жасалады, электр қаблдағыштар, аппараттар, аспаптар 
ажыратылған болуы керек, ал жарықтандырушы электр сымдарындағы 
лампалар алынады, ашалы розеткалар, ажыратқыштар мен топтық қалқандар 
қосылған күйде қалады. Оқшауламаның кедергісін өлшеуден бұрын электр 
құрылғыны босатады, ол жұмысшыларды қалдық сыйымдылық зарядынан түсу 
мүмкіндігінен сақтайды. Дәл осындай босату өлшеуден кейін жасалады. 
Кернеуі 1 кВ төменгі тарату құрылғыларында электр сымдарынан бөлек 
релелік қорғанысты, электр автоматиканы, телемеханика мен екіншілік 
тізбекке қызмет жасалады. Толықтай жоспарлы тексеру күштік қондырғылар 
мен сәйкес екіншілік тізбектің жөндеуімен бірге орындалады. Тексерудің 
жиілігі жергілікті нұсқаулықпен жасалады. Осы құрылғылардың дұрыс іске 
қосылмауы мен жұмыс жасамауы орын алса қосымша тексеру жасалады.
Релелік қорғаныс, электр автоматикасы, телемеханика мен екіншілік тізбек 
элементтері құрылғыларындағы жұмыстарды арнайы оқудан өткен 
қызметкерлер жасайды. 
РҚАжТ тізбектері мен паенльдерінде жұмыс жасардан бұрын шаңнан 
тазаланады және де қондырғыны қате ажыратпаудың шаралары жасалады және 
ұстағышы оқшауланған құралдармен жасайды. 
Мұндай жұмыстарды атқарушы сұлбасыз жасауға рұқсат етілмейді. 
Сонымен қатар релелік аппаратураның шайқалуына алып келетін жұмыстарды 
жасауға болмайды, себебі реленің жалған жұмыс жасауына әкелу мүмкін.
Ток трансформаторының екіншілік тізбегін айыруға болмайды егер 
екіншілік орамды тұйықтайтын арнайы қысқаштар болмаса [2]. 
Тарату құрылғыларындағы релелік қорғаныс, электр автоматикасы, 
телемеханика мен екіншілік тізбек элементтері (РҚжА) пайдалануға берілетін 
кезде және жоспарлы тексеруде ПУЭ сай сыналады:
- оқшауламаның кедергісін өлшеу; 
- өндірісті жиіліктегі жоғары кернеумен сынау; 
- автоматты ажыратқыштардың қызметін тексеру; 
- автоматты ажыратқыштар мен контакторлардың жұмысы оперативті 
токтың номиналды және төмендетілген кернеуінде тексеріледі; 
-қорғаныс өшіру құрылғысы (УЗО) мен дифференциалды ток 
ажыратқышы (ВДТ) зауыт дайындаушының нұсқауымен тексеріледі; 
- релелік қорғаныс аппаратураны тексеру; 


23 
- әртүрлі оперативті ток шамаларында барлық жиналған сұлбаның дұрыс 
жұмысын тексеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет