66
Трансформатордың кернеуін жүктелген кезде реттеу жүйесінің қызметі
шламды алып тастау мен қосқыштардың контактісіндегі оксидті қабатты алып
тастауға жасалған. Кем дегенде жылына бір рет қосқыштарды сағат тілімен
және керісінше 15-20 рет ауыстырып жасайды.
КТҚС қызмет етудің жұмысы көбінесе коммутациялық аппаратар бар күштік
трансформатор мен жоғары және төменгі кернеудегі тарату шкафтарын қарау
мен күтімге бағытталған [2].
КТҚС қараудың жиілігі қосалқы стансаның жұмыс жағдайына,
коммутациялық аппаратураның жұмыс жасау жиілігіне, қоршаған ортаның
температурасына, шаңдығына байланысты бекітіледі. КТҚС қарау кірістегі
және шығыстағы кернеу алынып тасталған кезде жасалады. Қарау кезінде
қосалқы стансаның барлық құрылғыларын шаң мен балшықтан тазартады,
бұрандалық, дәнекерлеу және басқа қосылуларды тексереді, қажет болған
жағдайда барлық металл жабындылардың тотығуға қарсы қабатын қорғайды
және қалпына келтіреді.
Дайындаушы-зауыт әдетте пайдалануға енгізгеннен бастап 12-24 айдың
ішінде тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін сақтаған кезде, КТҚС
қалыпты жұмысына жауапкершілік алады.
Қалыпты режимде жүктеме тогы зауыт нұсқауылығында көрсетілген
шамадан аспауы керек. Апаттық режимде кәсіпорынның нұсқаулығына сай
трансформаторды уақытша асқын жүктеуге рұқсат етіледі, осы кезде
таратылатын КТҚС желілері автоматтар мен аралас ажыратқыштармен
қорғалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: