Электр тоғының жұмысы мен қуаты



Дата09.01.2022
өлшемі460,42 Kb.
#23909
Байланысты:
жұмыс пен қуат

Электтр тоғының жұмысы мен қуаты.

Джоуль- Ленц заңы.

Жұмыстың мақсаты:

а) Токтың жұмысы мен қуатын анықтайтын форму-лаларын және Джоуль – Ленц заңын меңгерту; ә) Есептеулерде токтың жұмысы мен қуатын және оларға тәуелді шамаларды анықтауды, Джоуль-Ленц заңын қолдануды үйрету; б) Ұқыптылыққа, дәлдікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Электр тогының жұмысы

  • Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.

A=qU; I=q/t

  • Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:
  • A=IUt

    егер I=U/R; U=IR; A=IUt=I2Rt=U2/Rt=Q

  • SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді.
  • 1 Дж = 1А·1В · 1 с
  • Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады

R=R1+R2


егер I=U/R; U=IR; A=IUt=I2Rt=U2/Rt=Q

Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін A=I2Rt

Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt

=

=



Токтың қуаты

Энергетикалық шартты бағалау үшін жұмыстың қаншалықты тез орындалатынын (уақыт бірлігі ішінде) білуіміз керек, яғни қуатты анықтауымыз қажет. Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:

P=A/t=IU

егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R

1 Вт=1 Дж/с, 1 Дж =1 Вт*с

1 Вт∙сағ. = 3600 Дж

1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж

1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.

Жұмыстың өлшем бірлігі, Халықаралық жүйеде —Джоуль (Дж), қуаттыкі - ватт (Вт).

Джоуль- Ленц заңы.

Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:

Q=I2Rt


Ағылшын физигі Джеймс Джоуль

(1818-1889) 

Ресей физигі

Эмилий Христианович Ленц

(1804-1865)

Электр тогының жұмысы

A

Дж

А=IUt

Электр тогының жұмысын есептеу үшін – ток кұшінің, кедергінің уақыттың шамаларын өзара көбейту керек

Электр тогының қуаты

P

Вт

P=IU=U2/R=I2R

Токтың қуатын есептеу үшін – ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек

Джоуль – Ленц заңы

Q

Дж

Q=I2Rt

Жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадратын, кедергіні, уақытты өз ара көбейту керек

Фомулалары

1. Электр тізбегіндегі кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?

А. Ток күші .В. Кернеу .С. Кедергі. Д. Жұмыс. Е. Қуат.

2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?

А. 2 Ом В.10 Ом .С. 4 Ом. Д. 18 Ом .Е. 3 Ом.

3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?

АТізбектей .В. Аралас. С. Параллель.Д.Біртіндеп. Е. Тізбектей және біртіндеп

4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?

АТізбектей. В. Аралас. С. Параллель .Д.Біртіндеп .Е. Параллель және біртіндеп

5. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?

А. 0,7 А. В. 700 А. С. 7000 А. Д. 0,007 А. Е. 0,07 А.

6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?

А. R=U/I .В. R=UI.C. R=I/U. Д. R=ρS/L. Е. m=kIt.

7. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?

А. психрометр. В. термометр.С. амперметр.Д. конденсатор. Е. трансформатор.

8. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?

А. Греция .В. Англия .С.Ресей. Д. Франция. Е.Италия.

9. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

ААмперметр, тізбектей В. Амперметр, параллель С. Вольтметр, тізбектей.

Д. Вольтметр, параллель Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.

10. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?

А. 120 В .В. 220 В .С.360 В. Д. 380 В. Е. 36 В


Есептерді шығар

  • Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900 Вт. Электрқозғалтқыш 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар. (Жауабы:R=475 Ом)
  • Әрқайсысы 6 В кернеуге, 0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2 мин жанды. Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар? (Жауабы: А=432 Дж)

Электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.(Жауабы:3 А.)

  • Электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.(Жауабы:3 А.)
  • Егер велосипедтің шамындағы кернеу 4 В және ол 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсаса, онда шамдағы ток күшін есептеңдер. (Жауабы: 0,2 А.)
  • Электр құралы 45 мин ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай? (Жауабы: 2,4 Ом.)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет