Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Жалпы және теориялық физика кафедрасы
ЭЛЕКТР
Зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар
3 бөлім
Павлодар
УДК 531(07)
ББК 22.2я7
М 55
С. Торайѓыров атындаѓы ПМУ ѓылыми кењесі ±сынѓан
Рецензент:
Физика, математика ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Биболов Ш.К.
Құрастырушылар: Маралбаева М.Б., Досумбеков К.Р., Искакова А.Б.
М55 Электр: зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар. Б. 3. – Павлодар, 2006. – 32 б.
Методикалық нұсқауда «Физика» пєні бойынша зертханалыќ ж±мыстарды орындауѓа ±сыныстар келтіріледі, ж±мыстыњ маќсаттары кµрсетілген.
Методикалық нұсқау техникалыќ жєне технология мамандыќтары мен оларды дайындау баѓытыныњ типтік оќу баѓдарламасына негізделіп жасалынѓан. Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігініњ №541 б±йрыѓымен 2002 ж. 10 шілдесінен бекітіліп, іске асырылды.
УДК 531(07)
ББК 22.2я7
© Маралбаева М.Б., Досумбеков К.Р., Искакова А.Б., 2006
© С. Торайѓыров атындаѓы Павлодар Мемлекеттік Университеті, 2006
Кіріспе
Методикалық нұсқау жалпы физика курсының «Электр» бөлімі бойынша ЖОО-ң физика-математика, инженерлі-техникалық және жаратылыстану-ғылымдары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге зертханалық сабақтарды дайындауы үшін арналған. Методикалық нұсқау студенттерді физикалық аспаптармен тереңірек танысуы, сонымен қатар нақты өлшеулердің негізгі әдістерін игеруіне көмектеседі. Бұл оқулыққа 5 зертханалық жұмыс енгізілген, олардың әрқайсысы қысқаша теориялық кіріспеден, зертханалық қондырғылардың схемаларынан, өлшеулерді жүргізу әдістерінен тұрады. Зертханалық жұмыстардың сипаттамасынан кейін қажет әдебиеттер тізімі келтірілген.
Осы оқу құралын пайдалану студенттердің «Физика» пәні бойынша білім деңгейін, сонымен қоса әдістемелік жабдықтау мен зертханалық сабақтарды жақсартуда көп көмегін тигізеді.
№30 зертханалық жұмыс.Электрөлшеуіш құралдар
Кіріспе
Әрбір зертханалық жұмысты орындау үшін элеткр тізбегін құру қажет. Электр тізбегін өткізгіш сымдар, R сыртқы жүктеме немесе тұтынушы, ток көзі және электр өлшеуіш құралдар құрайды. 30.1 суретті қараңыз.
E – ішкі кедергісі r-ге тең ток көзі;
R – сыртқы кедергі;
СА – ауыстырып-қосқыш;
PA – амперметр;
PV – вольтметр.
30.1 сурет
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтаған дұрыс:
рубильниктер мен ашаларды (вилканы) оқытушының немесе лаборанттың тексеруінсіз іске қоспаңыз
ток жүріп тұрған тізбекте қайта жалғауларды жүргізбеңіз
тізбектің оқшауланбаған (изоляцияланбаған) бөліктерін ұстамаңыз
тогы бар электр тізбегін бақылаусыз қалдырмаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |