Электрлік өлшеулер және аспаптар Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі24,94 Kb.
#117902
  1   2   3
Байланысты:
Электрлік өлшеулер және аспаптар


Электрлік өлшеулер және аспаптар
Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы .

Электр аппараттарын пайдаланғанда токты, кернеуді, кедергіні, қуатты, жиілікті, электр энергиясының шығымын өлшеуге тура келеді, Ол үшін әртүрлі электр өлшеуіш аспаптарын қолданады.


Өлшеу дегеніміз - арнайы техникалық құралдар көмегімен физикалық шамалардың мәнін анықтау.
Өлщеуіш аспаптардың жұмыс істеу принциптерін, олардың атқаратын міндетіне байланыссыз, былай түсіндіруге болады: электр тогы аспап аркылы жүріп айналдыру моментін туғызады, айналдыру моментінің әсерімен спираль серіппесінің 2 қарсы әрекетін жеңеді, қозғалатын бөлік бұрьшына бұрылады (4.1 - сурет). Бұл жерде нұсқама тіл 3 шкала 4 бойы мен қозғала отырып өлшенетін шаманы көрсетеді. Аспапты ажыратқаннан соң айналдыру моменті жоғалады, қозғалатын бөлік серіппенің серпімділігінің салдарынан алғашқы орнына қайта оралады.
Пайдалану жағдайына байланысты аспаптың қозғалатын бөлігі тез тынышталуы керек. Бұл ауалы немесе магниттік тыныштандырғышымен іске асырылады. Ауалы тыныштандырғышта (4.2,а- сурет) қозғалатын бөлігін тежеу үшін тыныштаңдырғыш камерасындағы ауаны сығу немесе сирету салдарын пайдаланса, магниттік тыныштандырғышында магниттік тежеу принципін пайдаланады (4.2, б-сурет).



4.1-сурет Электр өлшеуіш аспаптың 4.2-сурет. Тыныштандырғыш құрылысы:
қозғалмайтын бөлігінің құрылысы 1-ауалы тыныштандырғыш камерасы,
2-поршень, 3-тұрақты магнит


Физикалық шаманың мәні - физикалық шаманың мәнін қабылданған өлшем бірлігі түріндегі сан түрінде бағалау.
Тікелей өлшеу - тікелей тәжірибе барысында физикалық шаманың мәнін өлшеу.
Жанама өлшеу - тікелей өлшенетін физикалың шама мен қажетті өлшенетін шаманың өзара тәуелділігін қолдана отырып өлшеу тәсілі.
Өлшеу қцралдары - өлшеуге арналған нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдар.
Өлшеу аспабы - өлшеу ақпарат сигналын қабылдауға ыңғайлы пішінге түрлендіретін өлшеу құралы.
Абсолют дәл аспаптар болмайтындыктаң, аспап көрсетулерінін. нағыз өлшенетін шамадан айырмашылығы болады. Аспаптардын көрсетуі мен өлшенетін параметрдің нақты мәнінің айырмашылығы абсолют кателігі деп аталады.
Абсолют қателігінің өлшенетін параметрдің нақты мөлшеріне қатынасы аспаптың салыстырмалы қателігі деп аталады үсал = == ( ).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет