Антенналық торлар (АТ)- белгілі бір тәртіппен орналасқан бір немесе бірнеше когорентті қорек көздерімен қоздырылған ұқсас сәуле шығарушы элементтер жиыны. АТ-да қарапайым сәулелендіргіш ретінде симметриялы немесе симметриялы емес вибраторлар, волноводты саңылаулар, т.б қолданылады. АТ-да антенна элементтері әртүрлі орналасуы мүмкін. Егер сәулелендіргіштердің фазалық орталығы (фазовый центр) бір осьте болса, тор сызықты деп аталады, ал егер бір жазықтықта болса, тор жазық деп аталады. АТ элементтерінде (элементтер тобында) күшейткіш құрылғылар болмаса, АТ пассивті деп аталады. Егер элементтерінде қуат күшейткіштері (таратқыш АТ)немесе азшуылды күшейткіштер (қабылдағыш АТ) болса, АТ активті деп аталады. Кеңістіктен келген сигналды АТ шығысынан алу үшін АТ-дың барлық элементтерінен келген сигналдарды когорентті қосу керек. Бұл қызметті жіберу тізбектерінен, басқару жүйелерінен және сигналдарды суммалайтын құрылғыдан тұратын АЖЖ (СВЧ) тракты элементтері негізінде жасалған түрлендіргіш жүйе атқарады. Антенналық торлардың функционалды қабілеттері олардың радиолокацияда, байланыс техникасында, радиоастрономияда эффективті қолданысына алып келді.
Орналасуы бойынша АТ: