ЭЦҚ алу тәсілдері:
Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) өтінімді ресімдеп, ЭЦҚ-ны ала аласың.
Үйде отырып тіркелгің келсе, www.pki.gov.kz (1-сурет); www.eGov.kz (2-сурет) сайттары арқылы алуға болады.
1-сурет. pki.gov.kz порталы
2-сурет. eGov.kz орталы
pki.gov.kz – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сай . ҰКО құрудың негізгі мақсаты – элек-трондық үкімет сервистерін, түрлі бизнес-құрылымдардың ақпараттық жүйелерін қолдану кезінде, сондай-ақ электрондық пошта хабарламаларын қорғау үшін, Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары үшін сенімді аутентификация мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну.
ЭЦҚ-мен байланысты негізгі ұғымдарды қарастырайық.
Электрондық цифрлық қолтаңба сертификаты – сертификат иесіне ЭЦҚ ашық кілтінің (тексеру кілтінің) тиесілі екендігін растайтын құжат. ЭЦҚ сертификатын ҰКО шығарады, ол электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын берумен және қызмет көрсетумен айналысады. «Тексеру кілті сертификаты» немесе «ашық кілт» термині бұл құжатта электрондық қолтаңбаның жабық кілтінің иесі туралы деректер, оның ішінде қол қойған куәландырушы орталық жөніндегі деректер бар екендігін білдіреді.
Сертификат берген куәландырушы орталық ондағы деректердің дұрыстығы үшін жауап береді.
ЭЦҚ сертификатының иесі – Ұлттық куәландырушы орталықта атына ЭЦҚ сертификаты берілген жеке тұлға. Әрбір сертификат иесінің қолында жабық және ашық екі ЭЦҚ кілті бар.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті (ЭЦҚ кілті – RSA файлы...) электрондық қолтаңбаны жасауға әрі электрондық құжатқа қол қоюға мүмкіндік береді. Сертификат иесі жабық кілтті құпия сақтауға міндетті.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті (ЭЦҚ тексе-ру кілті – AUTH файлы) ЭЦҚ-ның жабық кілтімен байланысты әрі ЭЦҚ-ның түпнұсқа екенін тексеруге арналған.
Егер ЭЦҚ қолданғың келсе, алдымен ашық кілтті қолдана отырып, өзіңді аутентификациялауың керек, ал қолтаңба жабық кілттің көмегімен қойылады.
ЭЦҚ алу үшін:
NCАLayer программалық қамтамасыз етілімін орнату;
онлайн өтінім беру;
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-да онлайн өтінімді растау (ХҚО);
ҚР ҰКО (Ұлттық куәландырушы орталық) тіркеу куәліктерін орнату және өзіңе ыңғайлы форматта ЭЦҚ алу керек.
Жеке тұлғалар үшін түрлі ыңғайлы форматтарда ЭЦҚ алу мүмкіндігі қарастырылған (1-кесте):
Кесте
Достарыңызбен бөлісу: |