Электронды үкімет Саинова Жансая Нұрбек Аяулым
Ғылыми жетекші:Сактаева.А.А Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан
e-mail:@sainova11.ru,ayaulymnurbekovva@mail.ru
«Электрондық үкімет» - деген не және оның халық үшін қандай пайдасы бар? Ақпараттық технологиялар күнделікті өмірізде маңызды рөлге ие болғалы қашан. IT мемлекеттік басқару процесіне үйлесімді енгені соншалық, онсыз бүкіл жүйенің жұмыс істеуін елестету қиын. Мемлекеттік билік органдары мен халық арасындағы сандық өзара іс-қимылды ұйымдастыру әлемдік тәжірибеде электрондық үкімет жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол e-Government деп аталады.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру процесін "электрондық үкімет" құру деп атау қабылданған.
"Электрондық үкімет" - бұл ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға, оның ішінде Интернет желісі арқылы қызмет көрсетуге барынша бағытталған мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тетігі."Электрондық үкімет" азаматтардың мемлекеттік билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен тікелей және ашық диалогын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сайып келгенде кез - келген дәрежедегі және мәртебедегі мемлекеттік органдағы әрбір басшымен диалогты "электрондық үкімет" қолжетімді қылып ғана қоймайды, сонымен қатар интерактивті етеді.
"Электрондық үкіметті" құру-бұл субъективті фактордың әсерін төмендете отырып, мемлекеттік қызметшіні қарапайым халыққа жақындату тәсілі. Шенеунікпен қарапайым азаматтың электрондық қарым – қатынас түрімен байланысуы, азаматтың өз мәселесінің шешілу процесін өзі қадағалап, бақылауға мүмкіндік алуы, - міне, «электрондық үкімет» құрудың мақсаты және бұл жеке тұлғалардың да бизнес – құрылымдардың да қалауы еді.
2003 жылдың қыркүйегінде Еуропалық комиссия электрондық үкіметтің маңызын атап өтекеле, оған мынадай анықтама берген еді:"электрондық үкімет азаматтар мен бизнеске тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру құралы болып табылады. Ол: бір жағынан - қызмет көрсету көлемін кеңейтіп және олардың сапасын арттыра отырып, екінші жағынан-ресурстарды үнемдей отырып , мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жеңілдетеді және мемлекеттік секторға қарама - қайшы талаптарды орындауға көмектеседі.
"Электрондық үкіметті" енгізу мемлекет үшін сыбайлас жемқорлық сияқты зиянды құбылыстың азаюына ықпал етті, мемлекеттік құрылымдардың ашықтығын арттыра түсті және мемлекеттік органдағыларға өтініш қалдыру жеңілдеді.