https://aues.edu.kz/kz/students/diplom-one?institute_id=3
https://ru.essays.club/submit.html
Электронды оқулықтарды әзірлеуде Autoplay Media Studio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі: Қазіргі таңда әлемде мемлекеттің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы объективті ақпарат адам капиталының интеллектуалдық өлшемі арқылы анықталады. Бәсекелестіктің жоғарғы қабілетіне жету үшін заманауи, әрі тиімді білім беру жүйесін қолдау керек.
Қазақстан Республикасы Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында ғылым және білім беру жүйесін жетілдірумен байланысты сауалдар маңызды орын алады - бұл Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі. Н.Ә. Назарбаев білім беру жүйесін жаңғырту кезінде оқыту үдерісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, негізгі педагогикалық білім беру стандарттарын күшейту, мектеп пен ЖОО оқытушылар біліктілігін арттыруының талаптарын күшейту сияқты шараларды жүзеге асыру керек екендігін белгіледі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (бұдан әрі – ЭОЖ) қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылып тұр. Қойылған тапсырманы шешу арқылы оқыту сапасы, білім беруді басқару тиімділігі, сыртқы ортамен ақпараттық интеграция артады.
Білім берудегі цифрлық білім беру ресурстарын елеусіз қолдануға қарамастан, оқытудың оңтайлы жүйесін таңдау және жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру және мұғалімдердің цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру мәселесі әлі шешілмеген. Сондықтан мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолдану және білім беру мекемесінің ақпараттық ортасын әзірлеу тәжірибесіне жетуге бағытталған практикалық, жобалық әрекеттерді талап ету қажет.
Цифрлық білім беру ресурстарын енгізу қарапайым оқу үдерісінен ақпараттық қызметін білетін, орындаушылық пен шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыра алатын, қазіргі заманғы ақпараттық орта жағдайындағы шешімдер қабылдай алатын және дайын білімді сіңіріп қана қоймай, ізденетін тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да біз таңдаған диплом тақырыбы өзекті мәселе ретінде қарастырылады
Зерттеу нысаны – цифрлық білім беру ресурстарын құру бойынша оқыту процесі.
Зерттеу пәні – цифрлық білім беру ресурстарын құру бойынша электронды оқыту курсын әзірлеу.
Диплом жұмысының мақсаты – Articulate Storyline ортасында мультимедиа курстарды әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқауларды құрастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу жұмысына төмендегідей міндеттер қойылды:
зерттеу тақырыбы бойынша цифрлық білім беру ресурстарына шолу жасау;
Цифрлық білім беру ресурстарын құру талаптарына талдау жүргізу;
Цифрлық білім беру ресурстарының дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеу;
Мультимедиа көмегімен студенттердің танымдық белсенділігін дамыту әдістері қарастыру;
Articulate Storyline бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстыру;
Articulate Storyline негізінде цифрлық білім беру ресурсын құрастыру.
Зерттеу тақырыбы бойынша ұсынылатын ғылыми болжам: егер цифрлық білім беру ресурстары білім беру процесінде пайдаланылса, бұл оқұшылардың, студенттердің қызығушылықтарын арттырып, білім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері. Ұсынылып отырған жұмыста жалпылау, жүйелеу, талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы келесідей:
цифрлық білім беру ресурстарын дамыту бойынша электрондық оқыту курсының құрылымы анимациялық, интерактивтік және тест блогы тәжірибелік материалдарды қамтиды.
цифрлық білім беру ресурстарын құруда қойылатын талаптар сипатталған.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы зерттеу материалдарын практикалық қолданысқа дейін жеткізілуінде:
Articulate Storyline ортасында цифрлық білім беру ресурсын құрастыруға арналған электронды оқыту курсы әзірленді.
Оқыту курсы цифрлық білім беру ресурсын құру жайында тәжірибелік жұмыстарды, видеоматериалдар мен кіші жобаларды қамтиды.
Диплoмдық жұмыстың құpылымы: диплoмдық жұмысты кipiспe, 2 тapay, қopытынды, пайдаланылған әдeбиeттep тiзiмi мeн қoсымшa құрайды.
Бірінші тарауда цифрлық білім беру ресурстарды құру бойынша теориялық материалдар қарастырылды
Екінші тарауда білім беру ресурстарын қалыптастырудың педагогикалық аспектілеріне шолу жүргізілді.
Электронды оқулық құралының негізін мыналар құрайды:
Достарыңызбен бөлісу: |