Электронды оқулықты білім беру саласында қолдану қажеттілігі



бет1/2
Дата14.02.2022
өлшемі27,34 Kb.
#25514
түріОқулық
  1   2

2.1 Электронды оқулықты білім беру саласында қолдану қажеттілігі

Білім беру үдерісі ең алдымен оқу жоспарларын, бағдарламаларды, көрнекі оқу құралдарын, оқулықтарды қазіргі заман талабына сай етіп отыруды көздейді. Жаңа оқу бағдарламаларын оқытылатын пәннің сұрақтары мен көлеміне қарай айқындайды, қажетсіз, тым күрделі деген жерлерін алып тастап, әрбір білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып жасайды.

Қазiргi кезде нақты айқын болып отырған жайт, бiз жоғары оқу орындарында қаншама қажеттi жəне пайдалы бiлiм бергенiмiзбен, адам оны үнемi толықтырып отыруға тура келедi; сондықтан да қазiргi педагогикалық жəне қоғамдық-саяси əдебиеттерде «кредиттік түрде білім алу», «мамандықты үздіксіз жетiлдiру», «электрондық кітапхана», «электрондық оқулық» ұғымдары кездесетiнi тегiн емес.

Автоматтандыру адам еңбегiнiң басым көпшiлiгi өндiрiстiң дайындық сатысына, айталық, техниканы басқару, бағдарламалау, жобалау, конструкциялау, зерттеу жəне басқа салаларға өтуiне байланысты. Қазiргi уақытта автоматтандыруды жүзеге асыруда мультимедиaлық технологиялар қолданылады. Əрине, бұл технологиялар адамды өндiрiстiк үрдiске қатысудан толығымен босатады деген сөз емес. Бұл жерде мəселе техникалық прогрестiң өсуiне байланысты адам физиологиялық мүмкiндiгi шектеулi физикалық дене ретiнде, өндiрiстiң технологиялық үрдiсiнен босатылатыны жөнiнде болып отыр. Бұл фактiнiң өзi ҒТП мүмкiндiгiнiң аса кеңейiп, қоғамның тiршiлiк əрекетiнiң барлық салаларында адамды ауыр дене жұмыстарынан, қатты қалжырататын, жалықтыратын бiркелкi ақыл-ой қызметтерiнен босатады. Функциялардың осылай қайта бөлiнуiне байланысты материалдық өндiрiсте шешушi рөлдi адамның физикалық қуатын жұмсау емес, күрделi өндiрiстiк мiндеттердi шешуде адамның шығармашылық қабiлетi басты рөл атқаратын болады. Бұл ұғымында өндiрiстi автоматтандыру, ең алдымен, «адам – техника» жүйесiнiң шегiндегi технологиялық қатынастардың өзгеруiнiң сипаттамасы есебiнде байқалады. Əрине, адам рөлiнiң қоғамдық өндiрiстiң өзгеруi технологиялық қатынастардың қайта құрылуымен шектелмейдi. Оның терең əлеуметтiк мəнi бар. ҒТР мəнi оны əлеуметтiк процестермен өзара байланысында қарағанда ғана түсiнiктi болуы мүмкiн.

 Баспа негізіндегі дəстүрлі оқулық төрт жүз жылдай қолданылуда жəне білім беру процесінде орны бөлек. Бірақ қазіргі кезде электронды оқулықтың маңызы өсіп жатыр.

Электронды оқулықты құру үрдістері дербес компьютерлер шыққаннан бастап жүргізілді, бірақ алғашқы дербес компьютер мүмкіншіліктері тек жеке оқу-əдістемелік жəне дидактикалық тапсырмаларды жүзеге асырды. Мысалы, ХХ ғасырдың 90 жж. жеке мектеп пəндері бойынша педагогикалық бағдарламалық құрал пакеттері жобаланды. Олар тренажерлер, репетиторлар, модельді эксперимент, тестілеу, шешімдерді интерактивті қабылдау жəне т.б. қызметтер атқарды. Аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету дамыған кезде баспа негізіндегі оқулыққа ұқсас электронды оқу құралын құру мүмкіндігі пайда болды. Бірақ мұндай электронды версиялардың дəстүрлі оқулықтан ешқандай айырмашылығы жоқ, керісінше, дисплей экранынан мəтінді оқу көздің тез шаршауына əкелді.

Қарапайым оқулықта барлық ақпарат мəтін жəне график түрінде көрсетіледі. Электронды оқулықта барлық мультимедиалық технологияларды тиімді қолдануға болады.

Біріншіден, электронды оқулық мəтінін түрлі-түсті ерекшеленген шрифтімен (жартылай қалың, курсив, асты сызылған) жазуға болады. Арнайы символдарды, пиктограммаларды көптеген əр түрлі əліпбилерді (кириллица, латиница жəне т.б.) қолданумен математикалық формулаларды жəне мəтіндерді бір тұтастыққа қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Екіншіден, əр түрлі графикалық бейнелерді (суреттерді, фотоларды, кестелерді, гистограммалар мен үш өлшемді бейнелерді) жеңіл құруға болады. Осының барлығын қозғалысқа келтіруге болады.

Үшіншіден, нақты ақпарат, сурет, басқару батырмалары блогына жəне т.б. қатынау барысында жаңа дауыстық бейнелерді немесе дауыс сигналдарын қолдануға болады. Автономды режимде дауыстық клиптарды қоюға, динамикалық процестерді дауыстауға болады.

Төртіншіден, білім беру қажеттілігіне дайындалып, магнитті тасымалдаушыларда жəне фотопленкада сақталған бейнематериал, бейнебаяндарды қолдануға болады.

Бесіншіден, мультимедиалық технологиялар анимацияларды, суреттерді «шығаруға», мəтінді жəне оқулықтың басқа да объектілерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл технология эксперименталды жұмыстарды визуалды түрде көрсетуге, қауіпті тəжірибелерді жүргізуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет