Электростатика


Екі параллель токтардың өзара әсерлесуі



бет35/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция (2)

Екі параллель токтардың өзара әсерлесуі. Ампер заңын қалауымызша орналасқан тогы бар екі өткізгіштің өзара әсер күштерін анықтау үшін қолдануға болады. Бір – бірінен d ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын, түзу сызықты параллель өткізгіштерде І1 және І2 токтары болсын. Бұлардың әрқайсысы өз маңында магнит өрісін тудырады да, олар Ампер заңы бойынша бір – біріне әсер етеді.

9-сурет



Айталық І1 тогы бар өткізгіштің магнит өрісіне І2 тогы бар өткізгішті алып келсек, онда І1 токтың магнит өрісінің күштері І2 токтың dl элементіне әсер етеді (9 – сурет). Ампер заңына сәйкес І1 ток тарапынан 1 , ал І2 ток тарапынан dF2 күштері бір – біріне әсер етеді.
Енді І2 ток тарапынан токтың магнит өрісіне әсер етуші 1 күшін анықтайық:
.
Ал В1 магнит индукциясының мәнін (9) өрнекке сәйкес былай жазамыз ()
.
Сөйтіп осы В1 – дің мәнін алғашқы формулаға қойып, күшті есептейміз:

Дәл сол сияқты І1 ток тарапынан І2 токтың магнит өрісіне dF1 күші әсер етеді, осыны табайық:
.
Ньютонның үшінші заңы бойынша dF1 - dF2 , яғни dF1=dF2 = dF болады. Олай болса, екі токтың арасындагы әсер күші мынаған тең:
(10)
Сөйтіп, шексіз ұзын түзу сызықты параллель екі өткізгіштің элементіне арналған өзара әсер күш өтіп жатқан токтардың көбейтіндісіне тура пропорционал да, олардың ара қашықтығына кері пропорционал болады. Өткізгіштердегі токтардың бағыттары қарама – қарсы болған жағдайда да күштердің мәндері осылай табылады, тек олар бір – бірінен тебіледі.
Сонымен Ампер түзу токтардың өзара әсерінен мынадай заңдылықтарды ашты:
1) Бағыттас параллель токтар бір – біріне тартылады.
2) Бағыттары қарама – қарсы токтар бір – бірінен тебіледі.
3) Параллель емес токтар, бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.
Ампер күшінің өлшемінен ампер (А) қабылданған.
Яғни, ампер деп вакуумда бір-бірінен 1 м ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын параллель екі өткізгішпен ток өткенде олардың арасында әрбір метр – ұзындыққа 2·10-7 Н-ға тең күш әсерін туғызатын ток күшін айтады. Олай болса, (10) формуладағы магнит тұрақтысы -дің мәнін табу үшін І12=І=1A, 1м, Н, деп орнына қойсақ, мынаны аламыз:
2·10-7 Н
немесе
Гн/м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет